Тест: ТЕРАПИЯ ЖӘНЕ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР НЕГІЗДЕРІ


Список вопросов


1. Никтурия бұл

1) зәрдің аз-аздан бөлінуі
2) зәрге жиі отыру
3) күндізгі диурезге қарағанда түнгі диурездің басым болуы
4) тәуліктік зәрдің 2,0 л ден көп болуы
5) тәуліктік зәрдің 500,0мл ден аз болуы

2. Квинке ісігінің дамуына тән:

1) жүректің ревматикалық ауруы
2) гипертиреоз
3) туберкулез
4) гипотиреоз
5) аллергия

3. Керра, Ортнер, симптомы оң болады:

1) асқазанның ойық жарасында
2) дуоденитте
3) холециститте
4) бауыр циррозы
5) панкреатитте

4. Бүйрек ауруларында ісіну ең алдымен пайда болады;

1) бүкіл денесінде
2) бетінде, көз айналасында,көз астында
3) қуыстарда
4) бел аймағында
5) тобық буыны айналасында,тізелерде

5. Асқазанның ойық жарасының асқынуы болып саналады:

1) перфорация
2) панкреатит
3) гепатит
4) цирроз
5) холецистит

6. Манту сынамасының оң болуы көрсетеді:

1) науқаста өкпенің қабынуы болуын
2) науқастың өкпесінде қатерлі ісіктің болуын
3) науқастың өкпесінде абсцес болуын
4) организмнің туберкулез таяқшаларымен зақымдануын
5) ұзақ инфекциядан организмнің әлсіреуін

7. Пневмонияның асқынуына жатпайды:

1) өкпе эмфиземасы
2) тыныс алу шамсыздығы
3) инфекциялық уытты шок
4) экссудативті плеврит
5) өкпе абсцесі

8. Бүйректің созылмалы ауруының соңы болып саналады:

1) гипергликемиялық кома
2) гипогликемиялық кома
3) шок
4) инсульт
5) уремия

9. Биологиялық өлімнің белгілері:

1) денесінде өлі дене дақтары және денесінің қатып қалуы
2) дене қызуыныың біртіндеп төмендеуі
3) терісінің өлі денеге тән бозаруы
4) рефлекстердің жоғалуы, етері жұмсақ, төменгі жақ шнттрерінің төмен түсуі
5) тыныс алудың толық тоқтауы, жүрек қағу және тамыр соғуының болмауы

10. Пиурия бұл:

1) зәрде цилиндр болу
2) зәрде ірің болу
3) зәрде қан болу
4) зәрде қант болу
5) зәрде белок болу

11. 12 елі ішектің ойық жарасының анықталуы мен диагностикасы:

1) сканерлеу
2) ректороманоскопия
3) колоноскопия
4) ЭФГДС
5) ирригоскопия

12. Естен тану бұл:-

1) созылмалы жүрек шамасыздығы
2) жедел тыныс алу шамасыздығы
3) жедел жүрек шамасыздығы
4) жүрек ырғағының жедел бұзылыстары
5) жедел тамыр шамасыздығы

13. Инсулинді артық мөлшерде енгізгенде дамитын асқыну:

1) коллапс
2) естен тану
3) гипергликемиялық кома
4) гипогликемиялық кома
5) анафилактикалық шок

14. Жүрек ауруынан дамитын ісінулер байқалады:

1) қуыстарда
2) таңертең бетінде
3) кешкісін бетінде
4) кешкісін аяғында
5) таңертең аяғында

15. Бронхоскопия жасауға көрсеткіш болып саналмайды:

1) ірі бронхыларда дамыған ісік
2) бронхылардың ішінде бөгде зат болу
3) бронхоэктаздар
4) плевра қуысына сұйықтық жиналу
5) өкпе абсцессі

16. Аталған симптомдар (Кардит,полиартрит,тері асты түйіндері,эритема) тән келесі ауруға:

1) ревматизмде
2) перикардитке
3) арнайы емес миокардитке
4) идиопатиялық кардиомиопаияға
5) инфекциялық миокардитке

17. Зимницкийдің сынамасымен анықтайды:

1) түңгі диурезді, зәрдің салыстырмалы тығыздығын,
2) күндізгі диурезді, зәрдің салыстырмалы тығыздығын,
3) тәуліктік және түңгі диурезді
4) тәуліктік,күндізгі ,түңгі диурездерді және зәрдің салыстырмалы тығыздығын,
5) тәуліктік және күндізгі диурезді

18. Бронхтың қатерлі ісігін анықтайтын нақты әдіс:

1) спирография
2) бронхоскопия және биопсия
3) пикфлоуметрия
4) кеуде қуысының рентгнеографиясы
5) пикфлоуметрия

19. Темір жетіспейтін анемияда қолданылатын препарат:

1) вентолин
2) преднизалон
3) витамин В12
4) сорбуфер,феррум-лек
5) де-нол

20. Стенокардия ұстамасы кезіндегі ауырсынудың ұзақтығы :

1) 6 сағ дейін
2) 2 сағ дейін
3) 3 сағ дейін
4) 1 сағ дейін
5) 30 мин дейін

21. Кенеттен болған коронарлық өлім ең жиі себебі болып саналады:

1) жүрек тампонадасы
2) өкпе артерия тромбоэмболиясы
3) миокард инфаркты
4) тұрақсыз стенокардия
5) 3-ші дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада

22. Қандай материалдан жедел дизентерияның қоздырғышын ажыратуға болады:

1) цереброспинальды сұйықтық
2) нәжіс
3) сілекей, нәжіс, зәр, өт
4) нәжіс, зәр, асқазанды жуу,құсық,өт
5) қан, сілекей, нәжіс

23. Жедел дизентерияда реконовалесценттерді ауруханадан шығарудың негізгі шарттары

1) аурудың басталуынан он күннен кейін
2) толық клиникалық сауығудан кейін
3) теріс нәтижелі қан себіндісінен кейін
4) теріс РНГА шигелла антигендерінен кейін теріс
5) ректророманоскопиялық тексеруден кейін

24. Сальмонеллездегі инфекция көзі, біреуінен басқа:

1) кеміргіштер
2) жануарлар
3) науқас адам
4) бактериятасымалдаушы
5) құстар

25. Сальмонеллезде организмнің қай жүйесі негізінен зақымдалады:

1) жүрек қан тамырлар жүйесі
2) тері және шырышты қабаты
3) жүйке жүйесі
4) тыныс алу жүйесі
5) ас қорыту жүйесі

26. Сальмонеллездің гастроинтестинальді түріне тән белгі :

1) қан-шырышты нәжіс
2) көп мөлшердегі жасыл түсті нәжіс
3) ұзақ қызба
4) қалтырау
5) бауырдың ұлғаюы

27. Сальмонеллездің жайылмалы түріне тән вариант:

1) гастриттік вариант
2) бактериятасымалдаушы
3) гастронтериттік вариант
4) сүзек тәрізді вариант
5) гастроэнтероколиттік

28. Сальмонелланың көбеюіне адам ағзасындағы қолайлы орта :

1) сілекей
2) асқазан сөлі
3) өт
4) нәжіс
5) зәр

29. Сальмонеллездің бактериологиялық зерттеуіне алынатын материал:

1) қан, сілекей, нәжіс
2) сілекей, нәжіс, зәр, өт
3) нәжіс, зәр, асқазан жуындысы,құсық,өт
4) нәжіс, зәр
5) қақырық

30. Сальмонеллездің орта ауырлықтағы гастроинтестинальді түріндегі науқастарға қолданатын ем:

1) гормонотерапия
2) серотерапия
3) тамырішілік регидратация
4) дегидратация
5) полиферментті препараттар.

31. Ботулизмге тән эпидемиологиялық фактор:

1) бұзылған ет өнімдерін қолдану
2) жәндіктердің шағуы
3) кондитерлік өнім
4) қайнатылмаған су
5) үйде консервіленген өнімдерді қолдану

32. Құрамында ботулотоксині бар және өмірге қауіпті тағамдар:

1) қуырылған санырауқұлақ
2) консервіленген тағамдар
3) жартылай қуырылған кәуап
4) тауық еті
5) капустадан жасалған салат

33. Ботулизмге тән белгілері:

1) тырысулар
2) артралгиялық
3) сарғаю
4) офтальмоплегиялық
5) астеновегетативті

34. Ботулизмдегі жетекші синдром:

1) қалтырау
2) гастроинтестинальді
3) паралитикалық
4) интоксикациялық
5) астеновегетативті

35. Ботулизмнің негізгі белгілері:

1) іштегі толғақ тәрізді ауру сезімі
2) қозу
3) саливация
4) көрудің нашарлауы, «заттардың қосарлануы»
5) қан мен шырыш араласқан сұйық нәжіс

36. Ботулизмді қандай аурулардан ажырату қажет:

1) менингит
2) сальмонеллез
3) мидың қан айналымының жедел бұзылысы
4) дизентерия
5) іш сүзегі

37. Ас қорыту мүшелерінің ауруларына тән шағым:

1) төс сүйегі тұсында ауырсыну
2) бүйрек тұсында ауырсыну, жөтел, ентігу
3) құсу, іш өту, іш ауру
4) қасаға сүйегі тұсында ауырсыну, дизуриялық бұзылыстар
5) құсу, бас ауру, қан қысымы жоғарылау

38. «Іші ауырады» деген медбикелік диагнозы қойылған кезде медбике не істемеу керк?

1) дәрігерді шақыру
2) тамақ, су бермеу
3) ауырсынуды басатын дәрілерді енгізу
4) ішіне суық басу
5) пациентті тыныштандырып,төсектегі ыңғайлы жағдайын жасау

39. Ішке беткергі пальпация жасау мақсаты:

1) ішектердің қозғалысын анықтау
2) ішектердің қабынуын анықтау
3) ішкі мүшелердің көлемін анықтау
4) ішкі мүшелердің орналасуын анықтау
5) құрсақ еттерінің кернеуін анықтау

40. Инсулинге тәуелді диабетпен ауратын пациентке тамақтану керек:

1) инсулин салған соң 60 минуттан кейін
2) кез келген уақытта
3) инсулин салған соң 20 минуттан кейін
4) инъекциядан 90 минут бұрын
5) инъекциядан 60 минут бұрын

41. Қант диабетімен ауырған пациентке ұсынады:

1) шоколад
2) салат жапырақтары
3) кәмпит
4) піспенан
5) жүзім

42. Асқазанды зерттеуде қолданбайды:

1) зонд қолдану әдістерін
2) ацидотест
3) эндоскопиялық әдісті
4) УДЗ
5) рентген зерттеулерін

43. Ирригокопия бұл ;

1) ток ішекті эндоскоптялык зерттеу
2) асқазанды рентгенмен зерттеу
3) тоқ ішекті рентгенмен зерпт теу
4) бүйректі рентгенмен зерттеу
5) өңешті эндоскопифлық зерттеу

44. Тұншығу байқкалады:

1) туберкулезде
2) сколиозда
3) пневмонияда
4) бронх демікпесінде
5) бронхиттарда

45. Бронхит кезінде өкпелер үстінен естіледі:

1) плевралардың үйкеліс шуы
2) крепитация
3) бронхтық дыбыс
4) қатқыл дыбыс
5) везикулярлық дыбыс

46. Құрамында ДНК бар вирусты атаныз?

1) ВГЕ
2) ВГВ
3) ВГС
4) ВГД
5) ВГА

47. Гепатит А шақырылады:

1) Эбштейн-Барр вирусымен
2) ретровируспен
3) арбовирупен
4) энтеровирупен
5) дельта-вируспен

48. ВГ кезіндегі инфекция көзі:

1) адам
2) ауылшаруашылықты жануарлар
3) адам және жануар
4) кеміргіштер
5) қансорғыш буынаяқтылар

49. Іш сүзегінде антибактериальды терапияның ұзақтығы:

1) дене қызуының қалыптасуына дейін
2) қалыпты қызбаның 7 күніне дейін
3) қалыпты қызбаның 10 күніне дейін
4) емдеудің 10 күніне дейін
5) емдеудің 7 күніне дейін

50. Жедел бруцеллездің іш сүзегінен ажырататын белгісін көрсетініз:

1) қызба
2) гепатолиенальды синдром
3) полиартронейромиалгия
4) ұйқының бұзылуы
5) әлсіздік