Тест: Оқшау сөздер (Обособленное слово)


Список вопросов


1. Оқшау сөздер неше түрге бөлінеді?

1) 4
2) 5
3) 3
4) 2

2. Балам, сабағыңа ертерек бар. Сөйлемде қандай оқшау сөз қолданылған?

1) Одағай
2) Қаратпа
3) Қыстырма

3. Сөйлем ортасында келген қыстырма сөз

1) Мен, сірә, киноға бармайтын шығармын.
2) Әлбетте, сенікі дұрыс.
3) Қысқасы, сен үйде отырасың.
4) Біріншіден, Асқардың жасы кіші.

4. Сөйлемнің басында келген қыстырма сөзді табыңыз.

1) Адамзат, табиғатты қорғау керек!
2) Біріншіден, мен бәрін білемін.
3) Мен, сірә, киноға бармайтын шығармын.

5. Қаратпа сөзді сөйлемді табыңыз.

1) Дала аяз болып кетті.
2) Адамзат, табиғатты қорғау керек!
3) Осының бәрін, әрине, жалғыз істей алмайды.
4) Олар асығыс жүріп кетті.

6. Қаратпа сөзді сөйлемді табыңыз.

1) Күн жылына бастаған кез.
2) Олар асығыс жүріп кетті.
3) Балалар, сынып сағатынан қандай әсер алдыңдар?
4) Осының бәрін, әрине, жалғыз істей алмайды.

7. Одағай сөзді тап

1) Олар асығыс жүріп кетті.
2) Балалар, сынып сағатынан қандай әсер алдыңдар?
3) Күн жылына бастаған кез.
4) Әттеген -ай, бәрі жалған болып шықты!

8. Междометие сөзінің аудармасы

1) Қыстырма
2) Одағай
3) Қаратпа

9. Ойпырмай, мынау не дейді? Сөйлемде қолданылған оқшау сөздің қай түрі?

1) Қаратпа
2) Қыстырма
3) Одағай

10. Қыстырма сөзді сөйлемді көрсетіңіз.

1) Қорыта келгенде, сабақ өте жақсы өтті.
2) Сабақ жоспары бастауыш сынып оқушыларының көңілінен шықты.
3) Әттеген -ай, бәрі жалған болып шықты!