Тест: ББЖМ тапсырмалары


Список вопросов


1. Мәтін: Бірлік Данияр мектептен келсе, үйдің алды омбы қар болып қалыпты. Ол тамағын ішіп, аздап демалды да, аулаға шықты. Қорадан қол шанасын алып, оған талдан тоқыған қорапты таңып бекітті. Қолына күрек алды. Ауланың қарын тазартуға кірісті. Қорапқа қар толтырып, шанамен сырғытып, оны алысқа апарып төгеді. Жалғыз өзі қанша қимылдаса да, ісі өнбеді. – Данияр! Кел, мен саған көмектесейін, – деді көрші үйдегі досы Нариман. Нариман да қол шанасын сүйреп шығыпты. – Содан кейін бірігіп біздің үйдің алдын тазалайық, жарай ма? – Жарайды, – деді Данияр қуанып. Екеуі екі шанамен қар толтырып тасып, жұмысты тез аяқтады. Осыдан кейін Нариманның үйінің алдына келді. Бұлардың жанына көрші үйдегі Берік пен Серік келді. Төртеуі ойнап-күліп жүріп, қызу еңбекке кірісті. Олардың бұл істеріне үлкендер сүйсіне, қызыға қарайды. – Алақай! Екі сағатта бәрін бітірдік! – деп айқайлады балалар. Осылайша, төрт дос күш қосып, төрт үйдің алдын лезде-ақ қардан тазалап шықты. Мұның аты – бірлік еді. 1. Қар шығаруға бірінші болып көмекке келген досы

1) Берік
2) Нариман
3) Серік
4) Данияр

2. 2. Нариман мен Даниярға көмектесуге кімдер келді?

1) Ерік пен Данияр
2) Жандос пен Ерік
3) Берік пен Серік
4) Нариман мен Алмас

3. 3. Мәтін мазмұнына сай келетін мақал

1) «Еңбек етсең, емерсің»
2) «Біріккен бітіреді, ұйымдасқан ұтады»
3) «Еңбектің наны тәтті»
4) «Байлық – байлық емес, бірлік – байлық»

4. Ғажайып дүние Мейрамбек мектептен келдi де, қозыларын өрiске айдап шықты. Ауыл сыртындағы алаңқайдың көк шөбi жер бетiнен ине бойы көтерiлiп қалған. Күн жылы. Төмпешiктiң түстiк бетiне сарғалдақтар қаптап өскен. Мейрамбек қозыларына бiраз қарайлады. Сөйттi де сарғалдақтар өскен қырға жүгiре жөнелдi. Жоғары көтерiлдi. Былтыр осы төбеге зорға шыққан едi. Төбенiң үстiнен ауылға қарады. Ана тұста өзiнiң үйi, ал сонау жерде өзiмен бiрге оқитын Марат пен Айгүлдiң үйi. Олар аулаларының алдынан көрiнбейдi. Әйтпесе қолын бұлғап, дауыстап шақырар едi. Мейрамбек шөп арасында жайқала өскен сарғалдақтар үстiне шалқая жатып, заңғар аспанға көз тастады. Көкте әппақ мақта секiлдi бұлттар жүзiп барады. Мейрамбек ендi байқады, аспан керемет екен! Төбедегi бұлттар тұңғиық су iшiнде қалқып жүзген ақ бауыр қаздардан аумайды. Анау бiр бүлт ше? Ол тау-тау қып үйген ақ бұйра жүндей екен. Мына шеттегi бұлттың үстiне шығып алып жер-дүниенi серуендер ме едi, шiркiн! Жо-жоқ, болмайды. Атасы мен әжесiн тастап не көрiнiптi. Мейрамбек бүгiн көктемнiң ғажайып сырына елжiрей қарады. Биылғы көктем есiнде ұзақ сақталар-ау. Әсiресе, жаңа ғана көкке қарап шалқалап жатып, дүниенiң ғажап екеніне қайран қалғанын қарасаңшы. Анау төмендегi ауылда өзiмен қол ұстасып бiрге жүрiп, бiрге оқитын Марат пен Айгүлдiң қасында жоғын айтсайшы! Мейрамбек орнынан тұрды да, қырдан еңiске қарай көйлегiнiң түймелерiн ағытқан қалпы зымырай жөнелдi. 4. Мейрамбектің ауыл шетіне бару себебі не?

1) Қой бағуға
2) Қозы бағуға
3) Сиыр бағуға
4) Бұзау бағуға

5. 5. Әңгімедегі жыл мезгілі

1) Жаз
2) Көктем
3) Қыс
4) Күз

6. 6. Мейрамбектің қызыға тамашалағаны не?

1) Алыстағы үйлер
2) Аспандағы бұлттар
3) Жайылған қозылар;
4) Қырдағы сарғалдақтар;

7. 7. Мейрамбектің бірге оқитын достары

1) Серік
2) Берік
3) Сәлім
4) Марат

8. «Қобыланды батыр» жырындағы негізгі

1) Батылдық, елін-жерін қорғау
2) Досының қамын ойлау
3) Табиғатты суреттеу
4) Тайбурылды сынау

9. 9. М. Мақатаев «Үш бақытым» өлеңіңде ақын Халқын, Тілін, Отанын қандай көркем сөздерге теңейді?

1) Қымбаттырақ алтыннан. Қасиетті тіл. Отан оттан да ыстық.
2) Қадірлі тіл, Ұлы отанға теңейді
3) Қасиетті, бай тілге теңейді
4) Алтынға, күміске теңейді

10. 10. Мәтіндегі кездескен өсімдік

1) Жусан
2) Сарғалдақ
3) Шырмауық
4) Қызғалдақ

11. Мәні тең болатын өрнектерді тап

1) 62-4*52+14
2) 33-18*52+4
3) 32+65*45-12
4) 14+24*42-4

12. Уақыт өлшем бірліктерін өсу ретімен орналасқан қатарды тап

1) ай , күн, жыл, ғасыр, апта , сағат
2) ай, күн, ғасыр, апта , жыл, сағат
3) сағат, күн, апта , ай, жыл , ғасыр
4) апта , ай , күн, сағат, жыл , ғасыр

13. Бірінші сыныпта 50 оқушы бар , ал екінші сыныпта оған қарағанда 20 оқушы кем . Мектепте қанша екінші сынып оқушысы бар ?

1) 20
2) 40
3) 30
4) 25

14. Есепке сәйкес теңдеуді белгіле . Ажарда -8 , ал Санжарда -х үстел ойыны бар. Барлығы 15 үстел ойыны болды. Санжарда неше үстел ойыны бар ?

1) 15-х=8
2) х-8=15
3) 8+х=15
4) 15+х= 8

15. Амалдардың орындалу ретін көрсет : 36: (16-7)*8

1) азайту , бөлу , көбейту
2) көбейту, азайту, бөлу
3) көбейту , бөлу , азайту
4) азайту, көбейту , бөлу

16. Тіктөртбұрыштың ауданын табу формуласын белгіле .

1) S=2*a-b
2) S=a*b
3) S=(a*b):2
4) S=a2

17. Өрнекте . 1сағ 16мин= мин

1) 76 мин
2) 77мин
3) 116мин
4) 75мин

18. Фермер 4 сағат ішінде 12 соттық жерді жыртты , 6 сағат ішінде ол қанша жерді жыртатынын анықта .

1) 8 соттық
2) 18 соттық
3) 12 соттық
4) 20 соттық

19. Қалдықпен бөлуді орында 3582:20

1) 179 (1қ)
2) 178 (2қ)
3) 179 (2қ)
4) 178 (1қ)

20. Велосипедші 14 км/сағ жылдамдықпен 28 км жүрді . Ол осы жолды қанша уақытта жүріп өтті ?

1) 2сағ
2) 42 сағ
3) 392 сағ
4) 3сағ