Тест: TIMSS ТЕСТ


Список вопросов


1. Үш мың жиырма үш саны былай жазылады:

1) D. 300 023
2) C. 30 023
3) B.3 023
4) А. 323

2. Ермек әрбір қатарда 8 ағаштан 5 қатар ағаш отырғызды. Ермек барлығы қанша ағаш отырғызды?

1) D. 40
2) C.35
3) B.32
4) A. 13

3. Қай қатарда ТЕК 3-ке бөлінетін сандар ғана жазылған?

1) D. 9, 15, 26
2) C. 31, 32, 33
3) B. 3, 13, 23
4) A. 6, 15, 21

4. Қосуды орында: 0,36 + 0,77 =

1) C. 5
2) B. 2
3) A. 1.13

5. Бөлуді орында: 43:5=

1) C. 8
2) B. 8,2
3) A. 8,6

6. Марат сандық тізбек жаза бастады: 6, 13, 20, 27, ? Ол келесі санды табу үшін əр жолы белгілі бір санды қосып отырды. Ол өзінің үлгісінде келесі қандай санды жазуы керек?

1) C. 43
2) B. 55
3) A. 34

7. Амалды орында: 4809–532=

1) C. 4277
2) B. 4 269
3) A. 4069

8. Амалды орында: 428 – 176 =

1) C. 252
2) B. 253
3) A. 254

9. Берілген сандардың ЕҢ кішісі қайсысы?

1) D. 0,3
2) C. 0,23
3) B. 0,03
4) A. 0,2

10. ___–87=23 Берілген теңдік дұрыс болуы үшін жақтауға қандай сан қою керек?

1) D. 110
2) C.104
3) B. 100
4) A. 64

11. 52 093 – 4 136 айырмасының мəніне ең жақын келетін санды көрсет.

1) D. 60 000
2) C. 50 000
3) B. 40 000
4) A. 10 000

12. Сандардың қайсысы 1 362: 32 бөліндісіне бəрінен жуық?

1) D. 4
2) C. 16
3) B. 40
4) A. 400

13. Майрада 50 зед (ақша айналымы) бap. Əр кітаптың бағасы 12 зед. Майра осы кітаптардың ең көп қанша данасын сатып ала алады?

1) C. 8
2) B. 6
3) A. 4

14. Бесбұрыштың периметрі 30 сантиметрге тең. Үш қабырғасының əрқайсысының ұзындығы 4 см-ге тең. Басқа екі, а жəне b қабырғаларының ұзындықтары бірдей. а қабырғасының ұзындығы нешеге тең?

1) D. 18 см
2) C.12 см
3) B. 9 см
4) A. 6 см

15. Алдияр 4 таңбалы саннан тұратын жұмбақ ойлап тапты: Жүздік шамада цифр 7-ге тең. Мыңдық шамадағы цифр жүздік шамадағы цифрға қарағанда көбірек. Бірлік шамадағы цифр жүздік шамадағы цифрға қарағанда азырақ. Алдияр қандай сан ойлап тапты?

1) D. 9718
2) C. 8726
3) B. 4733
4) A. 2708

16. Бинұрда 12 сым кесіндісі, 40 дөңгелек моншақ жəне 48 дана інжу бар. Ол 1 білезік əзірлеу үшін 1 сым кесіндісін, 10 дөңгелек моншақ жəне 8 дана інжуді пайдаланады. Егер Бинұр барлық білезіктерді біркелкі əзірлейтін болса, онда ол қанша білезік əзірлеуі мүмкін?

1) D. 4
2) C. 5
3) B. 12
4) A. 40

17. Алма шырынының шөлмегі 1,87 зед (ақша айналымы) тұрады. Апельсин шырынының шөлмегі 3,29 зед тұрады Ғанида 4 зед бар. Ғаниға екі шөлмекті де сатып алу үшін тағы қанша ақша қажет?

1) D. 5,16 зед
2) C. 5,06 зед
3) B. 1,16 зед
4) A. 1,06 зед

18. Дулатта 20 зед (ақша айналымы) бар. Ол 3,65 зедке кітап сатып алды. Ол тағы 2,70 зедке журнал сатып алды. Дулаттың қанша ақшасы қалды?

1) A. 6,35 зед
2) B. 13,65 зед
3) C. 14,65 зед
4) D. 16,35 зед

19. Пойыз Жайсаннан таңертең 7 сағат 52 минутта шығады, жəне Арасанға сол күні 11 сағат 06 минутта келеді. Осы жолға қанша уақыт кетеді?

1) A. 3 сағ. 14 мин
2) B. 2 сағ. 15 мин
3) C. 1 сағ. 14 мин

20. Қандай сан 300-ге бəрінен де жақын?

1) A. 275
2) B. 291
3) C. 307
4) D. 320