Тест: 5 аналитикалық топ катиондары


Список вопросов


1. 5 аналитикалық топқа жататын катиондар

1) Темір, магний, марганец
2) Сурьма, алюминий, кальций
3) Марганец, хром, магний

2. 5 аналитикалық топ катиондарының топтық реагенті

1) Тұз қышқылы
2) Натрий гидроксиді
3) Аммоний гидроксиді

3. Темір гидроксиді (+2) қандай түсті тұнба береді

1) Жасыл
2) Ақ
3) Сары

4. Fe2+-катионымен қышқылдық ортада қара-көк түсті тұнба береді, сонда темір-дің (ІІ) гексацианоферраты (III) түзіледі. Түзілген тұнбаны қалай атайды

1) Турбунгулл көгі
2) Берлин лазурі
3) Ринмань көгі

5. Магний катионы натрий гидрофосфатымен әрекеттескенде қандай түсті тұнба түзеді

1) Қара кристалды тұнба
2) Сары тұнба
3) Ақ кристалды тұнба

6. Na2S2О3 сурьма (ІІІ) тұзының ерітінділерімен қыздырған кезде сурьма (III) оксидінің дисульфидінің (сурьмяная киноварь) қызыл тұнбасын түзеді:

1) 2H3[SbCl]6 + 3Sn → 2Sb↓ + 3H2[SnCl4]
2) 2SbCl3 + 2NaS2О3 + 3Н2О → Sb2OS2↓+ 2H2SО4 + 4NaCl + 2HCl
3) H[SbCl6] + 6NaOH → SbO(OH)3↓ + 6NaCl + 2H2О

7. Сия көк метил тұз қышқылының қатысында Sb5+ катионымен реакцияға түсіп ерітіндіні қандай түске бояйды

1) жасыл түске
2) қызыл түске
3) күлгін түске

8. Сурьма(5+) тұздарын су қосып сұйылтқан кезде қандай түсті тұнба түзіледі

1) ақ
2) күлгін
3) жасыл

9. Сурьма (ІІІ) сульфиді Na2S, (NH4)2S, (NH4)2S2, NaOH ерітінділерімен әрекеттесіп, қандай тұздар түзеді

1) Орта тұздар
2) Негіздік тұздар
3) Тиотұздар

10. MgNH4PO4↓ тұнбасы қайда ериді

1) амин қышқылында
2) құмырсқа қышқылында
3) сірке қышқылында

11. Ві(ОН)3 қайда ерімейді

1) сілтіде
2) қышқылда
3) минералды тұздарда

12. Мn(ОН)2-нің МnО(ОН)2-ден айырмашылығы қандай

1) концентрлі күкірт қышқылында ериді
2) концентрлі тұз қышқылында ериді
3) сұйытылған күкірт қышқылында ериді

13. Темір(ІІІ) иондары фосфат-ионымен әрекеттескенде қандай түсті тұнба түзеді:

1) сарғыш түсті FePO4↓
2) жасыл түсті FePO4↓
3) қара түсті FePO4↓

14. Темір (ІІ) иондары аммоний сульфиді әсерінен қара түсті тұнба түзеді:

1) 3FеSO4 + 2K3[Fe(СN)6] → Fe3[Fe(CN)6]2↓ + 3K2SO4
2) FеCl2 + 2С4Н8N2(OН)2 → [(C4H6NONOH)2Fе]↓ + 2НCl
3) FeSО4 + (NH4)2S → FeS↓ + (NH4)2SО4

15. Fе(ОН)3↓ түсі қандай

1) сұр-жасыл түсті
2) қызыл-қоңыр түсті
3) ақ түсті