Тест: Құрмалас сөйлем 9-сынып


Список вопросов


1. Сөйлем құрылысына қарай нешеге бөлінеді?

1) 6
2) 3
3) 2

2. Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдерді байланыстыратын амал - тәсілдердің бірін анықтаңыз.

1) көптік жалғау арқылы
2) мағына жақындығы
3) жұрнақ арқылы

3. Интонация арқылы байланысып тұрған құрмалас сөйлемді анықтаңыз.

1) Жақсының жүрген жері - базар, жаманның жүрген жері - азар.
2) Аспанмен тірескен қақпа салып алсаң да, елдің аузына қақпақ қоя алмайсың.
3) Еуразия кіндігінен барша қазақстандықтың мақтанышы әрі ұлттық жетістігі - елордамыз бой көтерді.

4. Тауар тапшылығы жоғалып, өнім сапасы жақсарды. Құрмалас сөйлемнің түрін анықта.

1) салалас құрмалас сөйлем
2) сабақтас құрмалас сөйлем
3) аралас құрмалас сөйлем

5. Сөйлемнің түрін анықтаңыз. Бүгінге дейінгі барлық жетістікке тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік.

1) сабақтас құрмалас сөйлем
2) құрмалас сөйлем
3) салалас құрмалас сөйлем
4) жай сөйлем

6. Банк жүйесі батыл түрде реформаланды, халықтың банкке деген сенімі артты. Сөйлемнің түрін анықта.

1) Аралас құрмалас сөйлем
2) Сабақтас құрмалас сөйлем
3) Салалас құрмалас сөйлем

7. Салалас құрмалас сөйлемнің ережесін анықта.

1) Кемінде екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралады.
2) Алғашқы жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысады.
3) Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысады.

8. Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

1) Алғашқы жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысады
2) Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысады.
3) Кемінде екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралады

9. Аралас құрмалас сөйлемді анықта.

1) Күз келіп, күн суытты.
2) Күз келіп, күн суытты, сондықтан ол жылы киінді.
3) Күз келді, күн суытты.

10. Қазақстан ұлтаралық және конфессияаралық қоғам құрудың тиімді жолын қалыптастырды. Сөйлемнің түрін анықтаңыз.

1) Жай сөйлем
2) Аралас құрмалас сөйлем
3) Құрмалас сөйлем
4) Сабақтас құрмалас сөйлем