Тест: 3 деңгей – қолдану, талдау, жинақтау, бағалау (контекстік тест тапсырмалары


Список вопросов


1. V1 Организм оны қоршаған сыртқы ортадан, өзінің ішкі ортасынан түсетін ақпараттарды қабылдап, өңдеп, оларды бағалайды, мәнісін, мазмұны мен мағынасын айырады. Осының нәтижесі ретінде жағдайға лайықталған қарапайым-күрделі, іс-әрекеттер орындалады. Осы мүмкіндікті іске асыруды қамтамасыз ететін маманданған арнайы жүйелер анализаторлар немесе сенсорлық жүйелер деп аталады. 1. Анализаторлар жөніндегі ілімді жасаған ғалым: А. Прохаска И. В. Гельмголц С. Ломоносов М.В. Д. Павлов И.П. Е. Парин В.В. 2. Сенсорлық жүйе бөлімдерін көрсетіңіз: А. Рецептор, қыртыс асты құрылым және атқарушы мүше В.Перифериялық , өткізгіш және орталық С. Орталыққа тепкіш нейрон, ми қыртысы, орталықтан тепкіш нейрон Д.Перифериялық, аралық және қыртыс асты құрылым Е.Рецепторлар, ми бағаны, ми қыртысының ассоциативтік аймағы 3.Адам ағзасындағы талдағыштардың барлығын атаңыз: А. көру, есту, қозғалыс В. иіс, дәм сезу, тері С. Көру, есту, иіс, дәм сезу, тері,қозғалыс, вицеральді Д. Висцеральді, қозғалыс, дәм сезу. Е. Тері, дәм сезу, есту, көру

1) 1-Д, 2-В, 3-С 0
2) 1-А, 2-С,3-В
3) 1-В, 2-А, 3-Д
4) 1-Д, 2-Е, 3-А
5) 1-С, 2-Д, 3-Е

2. V1 Адамда екі сигнал жүйесі бар: 1-ші сигнал жүйесі - сыртқы ортаның табиғи әсерлері мен оларды қабылдауға қатысатын мүшелер жүйесі, ал 2-ші сигнал жүйесі – сөйлеу, сөзбен белгіленген сигналдарды қабылдауға қатысатын мүшелер жүйесі мен сөйлеумен, сөзбен байланысты ойлау қабілеттері. Болмыстың екі сигналды жүйесінің адамның өмірі, сыртқы ортамен байланысы үшін маңызы зор.Бірінші және екінші сигнал жүйелері бір бірімен тығыз байланысты. 1. Болмыстың екі сигналды жүйесі туралы ілімді жасаған ғалым? А. Сеченов И.М. В. Введенский.Н.Е. С. Павлов И.П. Д. Анохин П.К. Е. Асратян Э.А. 2.Балада 2-ші сигнал жүйесінің даму белгілері қай кезден пайда болады? А. Туылған соң алғашқы күндер В. Жарты жастан асқанда С. Екі жасқа толғанда Д. Мектепке оқуға бара бастағанда Е. Ер жеткен шақта 3. Адам баласындағы екі сигнал жүйесінің даму дәрежесіне байланысты жоғары жүйке әрекетінің қандай типтерін ажыратады? А. Ойлы, ақылды, шешен В. Күшті, өжет, жылдам С. Әдемі, сымбатты, ақылды Д.Ойлы(саналы), көркемсуретті, аралас (орташа) Е. Салмақты, ойлы, тұйық. 4. Болмыстың бірінші сигналдық жүйесінің мәнісі: А. Жануарлар үшін тән болатын нақты сигналдарды анализдеу және синтездеу В.Жануарлар және адам үшін ортақ болатын,нақтылы (тікелей) сигналдарды анализдеу және синтездеу қасиеті С. Қоршаған дүниеден шығатын нақтылы сигналдарға анализ және синтез жасау Д.Жануарлар мен адамдардың сыртқы орта тітіркендіргіштерін жинақтауы Е. Сыртқы дүниенің заттары мен құбылысын қабылдау, анализдеу, синтездеудің адамға тән қасиеті

1) 1-А, 2-С, 3-В, 4 – Е.
2) 1-В, 2-А,3-Е, 4-С.
3) 1-С, 2-В, 3-Д, 4-В.
4) 1-Д, 2-Е, 3-А, 4-Д
5) 1-Е, 2-Д, 3-С, 4-А.

3. V1 Балаларда белгілі қажетті дағдыларды тудыру үшін динамикалы стереотиптің маңызы зор. Мысалы, таңертең тұрғаннан кейін баланың өз төсегін жинауы, жуынуы, тамақтануы, т.б.дағдыларын динамикалы стереотипке айналдыру арқылы тәртіпке үйретуге болады. 1. Сонымен динамикалықстереотип дегеніміз? А. Өмір сүру барысында пайда болған жүйе В. Ми қыртысында ұзақ мерзім тұрақты әсер еткен топты тітіркендіргіштерінің біртұтас шартты рефлекторлы әрекетті тудыратын тұрақты жүйесінің жасалуы. С. Шартты тітіркендіргіштер кешені Д. Қозу мен тежелу жүйелерінен пайда болған шартты байланыстар Е. Шартты-рефлекторлық және шартсыз-рефлекторлық реакциялардың жүйелі мақсаты 2.Динамикалы стереотип адамда қай кезден бастап қалыптаса бастайды? А. Орта жастан асқанда В. Жасөспірімдік кезеңде С. Туылған соң алғашқы күндерден Д. Құрсақтық кезеңде Е. Ер жеткен шақта 3. Динамикалы стереотип ми қыртысының қандай жұмысымен байланысты? А. Өте күрделі синтездеу жұмысы В. Бірігіп (бірлесіп) әерекеттесу жұмысы С. Абстракциялық қабылдау Д. Оң және теріс шартты рефлекс жасалу Е. Сөздерге жауап реакцияларын дайындау.

1) 1-В, 2-С, 3-А
2) 1-А, 2-В,3-С
3) 1-С, 2-Е, 3-В
4) 1-Д, 2-А, 3-Д
5) 1-Е, 2-Д, 3-Е.

4. V1 Әр адамның жүйке жүйесінің тұқым қуалаған жеке қасиеттері мен өмірден алған мағлұматын, мінез-құлықтарын жоғары ж.йке әрекетінің типтері деп жинақтайды. И.П. Павлов жоғары жүйке әрекетін ми қыртысындағы қозу мен тежелудің негізгі қасиеттеріне байланысты 4 топқа бөледі. 1. Жоғары жүйке әрекеті топтарының негізіне ми қыртысындағы нерв процесстерінің жататын қасиеттері? А. Күші, лабильдігі, жылжығыштығы, теңдігі В. Хронаксия, реобаза, жылжығыштық. С Күші, теңдігі, алмасуы Д. Реобаза, сезімталдылық Е. Күші, пластикалығы, шартты рефлекстердің жасалу жылдамдығы 2.И.П. Павлов бойынша жоғары жүйке әрекетінің топтары? А. Күшті, әлсіз, орташа В. Күшті, ұстамсыз: күшті, ұстамды, ширақ; күшті, ұстамды, алмасуы баяу; әлсіз С. Ұстамсыз, ширақ, лабильді, әлсіз Д. Ұстамсыз, инертті, ширақ, әлсіз Е. Әлсіз ұстамсыз, ұстамды, меланхоликтау 3. Жоғары жүйке әрекетінің топтарын сипаттайтын нерв құбылыстарының негізгі қасиеттері қай жаста толық жетіледі? А. Бір жаста В. 2-3 жаста С. Жеті жаста Д.14-17 жас аралығында Е. 20-22 жаста.

1) 1-А, 2-С, 3-А
2) 1-С, 2-В,3-Е
3) 1-В, 2-А, 3-В
4) 1-Д, 2-Е, 3-С
5) 1-Е, 2-Д, 3-Д.

5. V1 Ес – орталық жүйке жүйесінің қоршаған ортадағы заттарды, құбылыстар мен оқиғаларды қабылдау нәтижесінде пайда болатын бейнені, ізді әр түрлі мерзімге, оларды тудырған әсерлер тоқтаған соң да сақтай алатын қасиеті. Ес арқылы организмде өмірлік тәжірибе баю және оны пайдалану жүреді. 1. Ес құралу процестері? А. Түсіріп алу, сақталу, ұмыту В. Түсіріп алу есте сақтау, еске түсіру, консолидация (нықталу). С.Түсіріп алу, сақтау, еске түсіру Д. Түсіріп алу, есте сақтау, өшу, нықтау Е. Сақталу, есте сақтау, нықтау, ұмыту, еске түсіру 2.Қысқа мерзімдік ес балада қай кезден бастап іске қосылады? А. Туылған кезде В. 3-4 айдан бастап С. Екі жаста Д. Бес жасқа толғанда Е. Жасөспірімдік кезеңде 3. Бастауыш сынып оқушыларындағы естің ерекшеліктері? А. Сенсорлық ес В. Еске сақтау жылдамдығы жоғары С. Еріксіз еске сақтау Д.Абстрактылы ес дамымаған, сөздерді жаттап алуға байланысты ес бірінші орында болады, еске сақтау жылдамдығы төменірек болады Е. Ұзақ мерзімді ес.

1) 1-А, 2-С, 3-В
2) 1-С, 2-В,3-Д
3) 1-В, 2-А, 3-С
4) 1-Д, 2-Е, 3-А
5) 1-Е, 2-Д, 3-Е