Тест: Алынбайтын протез дайындау техникасы


Список вопросов


1. Науқас 60 жаста. Бір ай бұрын жасалған протезбен шайнау мүмкін еместігіне, шықшыт буыны мен шайнайтын бұлшықеттерінің ауыратынына шағымданып келді. Пациенттің дикциясы бұзылған. Сұрақ: Протезді дайындаудың қай кезеңінде қателік кетті?

1) протездің балауызды конструкциясын клиникалық тексеру кезеңінде
2) анатомиялық қалып алу кезеңінде
3) қосымша қалып алу кезеңінде
4) функциональды қалып алу кезеңінде
5) жақтың орталық арақатынасын анықтау кезеңінде

2. Пластиналық протездің конструкциясын тексеруді қалай бастайды:

1) протезді ауыз қуысына енгізуден
2) беттің төменгі бөлігінің биіктігін анықтаудан
3) ауыз қуысына тістері мен кламмері бар балауызды негізді енгізуден
4) беттің жоғарғы бөлігінің биіктігін анықтаудан
5) окклюдатордағы құрылымның гипстік мүсінінің сапасын бағалаудан

3. Металлпластмассалы сауытты дайындаудың қорытынды лабораториялық кезеңіне не жатады:

1) модельге отырғызу
2) пішінді соңғы түзету
3) глазурлеу
4) жылтырату
5) ақырғы күйдіру

4. Толық құйылып жасалатын тіс сауыттырын дайындауда құралмалы модель не үшін қажет?

1) металдың отыруын болдырмас үшін
2) Отқа төзімді материалдан модельді дублдеу үшін
3) сауыттың дәл құйылуы үшін
4) сауытты мүсіндеу мен отырғызу ыңғайлы болу үшін
5) сауытты гипстік штампта құю үшін

5. Жоғарғы жақтың жартылай алмалы-салмалы протезінің конструкциясын тексергенде, модельдің таңдай қатпарлары аймағында зақымдалғаны анықталды. Дәрігердің іс-әрекеті

1) зақымдалған жерге назар аудармау керек
2) алмалы-салмалы протездің балауызды конструкциясын пайдаланып, коррегирлеуші материалмен функциональды қалып алу
3) жаңадан қалып алып клиникалық және лабораториялық кезеңдерін қайталау
4) алмалы-салмалы протезді осы модельде дайындап, кейіннен түзету
5) модельдің зақымдалған жерін сұйық гипстің көмегімен жою

6. Жақтан қалып алу кезеңдері:

1) колбаны әзірлеу, массаны араластыру, ауыз қуысына кіргізу.
2) қалып алатын массаны дайындау, қасыққа массаны салу, қасықты ауыз қуысына енгізу, ауыздан қалыпты шығару, қалыпты бағалау
3) қасыққа массаны салу, қасықты ауыз қуысына енгізу, болашақ қалыптың шекараларын қалыптастыру, ауыздан қалыпты шығару, қалыпты бағалау
4) массаны ауыз қуысына кіргізу, массаны ауыз қуысынан шығару
5) қасық таңдау, қалып алатын массаны дайындау, қасыққа массаны салу, қасықты ауыз қуысына енгізу, болашақтағы алынатын қалыптың беттерін қалыптастыру

7. Пластмассадан жасалатын көпіртәрізді протездің түсін қай клиникалық кезеңде анықтайды:

1) 4 клиникалық кезеңде
2) 1 клиникалық кезеңде
3) 2 клиникалық кезеңде
4) 5 клиникалық кезеңде
5) 3 клиникалық кезеңде

8. Пластмассадан жасалатын көпіртәрізді протезді цементке бекіту кезеңінің басқа көпіртәрізді протездерден айырмашылығы неде:

1) кертпе жасау керек
2) тіс тұқылын қосымша егеу керек
3) перебазировка жасау керек
4) дентинге отырғызу керек
5) фосфат-цементке отырғызу керек

9. Штампталып-дәнекерленіп жасалатын көпіртәрізді протезді дайындаудың екінші клиникалық кезеңінде жүргізіледі:

1) сауытты цементке бекіту
2) сауытты шақтап кигізіп көріп, тістемде қалып алу
3) пациентті қарап, диагноз қою
4) модель құю
5) орталық окклюзияны анықтау

10. Жасанды сауытпен емдеудің бірінші клиникалық кезеңде жіберілетін қателіктер

1) тістің қызып кетуі, ұлпа қуысының ашылуы
2) қан кету
3) сауыттың кең жасалуы
4) тістемнің биіктеуі
5) тіске сауытты салуға мүмкіндіктің болмауы

11. Жасанды сауытпен емдеудің екінші клиникалық кезеңде жіберілетін қателіктер:

1) пародонттың патологиялық өзгеруі
2) сауыт цементінің еріп кетуі
3) тістің қатты тіндерінің сорылуы
4) тістемнің биіктеуі
5) сауыттың жылжып кетуі

12. Жасанды сауытпен емдеудің бірінші лабораториялық кезеңінде жіберілетін қателіктер

1) сауыт мойнынының дұрыс сызылмауы, жеткілікті штампталған
2) шайнау төмпешіктерінің биік мүсінделуі
3) сауыт мойнынының дұрыс сызылмауы, жеткіліксіз штампталған
4) сауыттың клиникалық пішінге сай келмеуі
5) тістермен көршілес жанасу жоқ

13. Дәнекерленіп штампталып жасалатын көпіртәрізді протезді дайындаудың екінші клиникалық кезеңінде қалып тістемде алынады:

1) толық құйылған метал каркасымен бірге
2) көпіртәрізді протездің тірек сауыттарымен бірге
3) металды-пластмассалы протез каркасымен бірге
4) металды-керамикалық протез каркасымен бірге
5) құйылған пластмасса құрылымымен бірге

14. Металлкерамикалы көпіртәрізді протездің аралық бөлігі мен жасанды сауыттардың анатомиялық пішіні ненің көмегімен құрылады және қай кезеңде жүргізіледі:

1) металлокерамикалы протездің аралық бөлігін және жасанды сауыттардың анатомиялық пішінін ескермей балауыздан мүсіндейді
2) жасанды сауыттың анатомиялық пішіні пластмассадан қалыптастырылады
3) жасанды сауыттың анатомиялық пішінін қалыптастыруды техник шешеді
4) протездің аралық бөлігін және жасанды сауыттардың анатомиялық пішінін металды каркасты балауыздан мүсіндеу кезінде керамика қабатына 1,0-1,5мм орын қалдыра отырып қалыптастырады
5) жасанды сауыттың анатомиялық пішіні фарфорлы массамен қалыптастырылады

15. Металлкерамикалы жасанды тіс сауытын шақтап, өлшеп, кигізіп көретін клиникалық кезеңінде металды каркасқа қойылатын талаптар:

1) протездің металды сауыт каркасы тістемді биіктетіп тұруы керек
2) протездің металды сауыт каркасы тістемді биіктетпеуі керек
3) металды каркас тістің анатомиялық пішінін қайталауы керек. Сауыттың вестибулярлы және бүйір қабырғаларының қалыңдығы 0.3мм –ден аспауы керек
4) протездің металды сауыт каркасы тістің анатомиялық пішінін қайталауы керек және сауыттың шеттері қызыл иекке 0,1 мм кіріп тұруы керек
5) қасында тұрған және антогонист тістердің бүкіл мойын аймақтарына жанасып тұруы керек

16. Пластмассадан ізді протезді цементке бекіту:

1) 5 клиникалық кезеңде жүргізіледі
2) 4 клиникалық кезеңде жүргізіледі
3) 1 клиникалық кезеңде жүргізіледі
4) 2 клиникалық кезеңде жүргізіледі
5) 3 клиникалық кезеңде жүргізіледі

17. Штампталып-дәнекерленіп жасалатын көпіртәрізді протезді цементке бекіту:

1) 1 клиникалық кезеңде жүргізіледі
2) 4 клиникалық кезеңде жүргізіледі
3) 5 клиникалық кезеңде жүргізіледі
4) 2 клиникалық кезеңде жүргізіледі
5) 3 клиникалық кезеңде жүргізіледі

18. Штампталып-дәнекерленіп жасалатын көпіртәрізді протездің тірек сауыттарын шақтап кигізіп көру:

1) 5 клиникалық кезеңде жүргізіледі
2) 3 клиникалық кезеңде жүргізіледі
3) 1 клиникалық кезеңде жүргізіледі
4) 4 клиникалық кезеңде жүргізіледі
5) 2 клиникалық кезеңде жүргізіледі

19. Комбинирленген көпіртәрізді протездің тірек сауыттарын отырғызу алдында тістерді қосымша егеу

1) 2 клиникалық кезеңде жүргізіледі
2) 2 клиникалық кезеңде жүргізіледі
3) 5 клиникалық кезеңде жүргізіледі
4) 3 клиникалық кезеңде жүргізіледі
5) 1 клиникалық кезеңде жүргізіледі

20. Штампталып-дәнекерленіп жасалатын көпіртәрізді протезді ағарту, тегістеу, жылтырату

1) 2 лабораториялық кезеңде жүргізіледі
2) 4 лабораториялық кезеңде жүргізіледі
3) 3 лабораториялық кезеңде жүргізіледі
4) 5 лабораториялық кезеңде жүргізіледі
5) 1 лабораториялық кезеңде жүргізіледі

21. Клиникалық кезеңнің қайсысында пластмасса сауытқа перебазировка жүргізіледі :

1) 2 клиникалық кезеңде
2) 5 клиникалық кезеңде
3) 4 клиникалық кезеңде
4) 3 клиникалық кезеңде
5) 1 клиникалық кезеңде

22. Көпіртәрізді протезді дәнекерлеу кай кезеңде жүргізіледі

1) 3-ші лабораториялық кезеңде
2) 2-ші лабораториялық кезеңде
3) 5-ші лабораториялық кезеңде
4) 1-ші лабораториялық кезеңде
5) 4-ші лабораториялық кезеңде

23. Алтын қорытпасынан сауыт дайындаудың екінші клиникалық кезеңіне не жатады:

1) қалып алу
2) сауытты отырғызып көру
3) жеке дара қасықты отырғызу
4) тісті егеу
5) сауытты тапсыру

24. Металлдан штамптап жасалатын сауытты дайындаудың бірінші лабораториялық кезеңіне не жатады:

1) окклюзионды валиктерді дайындау
2) модель құю, штампты алу, штамптау
3) сауытты құю
4) сауытты егеу
5) пластмассаны балауызға ауыстыру

25. Металдан штамптап жасалатын сауытты дайындаудың екінші клиникалық кезеңіне не жатады:

1) ) цементке бекіту
2) сауытты қайта жасау
3) тісті егеу
4) сауытты кигізіп көру
5) сауытты тапсыру

26. Екінші клиникалық кезеңде Белкин бойынша жасалған сауытты шақтап, өлшеп, кигізіп көргеннен кейін не істеу керек?:

1) тісті қосымша егеп, сауыттың медиальды түйісу беткейін бормен егеп тесу, тіске сауытты балауызбен бекіту, қалып алу, пластмассаның түсін анықтау
2) тісті қосымша егеп, сауыттың вестибулярлы беткейін бормен егеп тесу, тіске сауытты балауызбен бекіту, қалып алу, пластмассаның түсін анықтау
3) тісті қосымша егеп, сауыттың таңдай жағын бормен егеп тесу, тіске сауытты балауызбен бекіту, қалып алу, пластмассаның түсін анықтау
4) тісті қосымша егеп, сауыттың дистальды түйісу беткейін бормен егеп тесу, тіске сауытты балауызбен бекіту, қалып алу, пластмассаның түсін анықтау
5) тісті қосымша егемей, сауыттың вестибулярлы беткейін бормен егеп тесу, тіске сауытты балауызбен бекіту, қалып алу, пластмассаның түсін анықтау

27. Металлдан штамптап жасалынған сауытты кигізіп көру қандай клиникалық кезеңге жатады?:

1) екінші
2) бірінші
3) төртінші
4) үшінші
5) бесінші

28. Металлдан штамптап жасалған нитрад-титанды қабаты бар сауытты тапсыру қандай клиникалық кезеңге жатады?:

1) бесінші
2) екінші
3) төртінші
4) бірінші
5) үшінші

29. Керамикадан жасалатын сауытты дайындаудың клиникалық кезеңіне не жатады:

1) орталық окклюзияны анықтау, фосфат-цементпен сауытты бекіту
2) тісті егеу, қалып алу, глазурленген сауытты кигізіп көру, бекіту
3) тексеріп қарау, құжаттарды толтыру, тісті егеу, модель құю, штамптау
4) модель құю, қалып алу, тексеріп қарау, тісті егеу, цементке отырғызу
5) тісті егеу, модель құю, қалып алу, тісті мүсіндеу, штамптау

30. Ситалдан жасалатын сауытты дайындаудың клиникалық кезеңіне не жатады:

1) орталық окклюзияны анықтау, фосфат-цементпен сауытты бекіту
2) модель құю, қалып алу, тексеріп қарау, тісті егеу, цементке отырғызу
3) тексеріп қарау, құжаттарды толтыру, тісті егеу, модель құю, штамптау
4) тісті егеу, қалып алу, глазурленген сауытты кигізіп көру, бекіту
5) тісті егеу, модель құю,қалып алу, тісті мүсіндеу, штамптау

31. Тірек тіске жасанды сауытты кигізіп отырғызып көрукезеңіне не жатады:

1) техникалық бағалау, сауытты антисептикалық өңдеу, ауызда орнату, клиникалық бағалау, окклюзияда қалып алу
2) қарау, клиникалық бағалау, техникалық бағалаумен тістемде қалып алу, анатомиялық қалып алу
3) қарау, құжаттарды толтыру, шақтап, өлшеп, кигізіп көру, қалып алу, орталық окклюзияны анықтау, сауытты шақтау,бекіту
4) антисептикалык өңдеу, техникалык бағалау, клиникалық бағалау, окклюзияда қалып алу
5) қарау, шақтап, өлшеп, кигізіп көру, клиникалық бағалау, тістемде қалып алу, цементке бекіту

32. Шақтап, өлшеп, кигізіп көру кезінде сауыт тістемді биіктетіп (тіске толығымен киілмей) және қызыл иек жиегіне 1 мм еніп тұр, мұндай жағдайда:

1) сауытты қайтадан штамптау керек
2) шақтап, өлшеп, кигізіп көру кезеңінде жиегін қысқартып, тереңірек отырғызу керек
3) балға мен төс арқылы жиегін түзету қажет
4) тістің шайнау беткейін егеу керек
5) абразивті дөңгелектермен сауыт жиегін тегістеп, жылтырату қажет

33. Доғалы протездің балауызды конструкциясын тексеру кезеңінде клиникаға не әкелінеді:

1) гипс үлгіге отырғызылмаған окклюзиялық білігі бар балауызды базис
2) гипс үлгіге отырғызылған, кламмері мен тістері бар балауызды базис
3) доғасы, кламмері және тістері бар дайын пластмасса базис
4) окклюдаторда гипс үлгіге отырғызылған кламмері мен тістері бар балауызды базис
5) гипс үлгіге отырғызылған окклюзиялық білігі бар балауызды базис

34. Протездің балауызды конструкциясын тексеру кезінде айқасқан тістем анықталды. Жіберілген қателікті анықтаңыз

1) орталық окклюзия бекітілген
2) бүйір окклюзия бекітілген
3) тіс технигі қателік жіберген
4) алдыңғы окклюзия бекітілген
5) жоғарғы жақтың базисі қозғалып кеткен

35. Протездің балауызды конструкциясын тексеру кезінде ашық тістем анықталды. Жіберілген қателікті анықтаңыз:

1) алдыңғы окклюзия бекітілген
2) орталық окклюзия бекітілген
3) жоғарғы жақтың базисі қозғалып кеткен
4) бүйір окклюзия бекітілген
5) тіс технигі қателік жіберген

36. Жоғарғы жаққа толық алмалы салмалы протезді тапсыру кезінде жоғарғы протездің бекітілуі бұзылған. Қарау кезінде анықталды, ауызды ашу кезінде үзбе және ұрт-қызыл иек тартпасы тырысып протезді түсіріп жібереді. Қай кезеңде қателік жіберілді:

1) жасанды тістерді таңдау және қою кезінде
2) тістем биіктігін анықтау кезінде
3) жеке дара қасықты шақтап, өлшеп, кигізіп көру кезінде вестибулярлы беткейі қысқартылмаған
4) функционалді қалыппен модель құю кезінде
5) функционалді қалып алу кезінде

37. жеке дара қасықты шақтап, өлшеп, кигізіп көру кезінде вестибулярлы беткейі қысқартылмаған

1) протезді тапсырған күні шақтап, өлшеп, кигізіп көру, түзету және қою
2) жақтардың орталық ара-қатынасын дұрыс тексергенде
3) протезді тапсырған соң, бір айдан кейін шақтау, өңдеу және салу
4) модельде балауызды конструкцияны тексергенде
5) протезді тапсырған соң, бір аптадан кейін шақтау, өңдеу және салу

38. Жартылай алмалы­салмалы протезді тапсыру кезінде ашық тістем анықталды. Жіберілген қателікті тауып, түзету тәсілдері:

1) тіс технигі қате жіберген, жасанды тістерді түйіскенге дейін сәл егеу керек
2) орталық окклюзия бекітілген, науқас тістерін дұрыс түйістірмеген, түзетпеу
3) екінші клиникалық кезеңде алдыңғы окклюзия бекітілген, протезді қайта жасау керек
4) жоғарғы жақтың базисы орталық окклюзияны бекіту кезінде орнынан қозғалған, түзетпеу
5) тіс технигі қате жіберген, жасанды тістерді түйіскенге дейін сәл егеу керек

39. Салманы жанама әдіспен дайындаудың клиникалық кезеңдеріне не жатады:

1) модельде салманы балауыздан мүсіндеу
2) пластмассаны қалыптау
3) кюветаға салманың балауызды репрадукциясын гипстеу
4) салманы металдан құю
5) сақинамен қалып алу

40. Сепарация – бұл жасанды сауыт астына тісті егеуде қолданылатын әдістің бір түрі, бұл әдісте тістердің қай беткейі егеледі:

1) жанасу беткейі
2) оральді беткейі
3) контактылық беткейі
4) окклюзиялық беткейі
5) кез келген беткейі

41. Пациенттің 3.7 бұзылған тісіне (В.Ю Миликевич көрсеткіші бойынша тістің шайнау беткейінің бұзылу индексі 60%) штампталған сауыт жасау керектігі шешілді, сол үшін 3.7 тісін егеп, тістеммен қалып алынды. 3.7 тіске штампталған сауытты отырғызу барысында орталық окклюзия биік болды. Егелген тіс цилиндір пішінді, окклюзиялық беткейі мен антогонистер арасында 0,32 мм горизонтальді қуыс бар. Қай кезеңінде қате жіберілген

1) екінші лабораториялық кезеңде
2) екінші клиникалық кезеңде
3) бірінші клиникалық кезеңде
4) үшінші лабораториялық кезеңде
5) бірінші лабораториялық кезеңде

42. Пластмассадан жасалатын сауыттарды дайындаудың клиникалық кезеңдері:

1) тексеру, құжаттарды толтыру, қалып алу, орталық окклюзияны анықтау, сауытты фосфат- цементке бекіту.
2) тісті егеу, қалып алу, тісті мүсіндеу, штамптау, орталық окклюзияны анықтау, сауытты цементке бекіту.
3) тексеру, құжаттарды толтыру, егеу, штамптау, уақытша бекіту
4) тексеру, құжаттарды толтыру, егеу, қалып алу, сауытты шақтап, өлшеп, кигізіп көру, бекіту.
5) тексеру, құжаттарды толтыру, қалып алу, модель құю, егеу, цементке бекіту

43. Жасанды сауыттарды дайындаудың клиникалық кезеңдері:

1) тексеру, құжаттарды толтыру, егеу
2) тісті егеу, қалып алу, тісті мүсіндеу, штамптау
3) тексеру, құжаттарды толтыру, қалып алу, орталық окклюзияны анықтау, сауытты фосфат-цементке бекіту.
4) қалып алу, модель құю, тексеру, егеу, цементке бекіту
5) тексеру, құжаттарды толтыру, егеу, қалып алу, орталық окклюзияны анықтау,сауытты шақтап, өлшеп, кигізіп көру, бекіту.

44. Винирлерді дайындауда неше клиникалық кезең болады:

1) бір
2) екі
3) үш
4) төрт
5) бес

45. Винирлерді дәстүрлі әдіспен дайындаудың бірінші кезеңі немен аяқталады:

1) кертпе дайындаумен
2) уақытша конструкцияны отырғызумен
3) тісті депульпациялаумен
4) бірқабатты қалып алумен
5) тістің тек кесу қырын егеумен

46. Азу тістерге асыл қорытпалардан жасанды сауыттарды дайындаудың клиникалық кезеңдері:

1) тексеру, құжаттарды толтыру, егеу, қалып алу, шақтап, өлшеп, кигізіп көру, орталық окклюзияны анықтау, сауытты фосфат-цементке бекіту.
2) тексеру, құжаттарды толтыру, егеу, қалып алу, шақтап, өлшеп, кигізіп көру, окклюзиялық бөлігін қосымша егеу, бекіту.
3) тексеру, құжаттарды толтыру, егеу, штамптау
4) тісті алу, тісті мүсіндеу, штамптау
5) қалып алу, модель құю, тексеру, егеу, цементке бекіту

47. In-Ceram жүйесі сауыттарын дайындаудың клиникалық кезеңдері:

1) 1100 градуста 4 сағат бойы күйдіру
2) егеу және полимеризациялау
3) шынымен пісіру және инфильтрлеу
4) шынымен пісіру және инфильтрлеу
5) алюминиден отқа төзімді штампта құю

48. 30 жастағы ер адам, ортопедиялық стоматология клиникасына 2.6 тісінен пломбаның үнемі түсе беретініне шағымданып келді. Объективті тексеру барысында 2.6 тіс антогонистермен түйіспейтіні және тіс сауыты биіктігінің 1/3 дейін пломбаланғаны анықталды. Металдан штампталып жасалатын сауыт дайындауға шешім қабылданып, 2.6 тіс егеліп, жоғарғы жақтан жартылай анатомиялық қалып алынды. 2.6 тіске штампталған сауытты шақтап, өлшеп кигізіп көрген кезде оның тістемді биіктететіні анықталды. Тістемнің биік болуының себебін анықтаңыз, қай кезеңде қателік жіберілді.:

1) 1-клиникалық кезеңде, тіс дұрыс егелмеген
2) 1-клиникалық кезеңде, тістемде қалып алу қажет еді
3) 1- лабораториялық кезеңде, тіс дұрыс мүсінделмеген
4) 1- лабораториялық кезеңде, модель дұрыс құйылмаған
5) 1-лабораториялық кезеңде, сауыт дұрыс штампталмаған

49. Құйылып жасалған қалпақшаны шақтап, өлшеп, кигізіп көрудің клиникалық кезеңдерінің дұрыс тәртібін анықтаңыз:

1) сапаның технологиялық критериі, қалпақшаны және тісті медикаментозды өңдеу, шақтап, өлшеп, кигізіп көру, цементке бекіту
2) құйылған қалпақшаның технологиялық критериі, қалпақшаны және тісті медикаментозды өңдеу, сапаның клиникалық критериі, түсті анықтау
3) қалпақшаны және тісті медикаментозды өңдеу, шақтап, өлшеп, кигізіп көру, пациенттің өз бағасын беруі, цементке бекіту, науқасқа кеңес беру
4) қалпақшаны және тісті медикаментозды өңдеу шақтап, өлшеп, кигізіп көру, пациенттің өз бағасын беруі, цементке бекіту
5) қалпақшаны және тісті медикаментозды өңдеу, қалпақшаны тіске шақтап, өлшеп, кигізіп көру, сапаның клиникалық критериі, бекіту, науқасқа кеңес беру

50. Жоғарғы және төменгі жаққа жартылай алмалы-салмалы пластиналы протездер жасаған кезде, төменгі тіс қатарының оң жағында 2 мм вертикальді деформация бар екендігі анықталды. Ем барысында, балауызды конструкцияларды тексеру кезеңінде, орталық окклюзияда тістерді түйістірген кезде жасанды тістер арасында 2 мм көлемінде саңылау бар, оң жағындағы табиғи тістер мен сол жағындағы жасанды тістер тығыз түйіседі. Қашан және қандай қателік жіберілді:

1) екінші клиникалық кезеңде, алдыңғы окклюзия анықталған
2) бірінші клиникалық кезеңде, орталық окклюзия анықталған
3) бірінші лабораториялық кезеңде, бүйір окклюзия анықталған
4) екінші клиникалық кезеңде, бүйір окклюзия анықталған
5) екінші клиникалық кезеңде, дистальді окклюзия анықталған