Тест: Итоговая оценка-Стоматология- Дантист


Список вопросов


1. Көптүрлі прогрессивті тіс кариесі бар пациенттер стоматологта жылына неше рет диспансерлі бақылауда болу керек.

1) әр 3 ай сайын
2) 6 айда 1 рет
3) жылына 2 рет
4) жылына 4 рет
5) жылына 1 рет

2. Ересектермен 6 жастан кейінгі балаларда ауыз ќуысыныѕ жаєдайын баєалауєа ќолданылатын ќандай индекс?

1) РМА
2) КПУ+кп
3) Федоров-Володкина индексі
4) Кузьмина индексі
5) Грин-Вермиллион индексі

3. Дәрігер-стоматолог пульпитті девитальды экстирпация әдісімен емдеу жүргізді. Сізге қысқа әсерлі девитализациялық паста дайындау қажет:

1) крезодент-пастасын
2) эндометазон пастасын
3) мышьяк пастасын
4) дентин-пастаны
5) резорцин-формалин пастасын

4. Ортопедиялық стоматологияда науқасты қарап тексерудің клиникалық әдістері:

1) орталық окклюзияны анықтау, егеу
2) ауыз қуысын зерттеу, перкуссия, пальпация
3) ауыз қуысын зерттеу, параллелометрия
4) анамнезді жинау, ауыз қуысын зерттеу, рентгенография
5) анамнезді жинау, реопарадонтография

5. Тістеменің түрін анықтағанда келесі қарым – қатынысқа назар аударылады:

1) тіс қатарларының сагиталды бағытына
2) 6-шы тістердің және сүйір тістердің трансверсалды бағытына
3) бірінші тұрақты үлкен азу тістердің сагиталды бағытына
4) тіс қатарларының өзара үш перпендикулярлы бағыттарға
5) 1-ші тұрақты үлкен азу тістердің сагиталды және вертикалды бағытына

6. Ашық және дисталды тістемені емдеу және зиянды әдеттерді жою үшін қолданылады

1) Гуляева аппараты
2) Шварц каппасы
3) Краус аппараты
4) Бынин каппасы
5) Катц сауыты

7. Коффин серіппесімен қолданылады:

1) тіс қатарын кеңейту және ұзарту үшін
2) тіс қатарын оральды бағытта жылжыту үшін
3) тіс қатарын ұзарту және тарылту үшін
4) тіс қатарын кеңейту және тарылту үшін
5) тіс қатарын кеңейту үшін

8. Пародонттың функционалдық жетіспеушілігі кезінде тіс қатарларының деформациясының клиникалық белгілері:

1) тіс қатарының тарылуы
2) диастема және тремалардың пайда болуы
3) клин тәрізді кетіктердің пайда болуы
4) тіс қатарының кеңейюі
5) екінші дәрежедегі тістердің қозғалысы

9. Алғашқы терең тістеменің қалыптасу белгісі:

1) бетінің төменгі бөлігінің биіктігінің төмендуі
2) фронтальды қабаттасу деңгейінің жоғарлауы
3) жақ сүйектердің бүйір бөліктердің тіс альвеолярлы қысқаруы
4) күрек тістерінің жабылуының тереңдеуі
5) бетінің төменгі бөлігінің биіктігінің төмендуі

10. Біртүбірлі тістің өзек жолдарын пломбылау үшін не қолданады?

1) форфенан
2) резорцин-формалин пастасын
3) Біртүбірлі тістің өзек жолдарын пломбылау үшін не қолданады?
4) силикат цементі
5) сүйық композит

11. Аталған материалдардың ішінде қайсының жылу өткізгіштікке ең жоғары

1) ғаныш
2) металл қорытпадары
3) пластмассалар
4) акрил полимерлер
5) керамикалық материалдар

12. Пациентке терең кариес деген диагноз қойылды. Бірінші келуінде кариес қуысын жабу үшін дәрігерге қандай материал бересіз?

1) емдік прокладка
2) түбірге арналған материалдар
3) тұрақты пломба
4) аралық прокладка
5) уақытша пломба

13. Гингивит ауруын бағалау үшін келесі индекс қолданылады:

1) Russel
2) РМА
3) Грин- Вермилиона
4) Федорова - Володкина
5) CPITN

14. Латеральді конденсция кезінде тіс түбірі өзегін пломбылауда келесі эндодонтикалық аспаппен қолданылады:

1) лентуло
2) спредер
3) Н – файл
4) протейпер
5) риммер

15. Өздігінен басталатын ұстамалы, түнгі ауырсыну және температуралық пен механикалық қоздырғыштардан күшейетін қысқа мерзімді ауырсынусыз кезең келесі пульпитқа сәйкес:

1) жедел ошақты
2) созылмалы гипертрофиялық
3) созылмалы гангреозды
4) жедел диффузды
5) созылмалы фиброзыды

16. Созылмалы периодонтитпен жедел периодонтитте дифференциалды диагностикада шешуші болып табылады:

1) элекротодонтометрия
2) перкуссия
3) рентгенография
4) термометрия
5) сүңгілеу

17. Созылмалы фиброзды периодонтитпен орташа тісжегіде дифференциалды диагностикада шешуші болып табылады:

1) пальпациялау
2) сүңгілеу
3) перкуссия
4) жылан көздің пайда болуы
5) тісжегі қуысының пайда болуы

18. Терең тісжегі ошағының көрінісі:

1) кіреуке және цемент байланысында тегіс қабырғалардағы ақауы
2) кіреукемен дентин аралығында жұмсақ қабарғалары және түбі бар қуыс
3) терең тіс жегі қуысында жұмсақ қабырғалары және түбі бар қуыс
4) тіс қуысымен байланысатын тісжегінің терең қуысы
5) кіреуке аралығында тығыз қабырғалары және түбі бар қуыс

19. 22 - жастағы науқас адам тістерді тазалаған кезде қызыл иектен қан кетуіне және ауыздан жағымсыз иіс шығыуна шағымданады. Объективті: төменгі жақ сүйектін фронтальды тістерде орнатылған пломбаларының төніп тұрған шеттері аумағындағы тіс аралығының емізікшелер гиперемияланған және ісінген. ГИ = 4 РМА = 1. Рентгенологиялық тексерісте жақ сүйектін альвеолярлы өсіңділерінін сүйек тіңдерінде патологиялық өзгерістер байқалмайды. Сіздің алғашқы диагнозы:

1) созылмалы гипертрофиялық гингивит фиброзды түрі
2) созылмалы шектелген катаральды гингивит
3) созылмалы диффузды катаральды гингивит
4) созылмалы таралған катаральды гингивит
5) созылмалы гипертрофиялық гингивит домбығуы түрі

20. 32 жастағы науқас тамақ жеген кезде және температуралық қоздырғыштардан ауырсынуға шағымданады. Обьективті: 17-ші тістің шайнау бетінде терең тісжегі анықталады, тіс жегі қуысының түбін сүңгілеп тексергенде ауырсынады, перкуссия ауырсынусыз. Диагнозды қою үшін қосымша тексеру әдісін таңдаңыз:

1) пальпациялау
2) ауыз қуысын қарап тексеру
3) электроодонтометрия
4) көгілдір ерітіндісімен бояу
5) салыстырмалы перкуссия

21. 30 жастағы науқас тістің ақауына шағымданды. Бұрын тіс емделмеген.Тексергенде 26-шы тістің шайнау бетінде тісжегі анықталған, кіреуке- дентин аралығын сүңгілеп тексерген кезде ауырсынады, перкуссия ауырсынусыз, суық суға реакциясы жоқ. Әсерлі емдеу әдісі:

1) ажыратқыш төсем, тұрақты пломба
2) емдеуші төсем, ажыратқыш төсем, уақытша пломба
3) емдеуші төсем,сулы дентин
4) емдеуші төсем, ажыратқыш төсем, тұрақты пломба
5) емдеуші төсем,тұрақты пломба

22. 12-ші тістің мойын аумағында вестибулярлы жағынан ақ дақ байқалады. Тіс ұлпасының электроқоздырғышы 2мк Дақ 2% көгілдір ерітіндісімен бояланады. Әсерлі емдеуі:

1) дақты тегістеу және реминералды терапия
2) металлды керамикалық сауытын жасау
3) реминиралды терапияны откізу
4) дақты тегістеу, фторлакпен жағу
5) тісті егеп, композиттік материалмен пломбылау

23. 25 жасында науқасқа 46-шы тіске созылмалы фиброзды пульпит диагнозы қойылған. V классты тісжегі. Электроқоздырғышы 35мк Рационалдық емдеу эдісі:

1) аралас әдісі
2) биологиялық әдісі
3) виталды ампутация әдісі
4) девитальды ампутация әдісі
5) виталды экстрипация әдісі

24. Шағымдары: тісті тазалаған кезде қызыл иектің канауы, қызыл иектің ауыруы, жағымсыз иісі бар. Обьективті: қызыл иек және емізікше гиперемияланған, ісінген, аспап тиген кезде аздап қанайды. Кей бөлек тұрған тістерде пародонтты қалталар тереңдігі 3 мм-ге дейін іріңделген. Тістерде аздаған тастар байқалады. Алғашқы диагнозды тандаңыз:

1) асқынған созылмалы шектелмеген пародонтиттің жеңіл дәрежесі
2) созылмалы шектелмеген пародотиттің орташа дәрежесі
3) асқынған созылмалы катаральды гингивит
4) ісінген гипертрофиялық гингивит
5) асқынған созылмалы пародонтиттің орташа дәрежесі

25. Науқас 45-ші тістің бұзылуына шағымданады. Обьективті: 45-ші тістің шайнау бетінде терең тісжегі,тіс қуысымен байланысады, сүңгілеу кезінде ауырмайды, перкуссия ауырсынусыз. Электроодонтометрия 120мк Рентгенография: 45-ші тіс түбірінің ұшы маныңда диаметрі 0,5 см анық шектелген сүйек тіннің деструкциясы көрсетілген. Алғашқы диагнозды қойыңыз:

1) созылмалы гранулденген периодонтит
2) созылмалы гранулематозды периодонтит
3) асқынған созылмалы гранулематозды периодонтит
4) созылмалы фиброзды периодонтит
5) асқынған созылмалы гранулденген периодонтит

26. Жамылғы дентиннің аймағында кариес қуысының болуы қандай ауруға сәйкес келеді. Эмаль-дентин біріккен жерде зондпен тексергенде ауырады.:

1) сына тәрізді ақау
2) орташа кариес
3) тез прогрессивті терең кариес
4) беткейлі кариес
5) баяу прогрессивті терең кариес

27. Дақ сатысындағы кариестің реминерализациялық терапиясына арналған препараттар:

1) фторқұрамды паста, калия йодид ерітіндісі
2) ремодент, 1-2% натрий фторид ерітіндісі
3) глюконат кальция, иодинол
4) глюконат кальция, ЭДТА
5) 1-2% натрий фторид ерітіндісі, 2% метилен көк ерітіндісі

28. Алғашқы кариестің реминерализациялық терапиясының тиімділік критериясы қандай:

1) кариес қуысының пайда болуы
2) дақтың көлемі ұлғаяды
3) дақтың жойылуы немесе азайуы
4) эмальда ақау пайда болады
5) эмальдың боялу қарқындылығы 1%

29. Қандай ауруда дақты, толқынды, сала түрлерін ажыратады

1) сына тәрізді ақау
2) Эрозия
3) Флюороз
4) Гипоплазия
5) Гиперплазия

30. Сүйектің сыртқы пішіні өзгермей, сонымен қатар сүйек табақшалары жұқарып, саны азайып, аралары кеңейетін дистрофиялық процессты атаныз?

1) остеолизис
2) деструкция
3) остеопороз
4) гиперостоз
5) деформация

31. Объктінің көрінісін рентген пленкасында сәулендіру шоғырының тікелей әсер ету арқылы алудың рентгенологиялық зерттеу әдісі қалай аталады?

1) зонография
2) рентгенография
3) рентгеноскопия
4) радиовизиография
5) сиалография

32. Окклюзиялық бастырма болуы қажет:

1) тіс сауытының жалпақтығына 3\2 тең
2) жалпақтығы 2- 3 мм
3) жалпақтығы 1- 2 мм
4) тіс сауытының жалпақтығына 3\1 тең
5) тіс сауытының жалпақтығына 2\1 тең

33. Нея жүйесінің 4-ші типті кламмері:

1) сақина тәріздес, соңғы кетіктерде қолданылады
2) керіәсерлі, ішінара кетіктерде қолданылады
3) керіәсерлі, соңғы кетіктерде қолданылады
4) құрамалы, ішінара кетіктерде қолданылады
5) сақина тәріздес, ішінара кетіктерде қолданылады

34. Төменгі жақ сүйекте протездің доға мен тіл үзбесінің арақашықтығы құрайды:

1) 3 мм
2) 4 мм
3) 2 мм
4) 1 мм
5) 5 мм

35. Аттачмендер бір- біріне қосылу бөлшектердің арасындағы қозғалу көлеміне байланысты болуы мүмкін:

1) сыртқы, эластикалық
2) қатты, эластикалық
3) қатты, шар тәрізді
4) эластикалық, цилиндр тәрізді
5) цилиндр тәрізді, шар тәрізді

36. Егер тірек тіс ақау жағына иілсе, сонда окклюзиялық бастырманы орналастырады:

1) ұрт жағынан шамасы келгенше қосарлантырып (екеулетіп), көрші тіске
2) екі проксималдық жағынан шамасы келгенше қосарлантырып (екеулетіп), екі көрші тістерге
3) медиалды жағынан және шамасы келгенше қосарлантырып (екеулетіп), көрші тіске
4) қарама- қарсы жағынан және шамасы келгенше қосарлантырып (екеулетіп), көрші тіске
5) оральды жағынан шамасы келгенше қосарлантырып (екеулетіп), көрші тіске

37. Тіс қатарларының екі жақты сонғы кетіктерінде доғалы протездін базисына түсетін қысымды, жұмсартуға болады егерде:

1) жіңішке тістерді орнатса
2) дистальды шекарасын қысқартса
3) ершікке эластикалық пластмассаны енгізсе
4) жалпақ тістерді орнатса
5) тістердің санын азайтса

38. Бір тіс болмағанда және жақын тұрған тістердің биік емес сауыттарында, пластмассалық тістерді және ершік бекітуі сенімді болмаса:

1) эластикалық пластмассадан жартылай алмалы –салмалы пртезді жасайды
2) тіс (қорғау) жасап протездейді
3) көпірлі протезбен протездейді
4) тіс (қорғау) каркаспен бірге мүсіндейді және сол кұймаға ауыстырады
5) доғалы құрылымнан бас тартады

39. Егер жақ сүйектің тіс қатарында үш кетік болса, сонда алдынғы бөліктегі кетікке келесі протезді жасайды:

1) консольді протезді
2) микропротезді
3) көпірлі протезді
4) эластикалық протезді
5) пластиналық протезді

40. Алынбайтын көпірлі протез тұрады:

1) тірек элементтерден және аралық бөліктен
2) тірек элементтерден, аралық бөліктен және базистан
3) тірек элементтерден және құлыпты бекітушілерден
4) тірек элементтерден, аралық бөліктен, базистан және құлыпты бекітушілерден
5) тірек элементтерден, аралық бөліктен және құлыпты бекітушілерден

41. Соңғы штамптаудың алдында тіс сауыттарды:

1) электриялық өндеуің жасайды
2) химиялық өндеуің жасайды
3) термиялық өндеуің жасайды
4) физикалық өндеуің жасайды
5) электрохимиялық өндеуің жасайды

42. Металл керамикалық көпірлі протезді орнату кезінде дәрігер тіс техникалық зертханадан протезді алады:

1) суперғаныш мүсінде
2) металл штамптарда
3) отқа төзімді ғаныш мүсінде
4) ажыратылатын ғаныш мүсінде
5) ғаныш штамптарда

43. Пластмассадан дайындалатын тіс сауыттың зертханалық кезені:

1) қалып алу, алғашқы штамптау, тіс сауытты орнату
2) мүсін құю, мүсіндеу, балауызды пластмассаға ауыстыру
3) қалып алу, мүсін құю, тіс сауытты мүсіндеу
4) мүсін құю, балауызды пластмассаға ауыстыру, өндеу
5) мүсін құю, алғашқы және соңғы штамптау

44. Доғалы протезбен салыстырғанда көпірлі протезде:

1) протезге биімделуі ұзағырақ және пародонтқа түсетін ауыртпалығы төмен
2) сілемейлі қабыққа және пародонтқа түсетін ауыртпалығы жоғары
3) протезге биімделуі тезірек және пародонтқа түсетін ауыртпалығы төмен
4) протезге биімделуі ұзағырақ және пародонтқа түсетін ауыртпалығы жоғары
5) протезге биімделуі және пародонтқа түсетін ауыртпалығы жоғары

45. Алынбайтын көпірлі протезбен ортопедиялық емдеуге қарсы көрсеткіш:

1) тіс жегі қуыстары бар тістермен шектелген кетікте
2) тіс қатарының ішінара кетігінде
3) тіс қатарының алдыңғы бөлігінің кетігінде
4) дистальды орналасқан тірек тістің қозғалғыштығында
5) кетікті шектейтін тірек тістердің қозғалмауында

46. 35 жастағы пациентке дәрігер 15 тіске металл сауытың бкітті. Тіске бекітілген металл сауыты:

1) қызыл иек шетімен жанасады
2) қызыл иек шетіне 0,5 -1мм кіру керек
3) қызыл иек шетіне 2мм кіру керек
4) қызыл иек шетіне жетпеу керек
5) қызыл иек шетіне 0,2 - 0,3 мм кіру керек

47. 30 жасар ер адам алдыңғы үстіңгі тісіңдегі пломбаның жиі түсуіне және эстетикалық ақауына шағымдануд Объективті: 11-ші тісте Блэк жіктемесі бойынша 4 класс қуысы бар. Рентгенограммада патологиялық өзгерістер байқалмайды. Науқасты емдеудің тиімді әдісін таңдаңыз:

1) пластмассалық сауытты дайындау
2) металл вкладканы дайындау
3) винир дайындау
4) құрамдастырылған сауытты дайындау
5) металл керамикалық сауытты дайындау

48. Науқас адамға 11-ші, 21-ші, 23-ші тістерге бекітілген алынбайтын көпірлі металл керамикалық протезді жасау шешілді. Жасалды: тірек тістерді егеу, жұмыс қалыптарды алу. Келесі кезенді көрсетіңіз:

1) протездің түсін түзету
2) аралық бөлімді мүсіндеу
3) протез қаңқасын келтіру
4) ажыратылатын мүсінді құю
5) отқа төзімді мүсінді құю

49. Пациент клиникаға сыңған және түсі өзгерген 21-ші тіске жасанды тіс сауытты жасау өтінішімен келді. Протездің материалы мен құрылымын таңдаңыз:

1) анкер штифпен штифтеу және құрамдастырылған сауытпен протездеу
2) стандартты стекловолоконды штифпен қалпына келтіру және керамикалық сауытымен протездеу
3) стандартты стекловолоконды штифпен қалпына келтіру және пластмассалық сауытпен протездеу
4) металл вкладкамен қалпына келтіру
5) анкер штифпен штифтеу, композитпен қалпына келтіру

50. Фронтальды тістің бүтіндігі 60 пайыздан астам бұзылғанда қалпына келтіру үшін қандай протез қолданылады?

1) қосымша
2) штифтелген құрылым
3) көпір тәрізді протез
4) қалпына келтіруші сауыт
5) қалыптық сауыт

51. Алынбайтын көпірлі протез тұрады:

1) тірек элементтерден, аралық бөліктен және құлыпты бекітушілерден
2) тірек элементтерден, аралық бөліктен және базистан
3) тірек элементтерден және құлыпты бекітушілерден
4) тірек элементтерден және аралық бөліктен
5) тірек элементтерден, аралық бөліктен және базистан

52. Қай құрылымдар микропротездерге жатады?

1) жасанды сауыттар
2) көпір тәрізді протездер
3) қосымшалар, винирлер, жартылай сауыттар
4) дентальды импланттар
5) адгезивті көпір тәрізді протездер

53. Алынбайтын протезді жасауда қандай таңба қолданған жөн?

1) стандартты
2) көмекші
3) екі қабатты
4) коррекциялаушы
5) функциональды

54. Металлды-керамикалық және металлды-пластимассалық сауыттарды жасауда клиникалық кезеңдерінің бірізділігі қандай?

1) тексеру, сауытты қиюластыру, түсін анықтау, цементке бекіту
2) тексеру, қалып алу, препарациялау, сауытты қиюластыру, түсін анықтау, беру
3) тісті препарациялау, тексеру, қапақшаны қиюластыру, түсін анықтау, беру
4) тескеру, жансыздандыру, препарирлеу, қалып алу, қалпақшаны аса қиюластыру, түсін анықтау, сауытта қиюластыру, беру
5) қалып алу, қалпақшаны қиюластыру, сауытты қиюластыру, түсті анықтау, беру

55. Ауыз қуысында металл дәмге, күйдіру сезіміне шағымданып науқас келді. Объективті ауыз қуысында жоғары жақта металлды көпір тәрізді протез және төменгі зжақтың оң жағындағы тістерінде алтын сауыт. Осы науқасқа болжамды диагноз қойыңыз:

1) токсикалық стоматит
2) протездік стоматит
3) парникті әсер
4) аллергиялық стоматит
5) Гальванизм

56. 33 Тіс сауытының медиальды апроксималды бетінің жартылай бұзылуы бар. Протездің конструкциясын таңданыз?

1) Тұтас құйылған штифті тіс
2) Құйылған салма
3) Металлкераматикалық сауыт
4) 33 тісті жұлып,консольді көпір тәріздес протез дайындау
5) Металл штампталған сауыт

57. Алынбайтын көпірлі протезбен ортопедиялық емдеуге қарсы көрсеткіш:

1) кетікті шектейтін тірек тістердің қозғалмауында
2) тіс жегі қуыстары бар тістермен шектелген кетікте
3) дистальды орналасқан тірек тістің қозғалғыштығында
4) тіс қатарының алдыңғы бөлігінің кетігінде
5) тіс қатарының ішінара кетігінде

58. Толық алмалы –салмалы протез жасағанда жұмыс ғаныш мүсінді құю кезені:

1) бірінші клиникалық кезең
2) үшінші клиникалық кезең
3) екінші зертханалық кезең
4) екінші клиникалық кезең
5) бірінші зертханалық кезең

59. Ортогнатиялық қатынаста бірінші үлкен азу тістің дисталды таңдай төмпешігі шыны бетіне тимейді:

1) 0,5 мм
2) 2 -3 мм
3) 1 мм
4) 1,5 мм
5) 2 мм

60. 3.3-ші және 4.3-ші тістердегі кламмерлердің орналасуы келесі кламмер сызығына сәйкес келеді:

1) жазықтық
2) диагональды
3) нүктелі
4) сагитальды
5) трансверсальды

61. Қос қабатты протез негізін жасауға ұсынады:

1) температуралық сезімталдығының бұзылуы кезінде
2) альвеолярлы өсіндісінің біргелкі емес атрофиясында
3) альвеолярлы өсіндісі атрофияланғанда
4) альвеолярлы өсіндісінің бірқалыпта атрофиясында
5) жасанды қызыл иекке тістерді орнатқанда

62. Кеннеди жіктемесі бойынша жоғарғы жақсүйектің альвеолярлы төмпешектері тіс қатарларының кетігі кезінде міндетті түрде жабылады:

1) III – IV класта
2) I – II класта
3) IV класта
4) III класта
5) V класта

63. Жақсүйектердің прогениялық қатынасында тіс доғасы қысқартылады:

1) жоғарғы – екі бірінші үлкен азу тістерге
2) жоғарғы – екі екінші кіші азу тістерге
3) астыңғы - екі бірінші кіші азу тістерге
4) астыңғы – екі екінші кіші азу тістерге
5) жоғарғы – екі бірінші кіші азу тістерге

64. Альвеолярлы өсінділерінде және жақ сүйектерінде толық тістер жойылуы мен атрофиялық процесс әсерінен байқалады:

1) астыңғы жақ сүйектің микрогнатиясы
2) алдыңғы тістер вестибулярлы жаққа иіліскені
3) үстіңгі жақ сүйек астыңғы жақ сүйектен алға қарай орналасуы
4) астыңғы жақ сүйек үстіңгі жақ сүйектен алға қарай орналасуы
5) күрек – төмпешіктік түйісуінің сақтанылуы

65. Алмалы- салмалы пластиналық протезді орнатқаннан кейін дикциясы өзгерсе:

1) үстіңгі жақ сүйекте фронтальды тістердің аумағында түзетуді жүргізеді
2) төменгі жақ сүйекте фронтальды және бүйір тістердің аумағында түзетуді жүргізеді
3) үстіңгі жақ сүйекте фронтальды тістерді егеп келтіреді және бүйір тістерді қайта түзетеді
4) төменгі жақ сүйекте фронтальды тістерді егеп келтіреді және бүйір тістерді қайта түзетеді
5) үсіңгі және астынғы жақ сүйектерде бүйір тістердің аумағында түзетуді жүргізеді

66. 65 жастағы науқас адам толық алмалы- салмалы протезбен қолданған кезде таңдай аумағындағы ауырсынуына шағымданады. Протез 2- ай бұрын жасалған. Объективті: таңдай торусы орташа дәрежеде, сілемейлі қабығы гиперемияланған, ісінген. Осы асқынуының себебін көрсетіңіз:

1) протездің өндеу сапасы жеткіліксіз болуы
2) протез негізі акрил пластмассадан жасалған
3) пластмассаға аллергиялық реакция болуы
4) торусты оңашалауы жасалмаған
5) протез негізіне шайнау ауыртпалығы шамадан тыс болуы

67. 54 жастағы науқас адамда жоғарғы жақсүйекте толық адентия, альвеолярлы өсіңдісі ортанғы дәрежедегі атрофиясы, аралық қатпар альвеолярлы өсіңдісінің шыңына жақын орналасқан. Осы жағдай Шредер жіктемесі бойынша жоғарғы жақ сүйектің атрофиясы қандай типіне жатады:

1) IV тип
2) I тип
3) III тип
4) V тип
5) II тип

68. 58 жастағы науқас адам толық алмалы – салмалы пластиналық протездің жие сыңыуына шағымданады. Анамнезден науқас бруксизм ауырымен ауыратыңы анықталды. Протездің сыңуын алдын алу үшін, базисты жасайды:

1) металлдан
2) фторакстан
3) қосқабат базисты
4) Valplastтан
5) Редонттан

69. Ауыз қуысың тексерген кезде үстіңгі және астыңғы күрек тістердің кесу шеттерімен бір- біріне түйіскені байқалады. Тістемені анықтаңыз:

1) опистогнатиялық
2) прогениялық
3) бипрогнатиялық
4) ортогнатиялық
5) тікелей

70. Науқас адам клиникаға тамақ қабылдау және сөйлеу кезде толық алмалы- салмалы протез жоғарғы жақсүйекке жақсы бекітілмеуіне шағымдарымен келді. Протезбен екі жыл бойы пайдаланады. Ауыз қуысын тексергенде: протез шекарасы аралық қатпар аумағында нормада, дисталды бөлігінде базистың қысқаруы анықталады, осы нәтижесінен протездің бекітілуі дұрыс болмауы белгіленеді. Дәрігіердің тактикасы:

1) жаңа алынбалы пластиналық протезді жасау
2) негізі қос қабаттан тұратын протезді жасау
3) протездің негізін қайта жасауды өткізу
4) протезді өлшеп түзетуді өткізу
5) негізі металлдан тұратын протезді жасау

71. 63 жастағы науқас адамға төменгі жақсүйекке толық алынбалы протезді жасап жатыр. Жеке қасықты Гербст сынамалар арқылы келтіреді. Жұтыну кезде қасық орынан жылжыйды. Қандай участкіде қасықтың шетін қысқарту керек?

1) вестибулярлы шетін ұрт тартпалар аумағында
2) вестибулярлы шетін алдыңғы тістердің және азу тістердің аумағында
3) ретромолярлы төмпешіктен ұрт тартпаларға дейін
4) тіл шетін жақ- тіл асты сызық аумағында
5) ретромолярлы төмпешіктен жақ- тіл асты сызыққа дейін

72. Науқас адам 14, 15-ші тістердің денгейінде аралық қатпардың аумағының ауырсынуға шағымданады. Анамнезда: үш күн бұрын жоғарғы жақсүйекке толық алмалы- салмалы пластиналық протез орнатылған. Объективті: аралық қатпардың сілемейлі қабығы гиперемияланған. Дәрігердің тактикасы:

1) протез шеттерін түзетуді жүргізу
2) протез негізін қайта жасауды жүргізу
3) жансыздандыру терапияны белгілеу
4) сілемейлі қабығын антисептикалармен өндеу
5) жаңа алмалы- салмалы протезді жасау

73. Ортодонтикалық аппараттар әрекет принципі бойынша бөлінеді:

1) каппалық, механикалық, стационарды
2) механикалық, бекітуші, ретенциялық
3) ретенциялық, стационарды, аралас
4) механикалық, функционалды, аралас
5) дуғалы, каппалық, бекітуші

74. Тістейтін Катц пластинкасымен қолданылады:

1) тіс доғасын кеңейту үшін
2) диастеманы емдеу үшін
3) мезиалды терең тістемені емдеу үшін
4) терен дисталды тістемені жою үшін
5) тістеменің ақауларын емдеу үшін

75. Алынбайтын ортодонтикалық аппаратарда келесі доғалармен жиі қолданылады:

1) вестибулярлы және оральды
2) оральды гофрленген ұштарымен
3) вестибулярлы және оральды, төртқырлы
4) қосарлы оральды гофрленген ұштарымен
5) вестибулярлы және қосарлы оральды, төртқырлы

76. Шайнау бұлшық еттері жиырылу кезінде көлбеу жазықтыққа тиіп тұрған тістер:

1) жоспарланған бағытта жылжиды
2) «сүйекке кіреді»
3) оральды жаққа жылжиды
4) дұрыс жағдайда бекітіледі
5) вестибулярлы жаққа жылжиды

77. Қалыптастырушы аппаратқа жатады:

1) Шураның түзеткіш аппараты
2) Ванкевич шендеуіші
3) Порта шендеуіші
4) Бетельман аппараты
5) Збарж аппараты

78. Тигерштед шендеуіші, қосжақты бағыттау үшін қосымша толықтырылады:

1) ілгешектермен
2) бұрандылармен
3) айналмалармен
4) тіреуіштермен
5) бағыттауыштармен

79. Лефор-2 (екі) типы бойынша жоғарғы жақ сүйектің сынық жолы:

1) жоғарғы жақ сүек және альвеолярлы өсіндісі
2) жоғарғы жақ сүйек және мұрын сүйектері
3) гаймор қуысы және мұрын түбі
4) астынғы жақ сүйек және альвеолярлы өсіндісі
5) жоғарғы жақ сүйек және бет сүйектері

80. Бағыттаушы аппараттардың қолданылуы:

1) сынықтарды дұрыс бағыттауы
2) сынықтарды бекітуі және ығысқан сынықтардың бағыттауы
3) сынықтарды дұрыс бағыттау және бекітуі
4) ығысқан сынықтардың бағыттауы
5) сырттан түскен күштін себебінен ығысқан сынықтарды бекітуі

81. Тірі тің электр тоғын жүргізе алады:

1) оң зарядтар болғанда
2) жасушада биопотенциал болғанда
3) тіңде иондар болғанда
4) теріс зарядтар болғанда
5) тіңде сұйық болғанда

82. 100 мкА дейін токқа реакциясы болмағанда келесі ауру бар деуге болады:

1) жедел пульпит
2) созылмалы периодонтит
3) орташа тіс жегі
4) терен тіс жегі
5) гангренозды пульпит

83. S-тәріздес үшкірлі қысқыштармен жұлады:

1) төменгі жақ сүйегінің кіші және үлкен азу тістерін
2) жоғарғы жақ сүйегінің үшінші азу тістерін
3) жоғарғы жақ сүйегінің бірінші, екінші кіші азу тістерін
4) жоғарғы жақ сүйегінің кіші және үлкен азу тістерін
5) жоғарғы жақ сүйегінің күрек және сүйір тістерін

84. Тіс жұлғаннан кейінгі жергілікті туындайтын асқынулар:

1) альвеолярлы өсіндісінің сынуы
2) көрші тістің орынан шығуы
3) тіс ұяшығынан қан кетуі
4) қызыл иектін зақымдануы
5) жұлынған тістің түбірінің сынуы

85. Туберальды жансыздандыру кезінде жоғарғы ұяшықтық нервтер жансызданады:

1) алдынғы
2) ортанғы
3) артқы
4) төменгі
5) жоғарғы

86. Жақ сүйектері сынған кезде тасымалдау иммобилизация үшін стандартты таңғыштармен қолданылады:

1) Ванкевич шендеуішін
2) дөңгелек таңғышты
3) Тигерштед шендеуішін
4) Померанцева-Урбанской сақпанша таңғышын
5) тірек имегі бар шендеуішін

87. Иек асты аумағындағы одонтогенді флегмонаның даму себебі келесі аумақтағы қабыну процесінен болады:

1) жоғарғы ерінінен
2) жоғарғы жақ сүйектің тістерінен
3) төменгі жақ сүйектің 678 тістерінен
4) ұрт аумағындағы лимфа бездерінен
5) төменгі жақ сүйектің 4321 тістерінен

88. Перикоронитте және үшінші үлкен азу тіс дұрыс орналасқан кезінде жасалынады:

1) өтпелі қатпардан кеседі
2) секвестрэктомияны өткізеді
3) лидокаинмен аппликация жасайды
4) тіс бетіндегі сілемейлі қабығын кеседі
5) тіс жұлынады

89. Дәрігер науқасқа диагноз қойды:Төменгі жақ сүйектің 47-ші тісте жедел іріңді периостит, тісті консервативті емдеуге болмайды. 47-ші тісті жұлу, вестибулярлы бетінен перестотомияны жасау қажет. Жансыздандыруды таңданыз:

1) күректік жансыздандыру
2) инфильтрациялық жансыздандыру
3) иек асты жансыздандыру
4) торусальды жансыздандыру
5) инфраорбитальды жансыздандыру

90. 46-шы тісті жұлу кезінде дисталды түбірі жұлынды, медиалды түбірі қысқышпен алынбайды.Түбірін жұлу үшін қолданылатын құралды таңдаңыз:

1) байонетты қысқыш
2) бұрышты элеватор «өзінен»
3) тік элеватор
4) құс тұмсықты үшкір қысқыш
5) бұрышты элеватор «өзіне»

91. 38-ші тісті жұлған соң 3 күннен кейін науқас аузы нашар ашылуына шағымданады. Анестетик енгізген жерде қабыну белгілері жоқ. Асқынуды көрсетіңіз:

1) егуден кейінгі контрактурасы
2) самай төменгі жақ буының артриті
3) контрактуралық қабынуы
4) төменгі ұяшықтық нервтің қабынуы
5) самай төменгі жақ буының анкилозы

92. Науқас тіс жұлған ұяшығының ауырсынуына, аузынан жағымсыз иіс шығуына, дене қызуынын көтерілуіне шағымданады. Анамнезда 25-ші тіс 3 күн бұрын жұлынған.Тексеріп қарағанда: тіс ұяшығының аумағында қызыл иектің сілемейлі қабығы ісінген және гиперемияланған.Тіс ұяшығы сұрғылт түсті қақпен, тамақ қалдықтарымен толған. Төменгі жақ сүйектің лимфа туйіндері үлкейген және ауырсынады. Клиникалық көрінісі келесі ауруға сәйкес келеді:

1) тіс ұяшығының остемиелиті
2) альвеолит
3) ұяшықтық нервтің қабынуы
4) перикоронорит
5) периостит

93. 16-шы тісті жұлу кезінде дәрігер бірінші люксация қозғалысын вестибулярлы бетіне жасады. Тіс жұлу операциясы S – тәріздес сол жақтағы үшкірі қысқышпен жасалынды. Тістің түбірі сынып қалды. Дәрігердің қателігін көрсетіңіз:

1) жеткіліксіз жансыздандыру мен дұрыс таңдалмаған қысқыш
2) тістің дөңгелек байланысы жеткіліксіз ажыратылмаған
3) бірінші люксация бағыты дұрыс таңдалмаған
4) дұрыс таңдалмаған қысқыш пен бірінші жасалынған қозғалыс
5) тракция кезені дұрыс жасалмаған

94. Науқас 2 апта бұрын жұлынған тіс аумағының ауырсынуына шағымданады. Объективті:сыртқы көрінісі өзгермеген, тіс ұяшығы эпителизирленген, сілемейлі қабығы өзгермеген, пальпациялау ауырсынуысыз. Клиникалық көрінісі келесі ауруға сәйкес келеді:

1) тіс ұяшығының жедел остеомелиті
2) альвеолит
3) үшкіл нерв невралгиясы
4) тіс ұяшығының нервісінің қабынуы
5) бет нервісінің қабынуы

95. Көз шұңқырының төменгі қырымен шықшыттыжоқғарғы жақ тігісі аймағында қандай тесік пальпацияланады:

1) инфраорбитальды
2) төменгі жақ тесігі
3) домалақ
4) ментальды
5) сопақ

96. Ингаляциялық наркозға арналған препараттар:

1) гексенал
2) дроперидол
3) оксибутират натрия
4) фторотан
5) калипсол

97. Жалпы аурусыздандыру болып табылады

1) Эндотрахеальды наркоз
2) Атаралгезия
3) Инфильтрационды анестезия
4) Вагосимпатикалық блокада
5) Өткізгіштік анестезия

98. Ретенциялық құрылғыларды қолдану мақсаты:

1) тұрақты киетін құрылғылар
2) шайнау кезінде ақауды дұрыстау
3) алынған нәтижені бекіту
4) тіс-жақтық ақауды дұрыстау
5) ұйқы кезінде ақауды дұрыстау

99. Бағыттаушы аппараттардың қолданылуы:

1) сырттан түскен күштін себебінен ығысқан сынықтардыбекітуі
2) ығысқан сынықтардың бағыттауы
3) сынықтарды дұрыс бағыттауы
4) сынықтарды дұрыс бағыттау және бекітуі
5) сынықтарды бекітуі және ығысқан сынықтардың бағыттауы

100. Биологиялық жолмен ауыз қуысының өздігінен тазалануында органикалық заттардың ыдырауына не кедергі келтіреді?

1) сілтілер
2) пародонт
3) ферменттер
4) қышқылдар
5) бактериялар