Тест: казахский язык


Список вопросов


1. Асты сызылған сөздің баламасын табыңыз: «Инновациялық дамудың іргетасы қазірден бастап қаланып жатыр ма, жоқ па?». «іргетасы» сөздің синонимі

1) Жоспары
2) Негізі
3) Жобасы

2. «екпін алып келеді» тіркестің баламасын табыңыз: «Экспорт пен импорт та екпін алып келеді».

1) Дамуда
2) Реттелуде
3) Қалыптасуда

3. Ойды жинақтау үшін айтылатын сөз:

1) Нақтыласақ
2) Демек
3) Қорыта айтқанда

4. «Внеочередной отпуск» тіркесінің дұрыс баламасын көрсетіңіз.

1) Мерзімсіз демалыс
2) Кезектен тыс демалыс
3) Кезексіз демалыс

5. Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің екінші деңгейіне жатпайтын банк қайсысы? Анықтаңыз.

1) Халық банк
2) АТФ Банк
3) Ұлттық банк

6. Дұрыс аударылған тіркес:

1) Орта білім - высшее образование
2) Жоғарғы білім - высшее образование
3) Жоғары білім – высшее образование

7. Сөйлемді толықтырыңыз. Мен іссапар құжатымен ________ .

1) Таныстым
2) Жаздым
3) Куәландырдым

8. Төл терминді көрсетіңіз:

1) Саммит
2) Лот
3) Кеден

9. Іс қағазының қай түрінде орындаушыға нақты міндет жүктелгенін көрсетіледі?

1) Бұйрықта
2) Жеделхатта
3) Арызда

10. Ресми ортада қолданылатын сөз орамдары:

1) Ағай, апай, әжей.
2) Ханым, мырза, бикеш.
3) Айналайын, шырағым

11. Мекеме басшысының атына жазылып, белгілі бір тілекті білдіретін құжат:

1) Өмірбаян
2) Қолхат
3) Өтініш

12. Бастық іссапар... келесі аптада барады.

1) –ға
2) –қа
3) –на

13. Әдеп деген не?

1) Қарым-қатынастың құралы
2) Сөйлеудегі мәдениет тірегі
3) Нормадан ауытқудың өлшемі

14. «Сан жолдың түйіскен, көп жолдың ұласып, тоғысқан жері» мағынасындағы фразеологизм:

1) Тоқсан жолдың торабы
2) Сан алуан жол
3) Тоғыз жолдың торабы

15. Ауыспалы мағынада тұрған сөзді көрсетіңіз Бұлақтың көзін ашу – игі іс.

1) Көзін
2) Бұлақтың
3) Ашу

16. Стиль түрін анықтаңыз. Барлық заттың химиялық қасиеті болады.

1) көркем әдебиет
2) ғылыми
3) іс қағаздар стилі

17. Дұрыс аударылған тіркесті көрсетіңіз:

1) Еңбек етті – трудовая деятельность
2) Еңбекке қабілет - трудовая деятельность
3) Еңбек жолы - трудовая деятельность

18. Мақалдың жалғастырыңыз. «Судың да....»

1) сұрауы бар
2) иесі бар
3) салмағы бар

19. Тыйым мәнді сөйлем қандай жолмен жасалады?

1) -у жұрнағы және керек сөзі арқылы
2) -(у)ға, -(у)ге, -қа, -ке қосымшалары және болмайды сөзі арқылы
3) -са, -се жұрнағы арқылы

20. «Предпринимательство» сөзінің қазақша баламасын табыңыз

1) Біліктілік
2) Іскерлік
3) Кәсіпкерлік