Тест: Биотехнологияның негізгі бағыттары және отандық жетістіктері


Список вопросов


1. Биотехнология дегеніміз не?

1) Өсімдіктердің жаңа сұрыптарын, жануарлардың асыл тұқымын шығару
2) Биотехнологияның экологиялық мәселелерді шешуге қатысуы
3) Биологиялық организмдердің қатысуымен жүретін процестерді адамның мақсатына сай өзгерту арқылы өндірісте пайдалану

2. Биотехнологияның басты мақсаты -

1) Биологиялық организмдердің қатысуымен жүретін процестерді адамының мақсатына сай өзгерту арқылы өндірісте пайдалану
2) Өсімдіктердің жаңа сұрыптарын, жануарлардың асыл тұқымын, микроорганизмдердің штамдарын шығару.
3) Биотехнологияның экологиялық мәселелерді шешуге қатысуы

3. "Биотехнология" терминін алғаш рет 1919 жылы кім енгізді?

1) М.Гильманов
2) Венгр ғалымы К.Эреки
3) С.Сартаев

4. Ежелден ата-әжелеріміз микроорганизмдерді не үшін пайдаланған?

1) экологиялық мәселелерді шешу үшін
2) қымыз, шұбат, айран ашыту үшін
3) ластанған суды тазарту үшін

5. Қазіргі биотехнологияның қандай негізгі бағыттары бар екенін анықтаңыз.

1) молекулалық биология, генетика
2) биохимия, микробиология
3) микробиологиялық өндіріс, жасушалық инженерия, гендік инженерия

6. Биологиялық белсенді заттар-

1) гормондар, ферменттер, дәрумендер
2) уран, мыс, колбальт
3) сірке және лимон қышқылы

7. Егер жануарлар организмінде лизин жетіспесе -

1) биологиялық заттың түрі синтезделеді
2) денесінің өсуі тоқтайды
3) қоршаған ортаны ластайды

8. Уран, мыс, кобальт сияқты металл қалдықтарымен ластанған суды тазарту үшін:

1) өсімдіктердің жаңа сұрыптарын пайдаланады
2) микроорганизмдердің штамдарын пайдаланады
3) өз жасаушаларына жинайтын бактериялардың түрлерін пайдаланады.

9. Ғылымда топырақтың қуаты сарқылып, нәрінен айырылуын не дейді?

1) азықтың құнарлығы
2) эрозияға ұшырауы
3) биологиялық препарат

10. Бұршақтұқымдас дақылдардың өнімін арттыратын биопрепарат-

1) Казбиосил
2) Ризовит- АКС
3) Бакойл - KZ

11. Казбиосил қандай биопрепарат?

1) ластанған топырақты тазартуға арналған
2) бұршақтұқымдас дақылдардың өнімін арттыратын
3) малазықты сүрлеуге арналған

12. Бакойл -KZ не үшін пайдаланылады?

1) бұршақтұқымдас дақылдардың өнімін арттыруға
2) ластанған топырақты тазартуға
3) малазықты сүрлеуге

13. Мәтін мазмұны бойынша Қазақстандағы ең өзекті мәселелердің бірі -

1) топырақты тазарту
2) азықтың құнарлылығын арттыру
3) қоршаған ортаны тазарту

14. Мұнай өндіретін өнеркәсіптердің басым бөлігі ..... аймағында орналасқан.

1) Батыс Қазақстан
2) Оңтүстік Қазақстан
3) Солтүстік Қазақстан

15. Бакойл отандық препаратын .... .... .... кен орындарындағы мұнаймен ластанған жерлерде сынақтан өткізіп, нәтижесінде топырақтағы мұнай құрамы 90-нан 98 пайызға дейін төмендеді.

1) Қосшағыл, Жаңаталап, Байшонас
2) Кенбай, Сағыз, Ескене
3) Ескене, Байшонас, Кенбай

16. Сабақтас құрмалас сөйлемнің сыңарлары қалай аталады?

1) Тиянақты, тиянақсыз
2) Жалпы, жалқы
3) Бағыныңқы, басыңқы

17. Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлеммен қалай байланысады?

1) Есімше, көсемше формалары арқылы
2) Сын есім, сан есімдер арқылы
3) Шылаулар арқылы

18. Сабақтас құрмалас сөйлем мағыналық жағынан неше түрге бөлінеді?

1) 6
2) 5
3) 3

19. Бағыныңқы сыңары басыңқы сыңарда айтылған іс - әрекеттің болу уақытын көрсететін сабақтастың түрін анықтаңыз.

1) Мезгіл бағыныңқылы
2) Мақсат бағыныңқылы
3) Себеп бағыныңқылы

20. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас қандай сұрақтарға жауап беретінін көрсетіңіз

1) Қалай, қалайша?
2) Қандай, қайда?
3) Қашан, қашаннан бері?