Тест: 51-100


Список вопросов


1. Мына дәуірде эксперименттік зерттеулер болған жоқ деп санауға болады:

1) Қазіргі заман
2) Жаңа заман
3) Қайта өрлеу
4) Ортағасырлар
5) Антика

2. Әлемнің классикалық емес ғылыми бейнесі жасалған уақыт:

1) ХХ ғ. ортасы
2) б.з.д. Vғ.
3) ХХ ғ. басы
4) ХVІ ғ.
5) ХVІІІ ғ.

3. Ежелгі Египет пен Вавилонда ғылымның пайда болуының себебі:

1) қоршаған дүниені тануға деген талпыныс
2) рухани қажеттілік
3) озық ойлы адамдардың қызығушылығы
4) практикалық қажеттілік
5) заттардың нағыз табиғатын тануға ұмтылыс

4. «Таным дегеніміз адамның бір кезде көрген идеяларын ойға түсіру» тұжырымы мына ойшылға тиесілі:

1) Эпикурға
2) Платонға
3) Сократқа
4) Конфуцийге
5) Аристотельге

5. Өзінің этикалық ілімін атомизм арқылы негіздеген ойшыл:

1) Зенон
2) Эйнштейн
3) Эпикур
4) Пифагор
5) Бор

6. Ортағасырлық араб тіліндегі «фәлсафа» сөзінің мағынасы:

1) дүниені рационалдық тану тәсілі
2) әдет-ғұрып
3) мұсылмандық діни ілім
4) дүниені мистикалық тану тәсілі
5) мұсылмандық құқық
6) дүниені мистикалық тану тәсілі

7. Жаңа заман философиясына қатысты:

1) Негізгі мәселесі адам болды
2) Бұл дәуірде философия діннің қызметшісіне айналды
3) Негізгі мәселесі Құдай болды
4) Бұл дәуірде философия ғылыммен бірікті
5) Антропоцентризм тән болды

8. Ф.Энгельс «Табиғат диалектикасы» еңбегінде

1) материя қозғалысының классификациясын жасаған
2) дуалистік көзқарасын дәйектеген
3) пантеистік көзқарасты тұжырымдаған
4) абсолют идеяның қозғалысын көрсеткен
5) субстанция деп идеяны таныған

9. XX ғ. екінші жартысында жасалған дүние бейнесі:

1) классикалық
2) классикалық емес
3) механикалық
4) постклассикалық емес
5) диалектикалық

10. Жалпы ғылыми әдіске жатады:

1) интервью
2) клондау
3) спектрлік талдау
4) сауалнама
5) эксперимент

11. Т.Кун ғылым динамикасында екі фазаны бөліп көрсетті: қалыпты ғылым және…

1) ғылыми теория
2) ғылыми революция
3) ғылымды жоққа шығару
4) абсолют ғылым
5) ғылымдағы тоқырау

12. Теориялар пролиферациясы принципін ұсынған:

1) У.Селларс
2) Т.Кун
3) П.Фейерабенд
4) М.Полани
5) И.Лакатос

13. Т.Кун бойынша парадигма дегеніміз – бұл:

1) аксиомалар жүйесі
2) негізінде жаңа білім жатқан логикалық ережелердің бірлігі
3) зерттеу мәселесін шешу үлгісі ретінде ғылыми қауымдастық қабылдаған модель
4) метатеория
5) фундаментальды теорияны жоққа шығаратын гипотеза

14. «Тұлғалық білім» атты еңбектің авторы:

1) И. Лакатос
2) С.Тулмин
3) П. Фейерабенд
4) М.Полани
5) К.Поппер

15. Ақиқаттың салыстырмалылығын абсолюттендіретін көзқарас:

1) релятивизм
2) интернализм
3) экстернализм
4) абсолют ғылым
5) ғылымдағы тоқырау

16. К.Поппердің эмпирикалық ғылымның теорияларын және пікірлерін демаркациялауға мүмкіндік жасайтын ұғымы:

1) рационализация
2) логикалау
3) формализация
4) верификация
5) фальсификация

17. Ғылым дамуы концепциясын Дарвиннің эволюциялық теориясы үлгісімен жасаған:

1) И.Лакатос
2) С.Тулмин
3) Л.Витгенштейн
4) М.Полани
5) П.Фейерабенд

18. И.Лакатос ұсынған ғылымды дамыту концепциясы, бұл:

1) парадигмалардың бәсекесі
2) жеке ғылыми теориялардың ауысуы
3) гипотезалардың көп болуы
4) ғылыми-зерттеу бағдарламаларының бәсекесі
5) эмпирикалық әдістерге мән бермеу

19. Техниканың табиғатын зерттеуге бағытталған философияның бөлімі:

1) Шаруашылық философиясы
2) Гносеология
3) Ғылым философиясы
4) Техника философиясы
5) Эпистемология

20. Таным туралы ілім, философияның бөлімі:

1) идеализм
2) гиллозоизм
3) аксиология
4) материализм
5) гносеология

21. Ғылыми білімнің әдістемесі белгілі философиялық көзқарастарға, философиялық принциптер мен категорияларға негізделетінін көрсететін философияның функциясы:

1) методологиялық
2) тәрбиелік
3) эстетикалық
4) гносеологиялық
5) аксиологиялық

22. Агностицизмнің өкілдері:

1) Платон, Пифагор
2) әл-Фараби, ибн Сина
3) Гегель, Маркс
4) Декарт, Бэкон
5) Кант,Юм

23. Ұғым дегеніміз:

1) затты барлық белгілері арқылы бейнелейтін ойдың түрі
2) құбылыстардың мәнді қасиеттерін бейнелейтін ойдың түрі
3) бір нәрсені сезу, түйсіну
4) заттың белгілер жиынтығы
5) зат немесе құбылыс туралы түсінік

24. Объективтік шындықты білдіретін категория:

1) Ұйыған энергия
2) Материя
3) Атомдар
4) Зат
5) Құбылыс

25. Практика арқылы тексеріліп расталған ғылыми болжам айналады:

1) жаңа технологияға
2) теорияға
3) гипотезаға
4) ғылыми мәселеге
5) ғылыми фактіге

26. Мына категория болмыстың жалпы негізін және ішкі бірлігін білдіреді:

1) Субьект
2) Құбылыс
3) Субстанция
4) Обьект
5) Атом

27. Ғылыми болжам

1) Эмпирикалық заң
2) Проблема
3) Факт
4) Гипотеза
5) Математикалық теория

28. Ойлаудың бүтіннен бөлшекке, жалпыдан жалқыға көшу жолы:

1) Синтез
2) Дедукция
3) Апория
4) Аксиома
5) Индукция

29. Теория дегеніміз:

1) Объект туралы толық дәлелденген, тұжырымдалған білім
2) Эмпирикалық жолмен алынған қорытынды
3) Ұқсастықты іздеу әдісі
4) Тіркелген құбылыс
5) Дәлелдемені қажет ететін болжам

30. Жеке тұжырымдардан жалпы тұжырым алу әдісі:

1) Дедукция әдісі
2) Модельдеу әдісі
3) Эксперимент әдісі
4) Идеализация әдісі
5) Индукция әдісі

31. Қозғалыс ұғымының мына анықтамасы ең жалпы философиялық сипатқа ие болып табылады:

1) қозғалыс – адам түйсіктерінің жиынтығы
2) қозғалыс – денелердің кеңістіктегі орын алмастыруы
3) қозғалыс – кез-келген өзгеріс, жалпы өзгеріс
4) қозғалыс – сананың ағымы
5) қозғалыс – физикалық-химиялық процестер

32. Танымның сезімдік формасы:

1) Түйсік , қабылдау, елестету
2) Пікір, пікірталас
3) Ұғым, пікір, ой түйіндеу
4) Мәселе, гипотеза, теория
5) Факт, қорытынды, сипаттау

33. Теорияның функциялары:

1) тәжірибе жасау, эмпирикалық қорытынды алу
2) этикалық, эстетикалық
3) факт алу, сипаттау, модельдеу
4) гуманистік, аксиологиялық
5) түсіндірушілік, болжаушылық, әдіснамалық

34. Әлемде бір ғана бастама бар деген философиялық бағыт:

1) Монизм
2) Механицизм
3) Дуализм
4) Моногамия
5) Плюрализм

35. «Диалектика» сөзінің алғашқы мағынасы:

1) Әлемдік жан
2) Сұлулыққа құштарлық
3) Қарама-қарсы пікір
4) Дүниенің түпнегізі
5) Ең дана сан

36. Герменевтика дегеніміз:

1) Мәтінді түсіну
2) Универсалий туралы ілім
3) X ғасыр философиясының бағыты
4) Эксперимент түрі
5) Субстанция

37. «Танымның қайнар көзі – ақыл-ойда» деген көзқарас:

1) агностицизм
2) рационализм
3) эмпиризм
4) скептицизм
5) сенсуализм

38. Субъективтік диалектика деген

1) Адам пайда болуының диалектикасы
2) Қоғам дамуының диалектикасы
3) Табиғат диалектикасы
4) Ойлау диалектикасы
5) Технология диалектикасы

39. Танымның рационалдық деңгейінің формасы:

1) Елестету
2) Түйсік
3) Пікір
4) Қабылдау
5) Гипотеза

40. Материяның соңғы философиялық анықтамасы:

1) Объективтік шындықты білдіретін категория
2) Әлемдегі алғашқы элемент
3) Ұйыған энергия
4) Заттар мен орта жиынтығы
5) Тұрақты массасы бар зат

41. Рационализмнің негізгі қағидасы:

1) дүниені принципті түрде танып-білуге болмайды
2) дүниені танып-білу екі талай, күдік туғызады
3) таным аян берілу арқылы ғана мүмкін болады
4) ғылымда басты рольді тәжірибе, эксперимент атқарады
5) адамның танымдық іс-әрекетінде жетекші рөлді ақыл атқарады

42. Диалектикаға қарама-қарсы әдіс:

1) анализ
2) метафизика
3) дедукция
4) синтез
5) индукция

43. Ғылымның адаммен, қоғаммен, табиғатпен байланысын бағалаудағы қарама-қарсы көзқарастар:

1) теизм, атеизм
2) реализм, номинализм
3) сциентизм, антисциентизм
4) логика, антилогика
5) эмпиризм, рационализм

44. Скептицизмге сәйкес келеді:

1) Дүниені түбегейлі танып-білуге үлкен күмән туғызады
2) Танымда жетекші рөлді тәжірибе атқарады
3) Дүниенің субстанциясын танып білуге болады
4) Дүниені танып-білу жартылай мойындалады
5) Дүниені танып-білуге сциентизм мүмкіндік береді

45. Логика дегеніміз:

1) сұлулық өлшемі
2) қисынды ойлау
3) жүйесіз ойлау
4) сезімдік таным
5) екінші табиғат

46. Ренессанс кезеңінің ұлы өнертапқышы, математик, тарихшы, суретші, философ:

1) Дж. Бруно
2) Р.Декарт
3) Ф.Бэкон
4) Л.да Винчи
5) Н.Коперник

47. Мәселені мүлдем жаңа ерекше тәсілмен шешу, стереотиптік ойлаудан бас тарту:

1) Стандарттау
2) Логикалық
3) Креативтілік
4) Дедуктивтік
5) Индуктивтік

48. Ибн-Рушдтың «екі ұдай ақиқат» ілімінің мақсаты

1) Ақыл-ойдың рөлін төмендету
2) Философияны діннің қызметшісіне айналдыру
3) Діни ақиқаттың абсолют екенін дәлелдеу
4) Діни сенімнің мәртебесін жоғары қою
5) Философия мен ғылымды дінмен ұштастыру

49. Нәтижесі шындыққа эксперимент арқылы тексерілген теориялық жүйелер болатын қызмет саласы:

1) ғылым
2) саясат
3) өнер
4) адамгершілік
5) дін

50. Кантқа тиесілі тұжырым:

1) «Платон - менің досым, бірақ ақиқат одан қымбат»
2) «Мен таңқалдыратын екі нәрсе бар: төбемдегі жұлдызды аспан мен өз ішімдегі мораль заңдары»
3) «Мен ойлаймын, демек бармын»
4) «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп»
5) «Адам - қоғамдық жануар»