Тест: ФИЗИОЛОГИЯ тест


Список вопросов


1. Қанның қысымы ... төмен болады.

1) капиллярларда
2) қуысты веналарда
3) веналарда
4) венулаларда
5) артериолаларда

2. Қан тамырларының тарылуы ... жүйке талшықтарының тітіркендірілуін тудырады

1) симпатикалық, холинэргиялық
2) соматикалық, холинэргиялық
3) парасимпатикалық, серотонинэнергиялық
4) симпатикалық, адренэргиялық
5) парасимпатикалық, холинэргиялық

3. Ағзадағы капиллярлардың атқаратын ролі:

1) қоймалық
2) айналмалы
3) өткiзгiштiк
4) сыйымдылық
5) зат алмасу

4. Қанды көп мөлшерде ... алады.

1) өкпелер, бас миы, терi, тегiс бұлшықеттері
2) бүйрек, жүрек, бауыр, бас миы
3) жүрек, бауыр, құрсақ ағзалары, өкпелер
4) бүйрек, қаңқа бұлшықеттерi, бас миы
5) терi, көкбауыр, құрсақ ағзалары, қаңқа бұлшықеттерi

5. Қан қысымы ең жоғары капиллярлар ... кездеседі.

1) өкпелерде
2) бауырда
3) терiде
4) мида
5) бүйректе

6. Веналардың қызметі:

1) қоймалық, тыныстық
2) тасымалдау, сыйымдылық
3) бөлiп шығару, тасымалдау
4) қоректену, бөлiп шығару
5) тыныстық, алмасу

7. Жүрек минутына 70 рет жиырылып және систолалық қан көлемі 60 мл. тең болса, онда қанның минуттық көлемі... тең.

1) 4800 мл
2) 3800 мл
3) 3200 мл
4) 5200 мл
5) 4200 мл

8. Артериялық қан қысымын анықтау үшін қолданылатын әдіс:

1) реокардиография
2) капилляроскопия
3) фонокардиография
4) Коротков-Рива-Роччи
5) плетизмография

9. Диастолалық қысым:

1) қарынша систоласы кезіндегі артериялардағы максимальды қысым
2) аорта мен вена арасындағы қысым айырмашылығы
3) аорта мен капилляр арасындағы қысым айырмашылығы
4) диастола кезіндегі қантамырлардағы минимальды қысым
5) жартылай тәрізді қақпақшалардың жабылу кезіндегі қысым

10. Қан ағысына негiзгi кедергiні ... жасайды.

1) артериялар
2) венулалар
3) артериолалар
4) веналар
5) капиллярлар

11. Қан қоймасы:

1) бүйректер, терi асты веналар, бауыр, ұйқы безi
2) өкпелер, бұлшықеттер, артериолалар, синустар
3) бауыр,бүйрек,бұлшықеттер,капиллярлар
4) көкбауыр, бауыр, өкпелер, терi асты веналары
5) көкбауыр, бүйректер, бауыр, қуыс веналар

12. Систолалық қысым:

1) айшық қақпақшалар жабылған кездегi пайда болатын қысым
2) веналармен қолқа қысымының айырмасы
3) қолқа мен капиллярлардың қысым айырмашылығы
4) жүректен тамырларға қан айдап шығарылған кездегі максимальдi қысым
5) диастола кезiндегi тамырлардағы минимальды қан қысымы

13. Қан тамырлар жүйесі арқылы қанның үздіксіз ағысын ... қамтамасыз етеді:

1) артериялармен веналардың арасындағы қан қысымының айырмашылығы
2) веноздар клапандар
3) қаңқа еттерінің жиырылуы
4) қолқа және қуыс веналар арасындағы қан қысымының айырмашылығы
5) плевра қуысындағы теріс қысым

14. Лимфа жүйесінiң негізгі қызметi:

1) сыйымдылық
2) гуморалдық
3) қоймалық
4) дренаждық
5) алмасу

15. Систолалық және диастолалық артериялық қысымдардың айырымын ... деп атайды.

1) бүйiр
2) пульстiк
3) төменгi
4) минимальды
5) ортаңғы

16. Денi сау адам дене еңбегiмен айналысқанда:

1) пульсi жиiлейдi, қан қысымы төмендейдi
2) пульсi баяулайды, қан қысымы жоғарылайды
3) пульсi баяулайды, қан қысымы төмендейдi
4) пульсi жиiлейдi, қан қысымы жоғарылайды
5) пульсi және қан қысымы өзгермейдi

17. Жоғарыға көтерілгенде тыныс алудың өзгеруі мен тау ауруының шығу себебі:

1) атмосфералық ауада СО2 және О2 кернеулiк қысымның болмауы
2) атмосфералық ауада О2 кернеулiк қысымының және азоттың төмендеуi
3) атмосфералық ауада СО2 және О2 кернеулiк қысымының төмендеуi
4) атмосфералық ауада гелий және аргонның құрамының төмендеуi
5) атмосфералық ауада СО2 кернеулiк қысымының және азоттың төмендеуi

18. Өкпенің тіршілік сыйымдылығын құрайды:

1) тыныстық және қалдық көлем
2) қалыпты тыныс ауасы, резервтік дем алу ауасы, резервтік дем шығару ауасы
3) дем алу көлемі, резервтік дем шығару ауасы
4) қалдық көлем, резервтік дем алу ауасы, резервтік дем шығару ауасы
5) функциялық қалдық ауа, резервтік дем алу ауасы

19. Өкпенiң жалпы сыйымдылығын ...құрайды.

1) дем алу сыйымдылығы, резервтiк дем шығару ауасы
2) қалыпты тыныс ауа және қалдық ауа
3) өкпенiң тiршiлiк сыйымдылығы, қалдық ауа
4) қызметтiк қалдық ауа, резервтiк дем алу ауасы
5) өкпенiң тiршiлiк сыйымдылығы, қалыпты тыныс ауасы

20. Резервтiк дем шығаруда ауаның мөлшерi ...тең.

1) 1300 мл
2) 2000 мл
3) 1900 мл
4) 500 мл
5) 2500 мл

21. Пневмоторакс - бұл:

1) плевралық қуыстағы терiс қысым болуы
2) плевралық қысым атмосфералық қысымға тең болуы
3) плевра қуысында көмiрқышқыл газының мөлшерiнiң көбеюi
4) плевра қуыстағы оң қысым болуы
5) плевра қуысында қанның болуы

22. Тыныс алғанда өкпенiң көлемi:

1) активтi кеңейедi
2) өзгермейдi
3) активтi кiшiрейедi
4) пассивтi кiшiрейедi
5) пассивтi кеңейедi

23. Дем алу сыйымдылығына ...кiредi.

1) қызметтiк қалдық ауа көлемi және қалыпты тыныс ауасы
2) резервтiк дем шығару, қалдық ауа көлемi
3) қалыпты тыныс ауа, резервтiк дем шығару көлемi
4) қалыпты тыныс ауа, резервтiк дем алу көлемi
5) қалдық ауа көлемi, өкпенiң тiршiлiк сыйымдылығы

24. Апноэ- бұл:

1) тыныстың тоқтауы
2) тыныстың сиреуі
3) үзілісті тыныс
4) тыныстың жиілеуі
5) қалыпты жағдайдағы тыныс

25. Эйпноэ- бұл... тыныс алу.

1) жұмыс атқарғанда
2) үзiлмелi
3) жиi
4) сирек
5) қалыпты жағдайда

26. Қалыпты жағдайда бiр минутта тыныс алу жиiлiгi...рет.

1) 5-10
2) 20-25
3) 14-16
4) 40-50
5) 27-35

27. Тыныс алу орталығын қоздыратын арнайы фактор болып... табылады.

1) ацетилхолин
2) адреналин
3) азот
4) көмiрқышқыл газ
5) оттегi

28. Егер... кесiп тастаса, тыныс алу тоқтайды.

1) Варолий көпiрінiң алдыңғы шетiнен
2) жұлынның бел бөлiмiнiң деңгейiнде
3) сопақша мидың астынан
4) аралық мидың деңгейiнен
5) Варолий көпiрінiң төменгi шетiнен

29. Артериялық қанға қарағанда веналық қанның көмірқышқыл газды көп мөлшерде байланыстыратын себебі:

1) гемоглобин мөлшерінің төмендеуі
2) оттегінің кернеуінің төмендеуі
3) карбоангидразаның активтілігінің төмендеуі
4) ұлпадағы көмірқышқыл газдың кернеуінің жоғарылауы
5) оттегінің меншікті қысымының жоғарылауы

30. Төменгі мойын және бірінші кеуде сегменттердің арасынан жұлынды кесіп тастағанда... жойылады.

1) диафрагмалық тыныс алу
2) қабырғалық және диафрагмалық тыныс алу
3) қабырғалық және құрсақтық тыныс алу
4) қабырғалық тыныс алу
5) құрсақтық тыныс алу

31. Артериалық қандағы оттегі кернуі… тең

1) 80 мм с.б.
2) 20 мм с.б.
3) 40 мм с.б.
4) 100 мм с.б.
5) 60 мм с.б

32. Альвеолярлы ауадағы көмiрқышқыл газының меншікті қысымы ...тең.

1) 60- 68 мм с.б.
2) 40- 48 мм с.б.
3) 30- 28 мм с.б.
4) 100- 102 мм с.б.
5) 38- 40 мм с.б.

33. Артериалық қандағы оттегі құрамының пайыздық көлемi:

1) 1- 8
2) 10- 14
3) 39- 40
4) 24- 300
5) 18-20

34. Қанның ұюына кедергi жасайтын зат:

1) гепарин
2) кальций
3) пепсин
4) адреналин
5) норадреналин

35. Қан ұюының соңғы фазасына кіреді:

1) фибринолиз, эритроцит агрегациясы
2) қанның және ұлпалық протромбиназа түзiлуi
3) фибриногеннен фибрин түзiлуi
4) ақ тормбтың қалыптасуы
5) ұйыған қанның ретракциясы

36. Қан плазмасының құрамындағы ақуыздар:

1) фибриноген, метгемоглобин, альбумин
2) Қан плазмасының құрамындағы ақуыздар:
3) глобулиндер, миоглобин, фибрин
4) миоглобин, оксигемоглобин, альбумин
5) фибриноген, карбгемоглобин, альбумин

37. Қалыпты жағдайда артериялық қанның рН ортасы:

1) 7,35
2) 6,85
3) 5,4
4) 7,40
5) 8,10

38. Химиялық гемолиз ... туындайды.

1) сәйкес келмейтiн қанды құйғанда
2) жоғары t°-ның әсерiнен
3) плазманың осмостық қысымының төмендеуiнен
4) эфир, сiлтiлi, қышқылдың әсерiнен
5) электрлiк тоқтын әсерiнен

39. Қан түзу мүшелерiне ... жатады.

1) қызыл сүйек кемiгi, бауыр, лимфатикалық түйiндер
2) қызыл сүйек кемiгi, көкбауыр, лимфатикалық түйiндер
3) қызыл сүйек кемiгi, бүйрек, бауыр
4) көкбауыр , бауыр, бүйрек
5) қызыл сүйек кемiгi, көкбауыр, өкпе

40. Қан жасушалары ...фагоцитарлық қызметінің негiзi болады.

1) базофил, В-лимфоциттер
2) эозинофил, базофилдер
3) Т-лимфациттер, моноциттер
4) лимфоцит, эозинофильдер
5) нейтрофил, моноциттер

41. III- қан тобы бар ауруға ... құюға болады.

1) II мен III
2) I мен IV
3) II мен IV
4) I мен II
5) I мен III

42. Қан жүйесiне... жатады.

1) циркуляциялайтын қан, жүрек, қантамырлары, реттеушi аппарат
2) циркуляциялайтын қан, қан депосы, жiлiк майы, қантамырлар
3) циркуляциялайтын қан, қан жасаушы және қан бұзушы мүшелер, реттеушi аппарат, жүрек
4) қан жасаушы және қан бұзушы мүшелер, қан, жүрек
5) қан жасаушы және қан бұзушы мүшелер, циркуляциялайтын қан, реттеушi аппарат

43. Қан плазмасындағы ақуыз құрамы.... г/л

1) 250-300
2) 150-200
3) 5-25
4) 65-85
5) 25-50

44. Ағзада гемоглобин:

1) иммунитет пен онкотикалық қысымды қамтамасыз етедi, көмiрсуларды тасымалдайды
2) СО2 мен О2 тасымалдайды, рН ұстап тұрады
3) О2 тасымалдайды,қан ұю процесiне қатысады
4) рН ұстап тұрады, азот пен оттегiнi тасымалдайды
5) қан ұю процесiне, иммунды реакцияларына қатысады, рН ұстап тұрады

45. Қанның құрамында гемоглобиннiң мөлшерi:

1) 50-80 г/л
2) 125-160 г/л
3) 85-115 г/л
4) 220-260 г/л
5) 160-200 г/л

46. Қанның құрамында тромбоциттердің мөлшері:

1) 6-5*10 9/л
2) 200-400*10 9/л
3) 4-4,5*10 9/л
4) 420-480*10 9/л
5) 100-200*10 9/л

47. Қандағы лейкоциттердiң құрамы:

1) 4-8х 10 9/л
2) 3-5х 10 9/л
3) 9-12х10 9/л
4) 1-2х 10 9/л
5) 0-1х 10 9 /л

48. Еркектерде ЭТЖ қалыпты мөлшерi ... мм/сағ тең.

1) 30-40
2) 20-30
3) 0,1-0,9
4) 10-20
5) 1-10

49. Ересек адамдарда қанның жалпы мөлшерi:

1) 9-10% дене салмағынан – 7-8 л
2) 13-15% дене салмағынан – 10-12 л
3) 11-12% дене салмағынан – 8-9 л
4) 6,5-7% дене салмағынан – 4-5 л
5) 3-5% дене салмағынан – 1,5-2 л

50. Ересек адамның қанында эритроциттердiң мөлшерi:

1) 5,5-5х1012/л
2) 200-400х1012/л
3) 1,5-2.5х1012/л
4) 3-5х1012/л
5) 4,5-5х1012/л