Тест: 4 нұсқа


Список вопросов


1. Ұшы сүйектен жасалған ілмек кертігі бар сүңгі-найза

1) гарпун
2) болос
3) нуклеус
4) дротик

2. Ғалымдардың қола дәуіріне тән 30 қоныс пен 150 қорымды зерттеп ашқан аймақ:

1) Оңтүстік Қазақстан
2) Солтүстік Қазақстан
3) Орталық Қазақстан
4) Шығыс Қазақстан

3. Сарыарқаның солтүстік батысын мекендеген ежелгі тайпалар

1) роксалан
2) массагет
3) аргиппей
4) исседон

4. VІІІ ғасырдағы қарлұқтар туралы дерек қалдырған араб зерттеушісі

1) ӘбуДулах
2) Әл-Марвази
3) Әл-Макдиси
4) Жүсіп Баласағұни

5. Ерте орта ғасырларда Қазақстан аумағында

1) Моңғолоидтық белгілер тереңдей түсті
2) А.Дженкинсонның Орта Азияда болуы
3) Жоңғар шапқыншылығы басталды
4) Моңғол шапқыншылығы болды

6. ІІ-Vғғ. Жасалған ирандық мөрлер табылған аймақ

1) Тараз
2) Ферғана
3) Отырар
4) Торғай

7. ХІV-ХV ғасырлар аралығында шыққан қыпшақ Құтыптың шығармасы

1) «Хұсрау мен Шырын»
2) «Кодекс Куманикус»
3) «Жүсіп-Зылиха»
4) «Мухаббатнама»

8. Оқиғалардың хронологиялық ретін анықтаңыз: 1. «Ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару туралы» декрет; 2. Қарақұм көтерілісі; 3. «Нақты ет салығы туралы» декрет; 4. БК(б)П-ның ХІVсъезі

1) 3,4,1,2
2) 2,3,4,1
3) 1,3,4,2
4) 3,2,1,4

9. ХХ ғасырдың 30-жылдарында Қазақстанда жүзеге асырылды

1) Қазақ АКСР-інің құрылуы
2) Жаңа экономикалық саясатқа көшу
3) Жер-су реформасы
4) Индустрияландыру

10. ХІХ ғасырдың 60-90 жылдарындағы реформа бойынша қабылданған шешім

1) хандық билік сотын қолдады
2) түтін салық мөлшері азайды
3) дәстүрлі билер сотына шектеу қойылды
4) ірі қалалардағы приставтықтар жабылды

11. Маңында су қоймасы болған неолиттік тұрақ

1) Обалысай
2) Сексеуіл
3) Семізбұғы
4) Ащысай

12. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанда өндірілген висмуттың одақ бойынша үлесі

1) 70%
2) 65%
3) 60%
4) 85%

13. Зороастризмнің от жағатын мұнара сияқты құрылысының қалдықтары табылып, зерттелген ортағасырлық қалалар

1) Қостөбе, Қызылөзен
2) Отырар, Сайрам
3) Баласағұн, Жікіл-Балық
4) Ақбешім мен Тараз

14. Орта Азия республикалары мен Қазақстан басшыларының Ашхабадтағы кездескен уақыты

1) 1991 жыл 21 желтоқсан
2) 1991 жыл 10 желтоқсан
3) 1991 жыл 13 желтоқсан
4) 1991 жыл 8 желтоқсан

15. «Ресей мемлекетінің әртүрлі аймақтарына саяхат» еңбегінің авторы

1) П.С.Паллас
2) И.Г.Георги
3) Г.Ф.Миллер
4) П.И.Рычков

16. «Аттила» операсы дүниеге келген ел

1) Испания
2) Германия
3) Италия
4) Ресей

17. 1379 жылы Темір-Мәлікті жеңіп, Сығанақты басып алған хан

1) Тоқтамыс
2) Едіге
3) Ұрұс
4) Мамай

18. 1988 жылы 1930-1950 жылдары жазықсыз жазаға ұшыраған қазақ зиялыларын ақтау туралы қаулыны қабылдаған

1) Төртінші шақырылған Орталық Комитетінің төтенше пленумы
2) Қазақ КСР-нің министрлер кабинеті
3) Қазақ КСР-нің Жоғарғы Кеңесі
4) Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті

19. Досан Тәжіұлы бастаған көтеріліс болған аймақ

1) Торғай
2) Маңғыстау
3) Сырдария
4) Орал

20. Ол Алаш қозғалысы тұсында күрестің алғы шебінде болады. Кеңес үкіметі кезінде ол қазақ халқының сауатын ашып, ағарту жолына біржола түседі. Көптеген өлең-жырларында халықтың арман-тілегін, мұң-мұқтажын жырлады, халықты өнер-білімге, мәдениетке шақырды.Патшалық Ресейдің қанаушылық-отаршылдық саясатын сынады, ел-жұртты миссионерлердің жүгенсіз қылығынан сақтандырды. Оның өмірі өз халқына адал қызмет етудің, ел-жұртының мәдениеті мен әдет-ғұрпына, тарихына деген сүйіспеншіліктің айқын үлгісі.Ол өзінің бір мақаласында былай деп жазды: «Менің мақсат-мұратым- қазақ халқының материалдық жағдайын жақсарту, мүмкін болғанынша мәдениетін көтеру. Мен осы мақсатты қамтамасыз ететін үкіметті қолдауға әрқашан әзірмін».

1) А.Байтұрсынов
2) Ә.Бөкейханов
3) М.Тынышбаев
4) М.Дулатов