Тест: акушерия


Список вопросов


1. Сыртқы жыныс мүшелеріне жатпайды

1) қасаға
2) үлкен және кіші жыныс еріндері
3) қынаптың кіреберісі
4) клитор
5) қынап

2. Ішкі жыныс мүшелеріне жатпайды

1) қынап
2) аналық бездер
3) түтіктер
4) вульва
5) жатыр

3. Овуляцияға анықтама беріңіз

1) фолликулдың керi дамуы
2) сары дене тұзiлуi
3) iрi фолликулдың жарылып,iшiнен жетiлген ұрық клеткасының шығуы
4) ұрық клеткасының пiсiп жетiлуi
5) фолликуланың пiсiп жетiлуi

4. Қалыпты етеккір ағымында сары дене күн өмір сүреді

1) 21
2) 5-6
3) 14
4) 2
5) 3-4

5. Іш пердесiмен жабылады

1) жатыр денесi
2) жатыр мойнының iшкi ернеуі
3) аналық бездер
4) қынап
5) жатыр мойны

6. Жүктіліктің болмағанында сары дене

1) функциоланады
2) пайда болады
3) дамиды
4) прогрестенеді
5) регрестенеді

7. Эндометрийдің функционалды қабатының сылынуы аталады

1) пролиферация
2) менархе
3) менструация
4) овуляция
5) секреция

8. Базалды температура өлшенеді

1) қолтық астында
2) қынапта
3) тік ішекте
4) шат қатпарында
5) ауыз құысында

9. Базалды температура тік ішекте өлшенеді

1) жыныстық қатынасынан кейін
2) түсте , ас алдында
3) кешке , ұйқы алдында
4) таңертең ,төсектен тұрмай
5) таңертең , аш қарында

10. Қарашық симптом анықтайды

1) эндометрийдің өэгеруін
2) қынап цианозын
3) қынаптағы шырышының өзгеруін
4) жатыр мойнының цианозын
5) жатыр мойнының шырышындағы өзгерістерді

11. Менструация кезінде қабат сылынады

1) бұлшықетті
2) спонгиозды
3) функционалды базалды
4) эндотелиалды
5) базалды

12. Менструалды циклдың секреция фазасында

1) беткейлі қабатының қалындауы
2) бездердің секрециясы күшейеді
3) бездердің секрециясы болмайды
4) бездердің секрециясы күшейеді азаяды
5) функциональды қабатының сылынуы

13. Менархеге анықтама беріңіз

1) менструацияның болмауы
2) менструацияның тоқтауы
3) соңғы менструацияның 1-ші күні
4) соңғы менструация
5) бірініші менструация

14. Менструалдық циклдың 1 – ші фазасы аталады

1) фолликулярлы
2) аналы бездік
3) стимуляцияланған
4) репродуктивті
5) лютеинды

15. Босану каналы құралады

1) кіші жамбас сүйектері және жұмсақ ұлпаларымен
2) үлкен жамбас сүйектерімен
3) қынап және ішекпен
4) құық және жатырмен
5) жұмсақ ұлпалармен

16. Ұрықтануға анықтама беріңіз

1) сары дене түзiлуi
2) пiсiп жетiлген фолликулдың жарылуы
3) сперматозоидтың пiсiп жетiлуi
4) ұрық клеткасының пiсiп жетiлуi
5) ұрық клеткасы мен сперматозоидтардың қосылуы

17. Ұрық дамудың сатысында жатыр қуысына түседi

1) плацентация
2) морула
3) органогенез
4) бластоциста
5) зигота

18. Эмбриогенез ұрық дамуының аптасында аяқталады

1) 10
2) 6
3) 12
4) 4
5) 8

19. Ана мен іштегі нәресте арасындағы қарым – қатынас жүреді

1) ұрықтың сулы қабықтары арқылы
2) жатырдың децидуалды қабығы арқылы
3) плацента арқылы
4) миометрий арқылы
5) жатыр қабырғасының барорецепторлар арқылы

20. Қағанақ суының нәрестеге әсері

1) қозғалысына жағдай туғызады
2) өсіп -дамуын тежейді
3) токсикалық әсер етеді
4) жағымсыз механикалық күш көрсету
5) қозғалысына кедергі жасайды

21. > Кіндік бауының ішінде тамырлары өтеді

1) екі вена
2) бір вена және бір артерия
3) екі артерия
4) екі артерия және бір вена
5) екі вена және бір артерия

22. Хорион дамиды

1) эмбриобластан
2) жатырдың кiлегейлi қабатынан
3) аллантойстан
4) трофобластан
5) амнион көпiршiгiнен

23. Қағанақ суына анықтама беріңіз

1) ұрықтың зәрi
2) амнион эпителийiнiң секретi
3) ана қанының транссудаты
4) ұрықтың майлы бездерiнiң бөлiнулерi
5) децидуалдық қабықтың бездерiнiң секретi

24. > Плацента дамиды

1) бүрлi хорион мен децидуалды қабықтың базалды бөлiгiнен
2) амнион эпителиясынан
3) децидуалды қабықтың капсулярлық бөлiгiнен
4) хорионнан
5) децидуалды қабықтың париеталды бөлiгiнен

25. Плацентаның қызметiне жатпайды

1) гормон синтезi
2) ана мен ұрық қаны араласуы
3) трофикалық алмасу
4) тыныс алу
5) зат алмасу

26. Плацента жүктiлiктiң мына аптасында қалыптасады

1) 10-11
2) 14-15
3) 19-20
4) 16-18
5) 21-23

27. Амбулаторлық акушерлі –гинекологиялық көмек көрсететін мекеме

1) әйелдер кеңес орны
2) аурухана
3) балалар поликлиникасы
4) перзентхана
5) поликлиника

28. Әйелдер кеңес орнының мақсаты

1) қан кетуде көмек көрсету
2) оперативті ем жүргізу
3) аборттардың алдын алу, сан-ағарту жұмысы
4) босануларды қабылдау
5) гестоздарды емдеу

29. Әйелдер кеңес орнында жүктілердің бақылау мәліметтері жазылады

1) сырқатнамаға
2) жүкті әйелдің жеке картасына
3) босану тарихына
4) амбулаторлы картаға
5) статистикалық картаға

30. Әйелдер кеңес орнының негізгі мақсаты

1) іріңді септикалық ауруды бастапқы сатысында анықтау
2) балаларды бақылау
3) экстрагениталды ауруы бойынша жүктілерге кеңес беру
4) босанудағы асқынуларды емдеу
5) ана мен бала өлімін азайту

31. Жүктілер мен гинекологиялық науқастарға көмек көрсететін емдік профилактикалық орын

1) әйелдер кеңес орны
2) облыстық ауруханалар
3) тері-венерология диспансері
4) облыстық балалар емханасы
5) емханалар

32. Әйелдер кеңес орнының жұмысы

1) гестоздарды емдеу
2) босануларды жүргізу
3) түсіктердің алдын –алу, санитарлы –ағарту жұмыстары
4) босану тарихын толтыру
5) ауру тарихын толтыру

33. Әйелдер кеңес орнында гинекологиялық науқасты бақылау мәліметтері жазылады

1) босану тарихына
2) жүкті әйелдің жеке картасына
3) статистикалық картаға
4) ауру тарихына
5) амбулаторлы картаға

34. Босануға дейінгі патронаж жасалады

1) жүктілік кезінде
2) босану кезінде
3) босанғаннан кейін
4) түсіктерден кейін
5) гинекологиялық аурулар кезінде

35. Босанғанан кейінгі патронаж аралығында жасалады

1) 6 апта
2) 3 тәулік
3) 1 ай
4) 2 апта
5) 3 апта

36. > Әйел жүктіліктің аптасына дейін есепке алынуы керек

1) > 20-шы
2) > 22-ші
3) > 12-ші
4) > 18-ші
5) > 6-шы

37. Босануға дейінгі және босанғаннан кейінгі патронажды жасайды

1) невропатолог
2) хирург
3) санитарка
4) терапевт
5) акушерка

38. Жүктіліктің І триместрінде жүктілерді бақылау жүргізіледі

1) айына 1 рет
2) екі аптада 1 рет
3) аптасына 1 рет
4) 10 күнде 1 рет
5) > айына 2 рет

39. Әйелдер кеңес орнының негізгі көрсеткіші

1) жүктілерді ерте есепке алу
2) ерте неонатальды өлім
3) перинатальдық аурулар
4) перинатальдық өлім
5) ана өлімі

40. Перзентханада жүкті әйелдерді қабылдауды жүргізеді

1) хирург
2) акушер- гинеколог
3) терапевт
4) санитарка
5) невропатолог

41. Акушерлік және экстрагенитальды аурулары бар жүктілер бөліміне жатқызылады

1) реанимация
2) жаңа туған нәресте
3) жүктілер патологиясы
4) обсервация
5) физиология

42. Жүктілер және босанатындарды перзентханаға жатқызу бөлімінде жүргізіледі

1) физиология
2) реанимация
3) обсервация
4) қабылдау
5) жүктілер патологиясы

43. Жүкті, босанатын, босанған әйелдерге стационарлық көмек көрсетіледі

1) көз емханасында
2) қалалық емханада
3) облыстық балалар ауруханасында
4) әйелдер кеңес орнында
5) перзентханада

44. Әйелдер кеңес орнында жүктілік ағымы туралы мәліметтер толтырылады

1) жолдамаға
2) алмасу картасына
3) босану тарихына
4) ауру тарихына
5) жеке куәлікке

45. Әйелдер кеңес орнының құрылымына кірмейді Әйелдер кеңес орнының құрылымына кірмейді

1) тіркеу бөлімі
2) дәрігерге дейінгі бөлме
3) босану залы
4) жатыр мойнының патология бөлмесі
5) лаборатория

46. Әйелдер кеңес орнының құрылымына кіреді

1) психопрофилактика бөлмесі
2) жүктілер патологиясы бөлімі
3) реанимация бөлімі
4) босану залы
5) обсервация бөлімі

47. > Перзентхана құрылымына кірмейді

1) жүктілер патологиясы бөлімі
2) реанимация бөлімі
3) босану залы
4) жатыр мойнының патология бөлмесі
5) обсервация бөлімі

48. Перзентхана құрылымына бөлімі кірмейді

1) жүктілер патологиясы
2) реанимация
3) физиология
4) жаңа туылған нәрестелер
5) тіркеу

49. Дәрігерге дейінгі бөлмеде жасалынады

1) қынаптық тексеру
2) іш айналымын өлшеу
3) УДЗ
4) айнамен қарау
5) дене салмағын өлшеу

50. Обсервация бөліміне қабылдауға жатпайды

1) дені сау әйел
2) жедел процесс
3) созылмалы процесстің өршуі
4) дене қызуының жоғарылауы
5) жолдағы босану

51. Босану бөлімі тұрады

1) босану залы, УДЗ кабинеттен
2) босанғанға дейін , қарау бөлмесінен
3) босанғанға дейін және босанғаннан кейінгі бөлмеден
4) босанғанға дейін, босану залы, опер. блоктан
5) босанғанға дейін, УДЗ кабинеттен

52. Қабылдау бөлімшесінде болмайды

1) таразы
2) бой өлшегіш
3) гинекологиялық кресло
4) кювез
5) кушетка

53. Операциялық бөліміне кіреді

1) операцияға дейінгі , босану палатасы
2) операцияға дейінгі, реанимация
3) операцияға дейінгі , операциялық бөлме
4) УДЗ кабинеті, операциялық бөлме
5) босануға дейінгі, операцияға дейінгі

54. Дене қызуы қалыпты, инфекциялық аурларының белгілері жоқ босанған әйел бөліміне жатқызылады

1) реанимация
2) физиология
3) жаңа туған нәресте
4) жүктілер патологиясы
5) обсервация

55. Босанған әйел босану залында медицина қызметкерлерінің бақылауында болады

1) 12 сағат
2) 6 сағат
3) 8 сағат
4) 2-4 сағат
5) 24 сағат

56. Акушерлік стационардың І деңгейіне кіреді

1) ауылдық жергілікті аурухана
2) мемлекеттік ана және бала орталығы
3) перинаталдық орталық
4) қалалық перзентхана
5) қалалық перзентхана

57. Акушерлік стационардың ІІ деңгейіне кіреді

1) жанұялық дәрігерлік амбулатория
2) мемлекеттік ана және бала орталығы
3) аудандық перзентхана
4) перинаталдық орталық
5) ауылдық жергілікті аурухана

58. Нәрестенің антенатальды өлуін айтамыз

1) туылғаннан кейін
2) 12 апталық жүктіліктен бастап босанудың І кезеңіне дейін
3) туылу кезінде
4) 22 апталық жүктіліктен бастап босанудың І кезеңіне дейін
5) 28 апталық жүктіліктен бастап босанудың І кезеңіне дейін

59. Нәрестенің интранаталды өлуін айтамыз

1) босану кезінде
2) 12 апталық жүктіліктен бастап босанудың І кезеңіне дейін
3) туылғаннан кейін
4) 22 апталық жүктіліктен бастап босанудың І кезеңіне дейін
5) 28 апталық жүктіліктен бастап босанудың І кезеңіне дейін

60. Нәрестенің ерте неонаталды өлуін айтамыз

1) 12 апталық жүктіліктен бастап босанудың І кезеңіне дейін
2) 28 апталық жүктіліктен бастап босанудың І кезеңіне дейін
3) туылғаннан кейін 1 аптада
4) 22 апталық жүктіліктен бастап босанудың І кезеңіне дейін
5) босану кезінде

61. Ұрықтанған жасушаның бөлінуі сағаттан кейін басталады

1) 24
2) 12
3) 7-8
4) 2-3
5) 1

62. Ұрықтану кезінде эндометрий фазасына сәйкес келеді

1) овуляция
2) трансформация
3) секреция
4) сары дене
5) пролиферация

63. Амнионға анықтама беріңіз

1) сары қапшық
2) қорғаушы қапшық
3) қоректендіруші қабық
4) қағанақ қапшығы
5) децидуалды қабық

64. Қағанақ суына анықтама беріңіз

1) қан плазмасы
2) жұлынның сұйықтығы
3) лимфа сұйықтығы
4) қағанақ қапшығы
5) ұрықты қоршап жататын биологиялық орта

65. Леопольдтың I-шi тәсiлімен анықтайды

1) нәрестенің жақын жатқан бөлiгiн
2) нәресте басының қимылдауын
3) нәресте позициясын
4) жатыр түбi деңгейi мен түбiндегi нәресте бөлiгiн
5) нәресте түрiн

66. Леопольдтың II-шi тәсiлімен анықтайды

1) жатыр түбi деңгейiн
2) нәрестенiң жақын жатқан бөлiгiн
3) нәресте басының қимылын
4) нәресте позиция мен түрiн
5) нәрестенiң майда бөлiктерiн нәрестенiң майда бөлiктерiн

67. Аймақтық акушер-гинеколог жұмысының негізгі көрсеткіші

1) диспансерлік бақылауға алынған жүктілер саны
2) диспансерлік бақылауға жүктілерді ерте (12 аптаға дейін )алу
3) жүктілердің дәрігерге қаралғандығының орта саны
4) босанған әйелдер саны
5) жүктілерді толық тексеру көрсеткіші

68. Дамып жатқан жүктілікте болмайды

1) жатыр формасының өзгеруі
2) пальпацияға реакцияның өзгеруі
3) жатыр өлшемдерінің ұлғаюы
4) жатырдың жұмсаруы
5) жатырдың тығыздануы

69. Акушерлікте УДЗ анықтамайды

1) дамымай қалған жүктілікті
2) ұрық жағдайын
3) жамбас өлшемдерін
4) ұрықтың даму ақауларын
5) плацентаның орналасуын және оның патологиясын

70. Жүктілік және босану мерзімдерін анықтауға болмайды

1) УДЗ берілгенінен
2) соңғы етеккірдің бірінші күнінен
3) әйелдер кеңесінің мәліметтерінен
4) ұрықтың бірінші қимылынан
5) ұрықтың орналасуынан

71. Жүктіні диспансерлік бақылауға алғанда қаралуы қажет

1) окулистпен
2) эндокринологпен
3) терапевтпен
4) хирургпен
5) невропатологпен

72. Жүкті әйелдер кеңесіне әр келген сайын тапсыру қажет

1) жалпы зәр анализі
2) жыныс жолдарынан тазалыққа жағынды алу
3) жалпы қан анализін
4) стафилококка мұрынынан жағынды алу
5) ішек құрттары жұмыртқаларына кал анализі

73. Функциональдық диагностика тесттеріне жатпайды

1) дене температурасын өлшеу
2) « папоротник жапырағы » симптомы
3) тік ішектегі температураны өлшеу
4) цервикальды кілегейдің созылғыштығы
5) кариопикнотикалық индексін анықтау

74. Жүктiлiктiң анық белгiлерiне жатады

1) жатырдың мойын бөлiгiнiң көгеруi
2) жатырдың жұмсаруы
3) етеккiрдiң болмауы
4) жатырдың үлкеюi
5) жатырдағы нәрестенiң бөліктерін қолмен анықтау

75. Мезгiлi жеткен жүктiлiкте қағанақ суы болады

1) 1500-2000 мл
2) 300-400 мл
3) 500-600 мл
4) 500-700 мл
5) 500-1500 мл

76. Кiшi және үлкен жамбастың шекарасы болып табылады

1) шекаралық сызық,мүйiс,шат сүйектерiнiң жоғарғы жиегi
2) мықын сүйектерiнiң қыры,омыртқа бағанасы
3) мықын сүйектерiнiң қанаттары,құрсақтың алдыңғы қабырғасы
4) ұршық ойысы,симфиз
5) шонданай бұдырлары,симфиздiң төменгi жиегi,құйымшақ

77. Жамбас сүйегінің құрамына мына сүйегі жатпайды

1) сан
2) шат
3) сегiзкөз
4) құйымшақ
5) мықын

78. Кіші жамбас қуысының тар бөлігі жазықтығының тік өлшемі

1) 11см
2) 12см
3) 13 см
4) 14 см
5) 5 см

79. Кіші жамбас қуысының тар бөлігі жазықтығының көлденең өлшемі

1) 13 см
2) 14 см
3) 15 см
4) 12см
5) 10,5см

80. Жамбас түбiнiң бұлшықеттерi қабаттан тұрады

1) 2
2) 4
3) 3
4) 1
5) 5

81. Conjgata vera тең

1) 11 см-ге
2) 9 см-ге
3) 10 см-ге
4) 9,5 см-ге
5) 10,5 см-ге

82. Жамбастың кiреберiс жазықтығының қиғаш өлшемi

1) 12 см
2) 9 см
3) 13 см
4) 10 см
5) 11 см

83. Жамбастың кiреберiс жазықтығының көлденең өлшемi

1) 11см
2) 12 см
3) 13 см
4) 11,5 см
5) 14 см

84. Жамбастың кiреберiс жазықтығының алдыңғы шекарасы

1) симфиздiң жоғарғы жиегi
2) симфиз
3) симфиздiң төменгi жиегi
4) шат сүйегi
5) шат бұрышы

85. Жамбастың шығаберiс жазықтығының көлденең өлшемi

1) 9 см
2) 10 см
3) 11см
4) 10,5 см
5) 11,5 см

86. Нәрестенiң позициясына анықтама беріңіз

1) нәресте басының кiшi жамбас кiреберiсiне қатынасы
2) нәресте арқасының жатырдың алдыңғы немесе артқы қабырғасына қатынасы
3) нәресте арқасының жатырдың оң немесе сол қабырғасына қатынасы
4) нәрестенiң майда бөлiктерiнiң жатырдың оң немесе сол жақ қабырғасына қатынасы
5) нәресте жамбасының кiшi жамбас кiреберiсiне қатынасы

87. Distantia cristarum мықын сүйектерi өлшенедi

1) алдыңғы төменгi өсiндiлерi арасында
2) алдыңғы жоғарғы өсiндiлерi арасында
3) артқы жоғарғы өсiндiлерi арасында
4) ең алыс нүктелерi арасында
5) артқы төменгi өсiндiлерi арасында

88. Distantia trochanterica өлшенедi

1) мықын сүйектерiнiң артқы жоғарғы өсiндiлерi арасында
2) мықын сүйектерiнiң ең алыс нүктелерi арасында
3) мықын сүйектерiнiң алдыңғы төменгi өсiндiлерi
4) мықын сүйектерiнiң алдыңғы жоғарғы өсiндiлерi арасында
5) сан сүйектерiнiң үлкен ұршықтары басының арасында

89. Сыртқы акушерлік зерттеуге жатады

1) қынаптық зерттеу
2) жамбасты өлшеу
3) айналармен қарау
4) амниоскопия
5) антропометрия

90. Distanta spinarum, cristarum, trochanterica, conjugatа externa өлшемдері тән

1) кіші жамбасқа
2) ұрық басына
3) үлкен жамбасқа
4) іш айналымына
5) жатыр биіктігіне

91. Жамбас бөліктері тұрады

1) сыртқы және ішкі
2) үлкен және кіші
3) жалпы тарылған және жайпақ рахитті
4) жоғарғы және төменгі
5) көлденең тарылған және жайпақ рахитті

92. Кіреберіс, кең, тар, шығаберіс жазықтықтары тән

1) кіші жамбасқа
2) үлкен жамбасқа
3) тар жамбасқа
4) ер жамбасқа
5) әйел жамбасқа

93. Жамбастың иілу бұрышы

1) 90о
2) 15-25о
3) 100о
4) 180о
5) 45-55о

94. Ұрықтың жүрек соғысы анық аускультация арқылы мына апталық жүктілікте естіледі

1) 22
2) 12
3) 20
4) 16
5) 25

95. Жүктінің іш айналымы өлшенеді

1) стетоскоп арқылы
2) сантиметрлі лента арқылы
3) жамбас өлшегіш арқылы
4) айналар арқылы
5) Фолькман қасықшасы арқылы

96. Құрсақ ішіндегі нәрестенің жүрек соғуын тыңдаймыз

1) семсер тәрізді өсіндісі деңгейінде
2) кіндік деңгейінде
3) қасаға деңгейінде
4) қасағадан 2 см жоғары деңгейінде
5) семсер тәрізді өсіндісінен 2 см төмен деңгейінде

97. Соловьев индексі өлшенеді

1) жамбас өлшегішпен
2) сантиметрлі лентамен
3) айналармен
4) таяқпен
5) стетоскоппен

98. Соловьев индексі деп мына өлшемі аталады

1) кіші жамбас
2) іш айналымының
3) үлкен жамбас
4) қол білезігі айлымының
5) жамбас түбі биіктігі

99. Шынайы конъюгатаның өлшемі не арқылы анықталады

1) conjugatа externa
2) variant> іштің айналымы
3) distantia spinarum
4) distantia cristarum
5) distantia trochanterica

100. Ұрықтың мүшелерінің дұрыс орналасуы- бұл сәйкестігі

1) ұрықтың көлденең осінің жатырдың тік осіне
2) ұрықтың көлденең осінің жатырдың көлденең осіне
3) кіші жамбастың шығаберісіне ұрық басының
4) ұрық аяқ – қолдарының басы мен денесіне
5) ұрық осінің жатыр осіне сәйкестігі

101. Ұрық позициясы болады

1) бірінші және екінші
2) алдыңғы және артқы
3) оң және сол
4) төменгі және жоғары
5) сыртқы және ішкі

102. Ұрық арқасы жатырдың сол қабырғасына қарағаны

1) жоғарғы позиция
2) алдыңғы позиция
3) артқы позиция
4) бірінші позиция
5) екінші позиция

103. Ұрық арқасы жатырдың оң қабырғасына қарағаны

1) жоғарғы позиция
2) екінші позиция
3) алдыңғы позиция
4) артқы позиция
5) бірінші позиция

104. Ұрықтың көлденең және қиғаш жатуында позиция бойынша анықталады

1) аяғы
2) қолы
3) жамбасы
4) басы
5) арқасы

105. Ұрықтың қалыпты орналасуы

1) оң қиғаш
2) жамбаспен
3) көлденең
4) сол қиғаш
5) ұзына бойы

106. Ұрықтың ірі бөлігінің кіші жамбас кіреберісіне сәйкестігін атаймыз

1) позицисының түрі
2) позициясы
3) орналасуы
4) жақын жатуы
5) мүше орналасуы

107. Ұрықтың басымен жатуы кездеседі

1) 15%
2) 3,5%
3) 79%
4) 50%
5) 96%

108. Жүктіліктің 37 аптасынан кейін, 2499 г салмағымен , 45 см – ден ұзын бойымен туылған нәрестені атаймыз

1) жетілген
2) науқас
3) жетілмеген
4) мерзіміне жетпеген
5) мерзіміне жеткен

109. Жетілген нәрестенің басы бөліктерден тұрады

1) шүйде және бет
2) маңдай және самай
3) үлкен және кіші
4) алдыңғы және артқы
5) ми және бет

110. Ұрық басының ми бөлігі сүйектерден тұрады

1) 8
2) 7
3) 6
4) 10
5) 5

111. Ұрық басындағы тігістердің қиылысқан жері аталады

1) шеміршек
2) түбі
3) осі
4) еңбек
5) жазықтық

112. Жүктілік мерзімінің диагнозы жазылады

1) айлармен
2) аптамен
3) күндермен
4) сағатпен
5) тәулікпен

113. Жүктіліктің 4 аптасында жатыр өлшемі ұлғайған

1) жұдырықтай
2) тауық жұмыртқасындай
3) нәресте басындай
4) жаңғақтай
5) үйрек жұмыртқасындай

114. Жүктіліктің 8 аптасында жатыр өлшемін ұлғайған

1) нәресте басындай
2) жаңғақтай
3) үйрек жұмыртқасындай
4) жұдырықтай
5) тауық жұмыртқасындай

115. Жүктіліктің 12 аптасында жатыр өлшемі ұлғайған

1) жаңғақтай
2) үйрек жұмыртқасындай
3) нәресте басындай
4) жұдырықтай
5) тауық жұмыртқасындай

116. Жатыр түбі жүктіліктің 16 аптасында орналасады

1) қасағадан 28- 30 см жоғары
2) қасағадан 24 см жоғары
3) қасағадан 6 см жоғары
4) кіндік деңгейінде
5) қасағадан 12 см жоғары

117. Жатыр түбі жүктіліктің 20 аптасында орналасады

1) кіндік деңгейінде
2) қасағадан 28- 30 см жоғары
3) қасағадан 34-36 см жоғары
4) қасағадан 12 см жоғары
5) қасағадан 24 см жоғары

118. Жатыр түбі жүктіліктің 24 аптасында орналасады

1) семсер тәрізді өсінді деңгейінде
2) қасағадан 34-36 см жоғары
3) кіндік деңгейінде
4) қасағадан 28- 30 см жоғары
5) қасағадан 24 см жоғары

119. Жатыр түбі жүктіліктің 28 аптасында орналасады

1) семсер тәрізді өсінді деңгейінде
2) қасағадан 34-36 см жоғары
3) қасағадан 28- 30 см жоғары
4) қасағадан 24 см жоғары
5) кіндік деңгейінде

120. Жатыр түбі жүктіліктің 32 аптасында орналасады

1) қасағадан 34-36 см жоғары
2) семсер тәрізді өсінді деңгейінде
3) кіндік деңгейінде
4) қасағадан 28-30 см жоғары
5) қасағадан 24 см жоғары

121. Жатыр түбі жүктіліктің 36 аптасында орналасады

1) кіндік деңгейінде
2) қасағадан 24 см жоғары
3) семсер тәрізді өсінді деңгейінде
4) қасағадан 34-36 см жоғары
5) қасағадан 28-30 см жоғары

122. Жүктіліктің 40 аптасында жатыр түбі қасағадан жоғары орналасады

1) 35-36 см
2) 28-30 см
3) 24 см
4) 12 см
5) 20 см

123. Акушерлікте анамнез жинау кезінде арнайы болып саналады

1) өмір анамнезі
2) репродуктивті
3) объективті мәліметтер
4) ауры анамнезі
5) паспорттық мәліметтер

124. Ұрыққа қаупі ең төмен зерттеу әдісі

1) фетоскопия
2) амниоцентез
3) амниоскопия
4) хорион биопсиясы
5) кордоцентез

125. Төбе жігінің жамбасқа кіреберіс жазықтығында шат пен сегізкөз мүйісіне қатынасы аталады

1) түрі
2) қондырылуы
3) жақын жатуы
4) қондырылуы
5) позициясы

126. Жамбастың қай өлшемі 20-21 см тең

1) диагональдық коньюгата
2) нағыз коньюгата
3) қисық коньюгата
4) сыртқы коньюгата
5) бүйір коньюгата

127. Кордоцентезге анықтама беріңіз

1) жүкті әйелдің жатырының артериясынан сынамаға қан алу
2) іштегі нәрестенің кіндік бау венасынан сынамаға қан алу
3) қынап арқылы қағанақ суын алу
4) құрсақ арқылы қағанақ суын алу
5) жүкті әйелдің қанынан эстрогендерді анықтау

128. Сыртқы коньюгата симфиздің бұрышы арасында өлшенедi

1) жоғарғы қыры мен Михаэлис ромбысының төменгi
2) төменгi қыры мен Михаэлис ромбысының жоғарғы
3) жоғарғы қыры мен Михаэлис ромбысының жоғарғы
4) төменгi қыры мен Михаэлис ромбысының төменгi
5) жоғарғы қыры мен Михаэлис ромбысының кез келген

129. Distantia cristarum тең

1) 30-31 см-ге
2) 27-28 см-ге
3) 31-39 см-ге
4) 25-26 см-ге
5) 28-29 см-ге

130. Distantia trochanterica тең

1) 27-28 см-ге
2) 28-29 см-ге
3) 32-33 см-ге
4) 25-26 см-ге
5) 30-31 см-ге

131. Сыртқы коньюгата тең

1) 18-19 см-ге
2) 22-23 см-ге
3) 17-18 см-ге
4) 20-21 см-ге
5) 21-22 см-ге

132. Жүктiлiктiң күмәндi белгiлерiне жатпайды

1) орталық нерв жүйесiнiң өзгерiстерi-тiтiркенушiлiк,ұйқышыл¬дық
2) тәбеттiң төмендеуi
3) етеккiрдiң тоқтауы
4) iштiң ақ сызығының пигментациясы
5) дәм сезудiң төмендеуi

133. Жүктiлiктiң болжамды белгiлерiне жатпайды

1) жатыр көлемiнiң ұлғаюы
2) нәрестенiң жүрек соғысын анықтау
3) қынаптың шырышты қабатының көгеруi
4) етеккiрдiң тоқтауы
5) сүт бездерi қатайып,уыздың пайда болуы

134. Жүктiлiктiң анық белгiлерiне жатпайды

1) УДЗ арқылы нәрестенi көру
2) иммунологиялық реакцияның оң болуы
3) нәресте қимылын сезiну
4) нәресте бөлiгiн анықтау
5) нәрестенiң жүрек соғысын тыңдау

135. Пискачек белгiсiнде болады

1) жатыр ассиметриясы
2) жатыр мойны ығысуының жоғарылауы
3) жатыр мойны жылжымалығының жоғарылауы
4) пальпация жасағанда жатыр тығыздығының өзгеруi
5) жатырдың иiлуi

136. Леопольд әдiсiмен сыртқы зерттеудiң III-шi тәсiлiнiң мақсатын анықтауға жатады

1) ұрықтың позициясын
2) ұрықтың орналасуын
3) жамбас түбіндегі ұрық бөлiгін
4) ұрықтың түрін
5) жамбас кіреберісіне жатқан бөлiгiн

137. Шынайы коньюгатаны білу үшін сыртқы коньюгатадан қанша сантиметр алып тастаймыз

1) 5
2) 10
3) 17
4) 9
5) 8

138. Жүктiлiк мерзiмi бойынша анықталмайды

1) етеккiрiнiң соңғы күнi
2) соңғы етеккiрiнiң алғашқы күнi
3) овуляция
4) ультрадыбыстық зерттеу
5) нәрестенiң алғашқы қимылдаған күнi

139. Кордоцентезге анықтама беріңіз

1) жүктi әйелдiң жатырының артериясынан сынамаға қан алу
2) iштегi нәрестенiң кiндiк бау венасынан сынамаға қан алу
3) қынап арқылы қағанақ суын алу
4) жұктi әйелдiң қанынан эстрогендердi анықтау
5) құрсақ арқылы қағанақ суын алу

140. Леопольдтың IY-шi тәсiлiнiң мақсатын анықтау жатады

1) жатыр түбiнiң деңгейiн
2) жатқан бөлiгiнiң қондырылу деңгейiн
3) нәрестенiң майда бөлiктерiн
4) нәрестенiң жақын жатқан бөлiгiн
5) нәрестенiң позициясы мен жатуын

141. Нәресте басымен келуiнiң II-шi позициясында жүрек соғысы жақсы тыңдалынады

1) кiндiк деңгейiнде
2) кiндiктен төмен сол жақта
3) орталық сызықта кiндiктен төмен
4) кiндiктен төмен оң жақта
5) орталық сызықта кiндiктен жоғары

142. Нәресте басымен келуiнiң I-шi позициясында жүрек соғысы тыңдалады

1) кiндiктен төмен оң жақта
2) кiндiктен төмен сол жақта
3) кiндiк деңгейiнде
4) кiндiктен жоғары сол жақта
5) кiндiктен жоғары оң жақта

143. Нәресте жамбаспен жатуының II-шi позициясында жүрек соғысы кіндіктен тыңдалады

1) жоғары оң жақта
2) жоғары сол жақта
3) төмен оң жақта
4) төмен сол жақта
5) деңгейiнде

144. Нәрестенiң жүрек соғысы қалыпты жағдайда минутына соққы болады

1) 120-130 рет
2) 120-140 рет
3) 120-160 рет
4) 130-140 рет
5) 130-150 рет

145. Жатыр түбінің биіктігі қасаға деңгейіне сәйкес келуі жүктіліктің қай аптасында болады

1) 13-14
2) 5-6
3) 12
4) 7-8
5) 9-10

146. Жүктілік кезінде УДЗ анықтамайды

1) қағанақ суының түсін
2) ұрықтың орналасуын
3) плацентаның орналасуын
4) ұрықтың даму ақауларын
5) жүктілік мерзімін

147. Леопольд-Левицкий әдісі анықтамайды

1) ұрықтың төмен жатқан бөлігінің кіреберіске сәйкестігін
2) ұрықтың төмен жатқан бөлігін
3) ұрықтың орналасуын, позициясын және оның түрін
4) жатыр түбі биіктігін
5) ұрықтың құрсақішіндегі жағдайын

148. Жүктіліктің 40 аптасында және іштегі нәрестенің орта өлшемдерінде жатыр түбінің биіктігі мен іш айналымы болады

1) 85 и 32 см
2) 85 и 30 см
3) 95 и 32 см
4) 100 и 38 см
5) 90 и 32 см

149. Диагоналды конъюгата анықталады

1) жамбас түбінде
2) кіші жамбас құысында
3) нәресте басы жамбас кіреберісіне тығызданғанда
4) жамбас кіреберісіне кіші сегментімен фиксацияланғанда
5) жамбас кіреберісіне үлкен сегментімен фиксацияланғанда

150. Диагоналды конъюгатадан есептеледі

1) жамбас кіреберісінің тік өлшемі
2) шынайы конъюгата
3) сыртқы конъюгата
4) жамбастың кең бөлігінің тік өлшемі
5) жамбастың тар бөлігінің тік өлшемі

151. Құрсақішіндегі нәрестенің жағдайын бағалау әдісіне кірмейді

1) УДЗ
2) кольпоцитология
3) іштегі нәресте қимылын бағалау
4) фонокардиография
5) іштегі нәрестенің аускультациясы

152. Жүктілік кезінде амниоцентез анықтамайды

1) ұрықтың даму ақауларын
2) ұрық жынысын
3) ұрық жағдайн
4) ұрықтың гемолитикалық ауруын
5) плацентаның төмен жатуын

153. Іштегі нәресте жетілгендігінің негізгі көрсеткіші

1) тігістер мен еңбектерінің жағдайы
2) салмағы
3) Апгар шкаласының мәліметі
4) жүктілік мерзімі
5) бойы

154. Жатырда плацентаның ең жиі бекітілетін жері

1) жатыр түбінде
2) ішкі ернеу деңгейінде
3) төменгі сегментінде
4) жатыр мойнында
5) жатыр бүйірлерінде

155. Жатыр формасын, өлшемдері мен орналасуын арқылы анықтаймыз

1) сыртқы акушерлік әдістер
2) бимануальды тексеру
3) айналар
4) кольпоскопия
5) рентгенография

156. Нәрестенің ірі бөліктерін пальпациялау жүктіліктің белгісіне жатады

1) айқын
2) күмәнді
3) күмәнсіз
4) салыстырмалы
5) абсолютті

157. Аускультация кезінде нәрестенің жүрек соғуының анық естілуі жүктіліктің белгісіне жатады

1) күмәнді
2) күмәнсіз
3) абсолютті
4) айқын
5) салыстырмалы

158. Нәрестенің қимылын анықтау жүктіліктің белгісіне жатады

1) күмәнді
2) айқын
3) күмәнсіз
4) салыстырмалы
5) абсолютті

159. Бет және емшек ұштарының пигментациясы жүктіліктің белгісіне жатады

1) салыстырмалы
2) абсолютті
3) айқын
4) күмәнсіз
5) күмәнді

160. Ұрық жынысын анықтау жүргізеді

1) кольпоскопия арқылы
2) гистероскопия арқылы
3) амниоскопия арқылы
4) кульдоскопия арқылы
5) хорион биопсиясы арқылы

161. Ұрықтың даму ақауларына күдіктенгенде кариотиптік зерттеу көрсетуге болады

1) гистероскопияға
2) амниоцентезге
3) кольпоскопияға
4) амниоскопияға
5) кульдоскопияға

162. УДЗ бақылауында құрсақішілік кіндіктен қан алу аталады

1) амниоцентез
2) кордоцентез
3) амниоскопия
4) кульдоскопия
5) гистероскопия

163. Босанудың бірінші кезеңінде кездеспейді

1) жатыр мойнының ашылуы
2) қағанақ суының ағуы
3) нәресте басының жыныс жолдарын жарып шығу
4) ұрықтың босану жолдарынан өтуі
5) жатыр мойнының қысқаруы

164. Иіс және дәм сезуінің бұзылуы жүктіліктің белгісіне жатады

1) айқын
2) күмәнді
3) күмәнсіз
4) салыстырмалы
5) абсолютті

165. Таңертеңгілік құсу және тәбетінің өзгеруі жүктіліктің белгісіне жатады

1) күмәнді
2) айқын
3) күмәнсіз
4) салыстырмалы
5) абсолютті

166. Дені сау репродуктивті жастағы әйел етеккірінің тоқтауы жүктіліктің белгісіне жатады

1) айқын
2) күмәнді
3) күмәнсіз
4) салыстырмалы
5) абсолютті

167. Ұрық маңындағы сулардың биохимиялық , гормоналды , иммунологиялық , цитологиялық және генетикалық тексеру кезінде жүргізеді

1) амниоскопия
2) кульдоскопия
3) гистероскопия
4) кольпоскопия
5) амниоцентез

168. Жатыр мойыны 5 – 6 см ашылғанын босанудың мына фазасына жатады

1) белсенді
2) латентті
3) баяулау
4) қозу
5) әлсіреу

169. Жатырдың бұлшықеттер талшықтарының жиырылуы сәйкес келеді

1) дистоцияға
2) контракцияға
3) ретракцияға
4) дистракцияға
5) активацияға

170. Ұрықтың беті әйелдің оң санына қарауы кезінде болады

1) алдыңғы түр , 1 позиция
2) алдыңғы түр , 2 позиция
3) жамбаспен жатуы
4) ұрықтың қиғаш орналасуы
5) ұрықтың көлденең жатуы

171. Ұрықтың беті әйелдің сол санына қарауы кезінде болады

1) алдыңғы түр , 1 позиция
2) ұрықтың көлденең жатуы
3) алдыңғы түр , 2 позиция
4) жамбаспен жатуы
5) ұрықтың қиғаш орналасуы

172. Контракциялық сақина қасаға доғасынан 5 см жоғары тұруы жатыр мойынының қанша сантиметр ашылғанында болады

1) 3-4
2) 4-5
3) 6-7
4) 10-12
5) 7-8

173. Қынап пен жатыр мойнының көгеруі жүктіліктің белгісіне жатады

1) абсолютті
2) күмәнсіз
3) салыстырмалы
4) айқын
5) күмәнді

174. Алғашқы босанушыларда жатыр мойнының ашылу жылдамдығы

1) сағатына 3 см
2) сағатына 2 см
3) сағатына 1 см
4) 2 сағатта 3 см
5) 2 сағатта 1 см

175. Қайта босанушыларда жатыр мойнының ашылу жылдамдығы

1) сағатына 1 см
2) сағатына 3 см
3) сағатына 2 см
4) 2 сағатта 1 см
5) 2 сағатта 3 см

176. Босанудың болжам мерзімін анықтайды

1) бой өлшемімен
2) әйелдің дене салмағымен
3) соңғы менструациямен
4) менархемен
5) ұрықтың болжам салмағымен

177. Қағанақ суының мерзімнен бұрын кетуі

1) ретсіз толғақ басталған кезде
2) толғақ басталғанға дейін
3) ретті толғақ басталған кезде
4) күшену кезінде
5) босанудың активті фазасында

178. Қағанақ суының ерте кетуі

1) ретсіз толғақ басталған кезде
2) ретті толғақ басталған кезде
3) күшену кезінде
4) жатыр мойнының 6 см ашылуында
5) босанудың активті фазасында

179. Босанудың болжам мерзімі анықталмайды

1) соңғы менструация күнімен
2) ұрықтың салмағымен
3) ұрықтың алғаш қозғалу күнімен
4) овуляциямен
5) УДЗ-мен

180. Босанудың басталуында болады

1) жатыр мойнының қысқаруы мен ашылуына әкелетін ретті толғақтың басталуы
2) қағанақ суы кетуі
3) ретсіз толғақ басталуы
4) бала басының кіші жамбасқа қондырылуы
5) баланың туылуы

181. Босануда жатыр ернеуі әсерінен ашылады

1) ұрық маңындағы сулардың кетуі
2) күшенулер
3) прелиминарлы ауруы
4) контракция, ретракция, дистракция
5) жатыр мойнындағы бөлінділерінің

182. Жаңа туылған нәрестені өңдеуге қолданылмайды

1) тетрациклинді мазь
2) сантиметр лентасы
3) қайшы
4) қысқыш
5) кюретка

183. Нәрестенің өңдеуінде қолданылады

1) жібек жібі
2) жамбас өлшегіш
3) қысқыш
4) стетоскоп
5) кюретка

184. Босану ІІ кезеңінде қолданылады

1) сантиметрлі лента
2) стерилды перчаткалар
3) жамбас өлшегіш
4) скальпель
5) Гегар кеңейткіштері

185. Босануды қабылдауға қолданылмайды

1) стерилды тампондар
2) стерилды перчаткалар
3) зәр жинайтын ыдыс
4) қан жинайтын ыдыс
5) Гегар кеңейткіштері

186. Босанудың болжам мерзімін анықтайды

1) әйелдің дене салмағымен
2) овуляциямен
3) бой өлшемімен
4) ұрықтың орналасуымен
5) ұрықтың салмағымымен

187. Босануды қабылдауда қажет емес

1) йодонат
2) калий перманганаты
3) сульфацил натрий ерітіндісі
4) спирт
5) магний сульфаты

188. Босану І кезеңінде қажет

1) кюретка
2) стетоскоп
3) жібек жібі
4) скальпель
5) Гегар кеңейткіштері

189. Жатыр формасын, өлшемдері мен тығыздығының өзгеруі жүктіліктің белгісіне жатады

1) күмәнді
2) күмәнсіз
3) айқын
4) салыстырмалы
5) абсолютті

190. Сүт бездерінің ұлғаюы, уыздың пайда болуы жүктіліктің белгісіне жатады

1) күмәнді
2) күмәнсіз
3) салыстырмалы
4) абсолютті
5) айқын

191. Бірінші босанушылардың 2 – ші кезеңі болады

1) 20-30 мин
2) 7-8 сағ
3) 3-4 сағ
4) 10-11 сағ
5) 1-2 сағ

192. Босанудың 3 кезеңі созылады

1) 20 мин
2) 2 сағ
3) 1 сағ
4) 30 мин
5) 5-10 мин

193. Бірінші босанушыларда тез босанудың ұзақтығы

1) 2сағ аз
2) 50 мин дейін
3) 8 сағ
4) 6 сағ көп
5) 6сағ төмен

194. Қайта босанушыларда тез босанудың ұзақтығы

1) 4 сағ төмен
2) 6 сағаттан көп
3) 30 мин
4) 50 мин
5) 8 сағ

195. Бірінші босанушыларда тым тез босанудың ұзақтығы

1) 4 сағ аз
2) 8 сағ
3) 50 мин дейін
4) 30мин аз
5) 6 сағ көп

196. Қайта босанушыларда тым тез босанудың ұзақтығы

1) 50 мин дейін
2) 2 сағ аз
3) 30мин аз
4) 6 сағ көп
5) 8 сағ

197. Кіндік бауына қысқыш салынады

1) нәресте асфиксиясында
2) босану жарақатында
3) даму ақауында
4) пульсация аяқталғаннан кейін
5) пульсация кезінде

198. Жаңа туылған нәрестенің антропометриясына жатпайды

1) аяқтардың ұзындығы
2) салмақ
3) бас айналымы
4) көкірек айналымы
5) бойының ұзындығы

199. Жаңа туылған нәрестенің “браслетін” толтыруға жатпайды

1) салмағы
2) терісінің түсі
3) бойының ұзындығы
4) жынысы
5) туылған уақыты

200. Жетілген нәрестеге жасалынбайды

1) емшекпен емізу
2) кювезге жатқызу
3) ананың баланы күтуі
4) күнделікті өңдеу
5) вакцинация

201. Біріншілік өңдеу нәрестеге жасалынбайды

1) бетімен туылған
2) жамбаспен туылған
3) өлі туылған
4) жетілген
5) жетілмеген

202. Босану залындағы температура болуы тиіс

1) 30-350С
2) 5-100С
3) 35-400С
4) 10-150С
5) 20-250С

203. Кувез температурасы

1) 20-250С
2) 10-150С
3) 30-350С
4) <40-450С
5) 50-550С

204. Нәрестені Апгар шкаласы бойынша бағалауға жатпайды

1) жүрек соғу жиілігі
2) тыныс алуы
3) көз қарашықтарының жағдайы
4) терісінің түсі
5) бұлшықет тонусы

205. Қағанақ қапшығының жасанды жыртуын атаймыз

1) перинеотомия
2) лапаротомия
3) амниотомия
4) кольпотомия
5) эпизиотомия

206. Жатырдың жиырылу процесінде бұлшықет талшықтардың өз ара жылжуы

1) дистоция
2) активация
3) контракциия
4) дистракция
5) ретракция

207. Босанудың 2-кезеңінде акушерлік әдіске кіріседі

1) жатыр мойнының ашылуында
2) бастың жарып шығуында
3) бастың кесіп шығуында
4) ұрық маңындағы сулардың кетуінде
5) күшенулерде

208. Акушерлік әдіс мына кезеңнен тұрады

1) 4
2) 9
3) 8
4) 7
5) 6

209. Акушерлік әдістің 4 кезеңінде орындалады

1) күшенулерді реттеу
2) қолдарын шығару
3) иықтарының босатылуы мен денесінің туылуы
4) басты шығаруы
5) вульварлы сақинаны кеңейту

210. Нәрестенің туылғанынан кейін басталады

1) босанғаннан кейінгі кеш кезең
2) бала жолдасы кезеңі
3) босанғаннан кейінгі ерте кезең
4) сусыз кезең
5) жатыр мойнының ашылу кезеңі

211. Босану кезенде әйелді атайды

1) дені сау
2) жүкті әйел
3) науқас
4) босанатын әйел
5) босанған әйел

212. Жыныс еріндерінің маңында кіндікке салынған лигатураның ұзаруы тән

1) Пискачек белгісіне
2) Альфельд белгісіне
3) Гентер белгісіне
4) Шредер белгісіне
5) Креде-Лазаревич белгісіне

213. Босанудың ІІІ кезеңінде іштің тік бұлшықеттерін екі қолмен қатпарлап жиыру жатады

1) Креде - Лазаревич әдісіне
2) Абуладзе әдісіне
3) Шредер әдісіне
4) Альфельд әдісіне
5) Гентер әдісіне

214. Қан ағу 250 мл жетті - жалғасуда, плацентаның бөліну белгілері жоқ , қолдану керек

1) қол әдісімен плацентаны бөліп , бала жолдасын шығару
2) Бакшеев әдісі бойынша жатыр мойнына клеммалар салу
3) окситоцинді тамыр арқылы енгізуін бастау
4) Креде-Лазаревич әдісін
5) жатыр массажын

215. Жаңа туылған нәресте көздерін өңдеуде қолданылмайды

1) бір реттік көз таяқшалары
2) стерильді перчатка
3) стерильді мақта
4) 1% тетрациклин мазі
5) 1% күміс нитраты ерітіндісі

216. Апгар шкаласы қолданылады

1) босанғаннан кейін тез арада
2) туылғаннан кейін 1-5 мин
3) бір сағат ішінде
4) 3 – 4 сағат ішінде
5) 30 минуттан кейін

217. Босанғаннан кейін жатырдың көлденең өлшемі сантиметр болады

1) 12-13
2) 5
3) 7-8
4) 10-11
5) 20-25

218. Нәрестенің өлшемейді

1) құйрықтарының тік өлшемін
2) бас және иықтарының өлшемін
3) бойын
4) салмағын
5) кеудесінің айналымын

219. question> Жүктілікке дейін жатыр салмағы болады

1) 200 г
2) 150 г
3) 50 г
4) 250г
5) 20 г

220. Босанғаннан кейін бірінші 8 күнінде лохиялардың мөлшері

1) 500-1000 мл
2) 1000-1200 мл
3) 100-200 мл
4) 2000 мл
5) 1500 мл

221. Босанғаннан кейін эндометрийдің толық қалпына келуі болады

1) 4 аптадан кейін
2) 20 күннен кейін
3) 6-8 аптадан кейін
4) 10 аптадан кейін
5) 2-3 аптадан кейін

222. Босанғаннан кейін жатырдың жиырылуын бақылайды

1) лапароскопия арқылы
2) қынап айналары арқылы
3) күнделікті УДЗ арқылы
4) кульдоскопия арқылы
5) жатыр түбі биіктігін сантиметрлік лентамен өлшеу арқылы

223. Жатырдағы қабыну процесі әкеледі

1) жатырда плацента бөліктерінің қалуына
2) жатырдың айналып шығуына
3) жатыр субинволюциясына
4) перитонитке
5) плацентаның тығыз және сіресіп бекітуіне

224. Мерзімінен асқан жүктілік анықталады

1) нәрестені қараудан
2) плацентаның қалындығынан
3) бала жолдасын қараудан
4) босану қызметінің сипатынан
5) ұрық маңындағы сулардың мөлшерінен

225. 22 апталық жүктіліктен кейін туылған (салмағы 500 г және жоғары), туылғанынан 7 күннен кейін өлуі көрсеткішіне жатады

1) ерте неонатальды өлім
2) антенатальды өлім
3) интранатальды өлім
4) кеш неонатальды өлім
5) перинатальды өлім

226. Жүктiлiк гестозына анықтама беріңіз

1) бүйректiң созылмалы ауруы
2) жүктiлiк кезiнде пайда болатын көп мүшелердiң зақымдануымен сипатталынатын , жүктiлiк бiткесiн тоқталатын ауру
3) зат алмасудың бұзылуы
4) жүктiлiк кезiнде пайда болатын созылмалы эндокриндi эндоген¬дiк улану
5) жүрек-қан тамыр жүйесiнiң жетiспеушiлiгi