Тест: Олимпиадаға дайындық 7-8-сынып


Список вопросов


1. Бала бидің білгірлігі Бала би қартайған шағында елінің игі жақсылықтарымен кеңесіп отырып: «Жерден ауыр не, судан терең не, оттан ыстық не, көктен биік не?» - деп сұраған екен. Бұған ешкім ауыз тұшырлықтай жауап бере алмапты. Сонда Бала бидің өзі шешіп берген екен дейді: Жерден ауыр дегенім – ақыл-білім, Судан терең дегенім – оқу-ғылым. Оттан ыстық дегенім - адамның өмірі. Көктен биік дегенім - тәкәппардың көңілі. Сұрақ: Бала бидің пікірінше, жерден ауыр не?

1) А) адам өмірі
2) В) ақыл-білім
3) С) тәкәппар көңілі
4) Д) оқу-ғылым
5) Е) кітап

2. Бала бидің пікірінше, адам өмірі неден ыстық?

1) жалыннан
2) жақсылықтан
3) тозақ отынан
4) оттан
5) күннен

3. Бала бидің сұрағына кім жауап берді?

1) Қазыбек би
2) Шәкірті
3) Өзі
4) Төле би
5) Баласы

4. «Ауыз тұшырлықтай» тіркесінің мағынасы?

1) А) жылы сөз
2) В) ауыр сөз
3) С) аузы ашық
4) Д) ауыз ашитындай
5) Е) көңіл толатындай

5. Құмырсқа – әлемдегі ең көп тараған жәндіктердің бірі. Қазақ «құмырсқадай қажырлы», «құмырсқадай құжынаған», «құмырсқадай еңбекқор» деген тіркестерді бекер айтпаған. Олардың біз білмейтін қызық қыры көп. Оны ғалымдар зерттеп, бұқараға жеткізіп отыр. Құмырсқаларды зерттейтін ғылым - мирмекология деп аталады. Осы мирмеколог мамандардың құмырсқадай тынбай талаптанып, қайнаған тіршілікті зерттеуі нәтижесінде бізге олар туралы көптеген қызықты деректер белгілі болды. Құмырсқа жер жүзінде ең көп тараған жәндік. Әлемдегі ең құрметті мимекологтардың бірі Эдвард Уилсонның есебі бойынша, бүгін жер бетінде 10 квадриллион, яғни онның 15 дәрежесіндей құмырсқа бар екен. Жан басына шаққанда, бір адамға миллион құмырсқадан келеді, ал жалпы үлесі барлық адамның үлесіндей. Мәтін қай стильде жазылған

1) А) ресми стиль
2) В) ауызекі сөйлеу стиль
3) С) ғылыми стиль
4) Д) көркем әдеби стиль
5) Е) публицистикалық стиль

6. Мәтіннің тақырыбы қандай?

1) А) жәндіктер туралы
2) В) құмырсқалар илеуі туралы
3) С) құмырсқалар туралы
4) Е) мирмекологтар туралы
5) Д) құмырсқалар еңбегі

7. . «Құмырсқадай құжынаған» тіркесінің мағынасына сай келмейтін қатарды көрсетіңіз. А) көп, быжынап кетті В) көп, ығы- жығы С) қаптап кетті, қайнады Д) қажырлы, еңбекқор Е) қайнаған, қалың