Тест: 8сынып "Қозы Көрпеш-Баян сұлу"


Список вопросов


1. Қозы Көрпеш-Баян сұлу күмбезі қай ғасырда тұрғызылған?

1) 5-6 ғасырда
2) 9-15 ғасырда
3) 9-11 ғасырда
4) 8-9 ғасырда

2. Күмбез қай жерде орналасқан?

1) Есік қаласы
2) Қызылорда
3) Алматы қаласы
4) Талдықорған
5) Аягөз ауылы

3. Күмбездің қабырғасы немен қаланған?

1) мәрмәр таспен
2) гранит және сабан аралас балшықпен
3) сары балшықпен
4) сары балшық және құммен

4. Күмбездің есігі қайда қаратылған?

1) оңтүстікке
2) солтүстікке
3) батысқа
4) шығысқа

5. Ненің жанында тас мүсіндер болған?

1) қорғанның
2) күмбездің
3) қаланың
4) үйдің

6. Сөйлем ішінен көптік жалғаулы сөзді тап: Күмбездің жанында тас мүсіндер орналасқан.

1) жанында
2) күмбездің
3) мүсіндер
4) орналасқан

7. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді тап: Козы Көрпеш-Баян сұлу ... Х-ХІ ғасырларда тұрғызылған.

1) қажеттілігі
2) татулық
3) ескерткіші
4) күмбезі

8. Сөйлемнен етістікті тап: Күмбездің есігі шығысқа қаратылған.

1) есігі
2) шығысқа
3) шығысқа
4) қаратылған

9. Ескерткіштерді қағаз бетіне түсірген ғалым?

1) М.Әуезов
2) Абай Құнанбаев
3) Шоқан Уәлиханов
4) М.Жұмабаев

10. "Козы Көрпеш-Баян сұлу" жыры қандай жанрға жатады?

1) эпостық жырлар
2) ертегілер
3) аңыздар
4) лиро-эпостық жырлар

11. "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырының тақырыбы қандай?

1) достық-татулық
2) елге деген сүйіспеншілік
3) ғашықтық туралы
4) патриоттық сезім туралы

12. Сөйлемді толықтыр: "Лиро-эпостық жырлар - ауыз әдебиетінің мол әрі ... қазынасы."

1) рухани
2) табиғи
3) тарихи
4) танымал

13. Халық ауыз әдебиетіне жататын нұсқаны тап

1) поэма, поэзия
2) роман, повесть
3) мақала, баяндама
4) ертегі, мақал-мәтелдер

14. Ауыз әдебиетінің жазба әдебиетінен айырмашылығы қандай?

1) ауыз әдебиетінің авторы болады
2) ауыз әдебиеті қағаз бетіне түскен
3) екеуінде де айырмашылық жоқ
4) ауыз әдебиетінің авторы жоқ

15. Сөйлемнен ілік септігінде тұрған сөзді анықта: "Ғашықтық туралы жырларда тек екі жастың арасындағы махаббат жырланады."

1) екі
2) жырларда
3) жастың
4) ғашықтық

16. "Ғашықтық" сөзінің синонимі қандай?

1) махаббат
2) татулық
3) достық
4) береке