Тест: патфиз


Список вопросов


1. Жасушаның некрозы:

1) жасушаға хабарламалық дабылдар әсерінен дамиды
2) жасушаның тектік бағдарланған өлімі
3) апоптоздық әсерленіспен қабаттасады
4) жасушаның ядосына апоптоз гендерінің әсері
5) зақымдаушы жайттардың әсерінен дамиды

2. Жасуша апоптозына тән:

1) қабыну дамуы
2) жасушаның ісінуі
3) каспазалар жәнеи эндонуклеазалардың әсерленуі кариолизис
4) кариолизис

3. Механикалық этиологиялық жайттарға жатады:

1) қысылу
2) сілтілер
3) төмен температура
4) электр ағымы
5) иондаушы сәуле

4. Организмнің төзімділігі-бұл:

1) ауру туындадатын ықпалдарға организмнің тұрақтылығы
2) организмнің қоршаған ортаның жайттары әсеріне сезімталдығы
3) тітіркендіргішке организмнің әлсіз жауабы
4) біртұтас организмнің қоршаған ортаның әсеріне тіршілігін өзгертуімен жауап беру қасиеті
5) тітіркендіргішке организмнің жауабы

5. Патологиялық физиология зерттейді:

1) аурудың пайда болуының, дамуы мен аяқталуының жалпы заңдылықтарын
2) сау организмнің ағзалары мен жүйелерінің қызметін
3) жануар мен адам организміндегі метаболиттік үрдістерді
4) ауру кезіндегі организмдегі құрылымдық өзгерістерді
5) аурулардың симптомдарын
6) белгілі бір ауруларды емдеуді

6. Тұқым қуалаушылықтың этилогиядағы маңызы:

1) ауру пайда болуының себебі де, жағдайы да бола алады
2) эксперименттік емдеу тәсілдерін өңдеуде маңызы бар
3) этиологияда ешқандай маңызы жоқ
4) тек ауру пайда болуының жағдайы бола алады
5) тек ауру себебі бола алады

7. Патогенездің бастапқы тізбегі:

1) патогенездің басқа барлық тізбектерін өрістететін тізбек
2) кері айналып соғу шеңбері
3) басты тізбек
4) > салдарлық зақымдану
5) алғашқы зақымдану

8. Патогенездік емдеудің негізінде жатады:

1) аурудың пайда болу жағдайларына әсер ету
2) ауру патогенезінің негізгі тізбектеріне әсер ету
3) организмнің реактивтілігіне әсер ету
4) аурудың жекеленген көріністеріне әсері
5) аурудың пайда болу себептеріне әсер ету

9. Реактивтілік-бұл:

1) организмнің бейнақты төзімділігі
2) ауру туындататын ықпалдарға организмнің тұрақтылығы
3) дерт туындататын тітіркендіргіштің әсеріне оргаизмнің қорғаныстық әсерленісі
4) ауру пайда болуының себептік байланыстары туралы ілім
5) біртұтас организмнің қоршаған ортаның әсеріне тіршілігін өзгертуімен жауап беру қасиеті

10. Топтық реактивтілікті не анықтамайды:

1) конституция
2) конституция
3) жүрек-қан тамыр жүйесінің қызметі
4) жас
5) жыныс

11. Оң су тепе-теңдігі дамиды

1) гипоосмостық дегидратацияда
2) дегидратацияда
3) гипергидратацияда
4) гиперосмостық дегидратацияда
5) эксикозда

12. Оң су тепе-теңдігінің көріністеріне жатпайтыны

1) артериялық қысымның жоғарылауы
2) ісінулер, шемендік
3) гематокриттің жоғарылауы
4) дене массасының артуы
5) айналымдағы қан көлемінің азаюы

13. Іш қуысында сұйықтық жиналуы аталады

1) гидронефроз
2) перитонит
3) гидроперикардиум
4) гидроторакс
5) асцит

14. Ісіну – бұл

1) қан және тіндер арасында су алмасуының бұзылуынан тіндерде және тін аралық кеңістікте сұйықтың дерттік жиналуы
2) гиперволемия
3) қантамырлық сұйықтың көбеюі
4) лимфа түзілуінің жоғарылауы
5) сірі қуыстарда сұйықтың жиналуы

15. Ісінудің патогенезінде маңызы бар

1) қылтамырішілік қысым төмендеуінің
2) қан тамырлары өткізгіштігі жоғарылауының
3) қанның онкотикалық қысымы жоғарылауының
4) тіндерде онкотикалық және осмостық қысым төмендеуінің
5) әлдостерон мен ДҚГ түзілуі азаюының

16. Ісіну – бұл

1) дерттік үрдіс
2) дерттік әсерленіс
3) ауру алды
4) дерттік жағдай
5) аурудың нозологиялық түрі

17. Ренин-ангиотензин-әлдостерондық жүйенің әсерленуі (РАӘЖ) ісінулер дамуында маңызы бар

1) ашығу кезіндегі
2) лимфа ағып кетуі қиындағандағы
3) жүрек жеткіліксіздігі кезіндегі
4) аллергия кезіндегі
5) қабыну кезіндегі

18. Теңгерілген ацидоз және алкалозға сәйкес келетін артериялық қанның рН

1) 5,0 – 7,0
2) 7,0
3) 7,35 – 7,45
4) 7,6 – 8,2
5) 6,8 – 7,6

19. Газдық ацидоз дамиды

1) асқазан сөлін көп мөлшерде жоғалтқанда
2) гипокапнияда
3) биіктік ауруында
4) өкпе гипервентиляциясында
5) тыныс алу орталығы тежелгенде

20. Газдық ацидоз дамуы мүмкін

1) биіктік жағдайда болғанда
2) пневмосклерозда
3) гипоксияда
4) іш өткенде
5) толастамайтын құсу кезінде

21. Газдық ацидоз дамиды

1) өкпе гипервентиляциясында
2) өкпе гиповентиляциясында
3) экзогендік гипобариялық гипоксияда
4) тыныс алу орталығы қозғанда
5) атмосферада рО2 азайғанда

22. Газдық емес ацидоздың себебі болып табылады

1) органикалық қышқылдардың организмде тым артық түзілуі
2) толастамайтын құсуда
3) > бикарбонаттардың организмде жиналуы
4) өкпе гипервентиляциясы
5) биіктік жағдайда болғанда

23. Газдық емес ацидоз дамуы тән

1) өкпе гипервентиляциясы
2) көмірқышқылы жоғары газбен дем алғанда
3) қантты диабете
4) өкпе гиповентиляциясында
5) толастамайтын құсуда

24. Газдық емес ацидоздың себептері

1) өкпе гипервентиляциясы
2) ацидогенездің әсерленуі
3) қанда көмірқышқылының көбеюі
4) толастамайтын құсу
5) бүйректің қышқыл өнімдерді шығара алмауы

25. Метаболизмдік ацидозға тән

1) ацидогенездің әсерленуі
2) қанда рСО2 жоғарылауы
3) гиповентиляция
4) гипокәлцийемия
5) сүйектің кәлцийсізденуі

26. Газдық алкалоз дамиды

1) қанайналым жеткіліксіздігінде
2) биіктік ауруында
3) асфиксияда
4) есірткімен уланғанда
5) өкпе эмфиземасында

27. Газдық алкалоздың себебі

1) тыныс алу ферменттерінің белсенділігі төмендегенде
2) жасанды тыныс алдырудағы өкпе гипервентиляциясы
3) өкпе гиповентиляциясы
4) тыныс алу орталығының төмен қозымдылығы
5) қанайналымының созылмалы жеткіліксіздігі

28. Газдық емес алкалоз дамиды

1) бүйрек жеткіліксіздігі кезінде ацидогенез және аммониогенез үрдісінің төмендеуінде
2) өкпе гипервентиляциясында
3) толастамайтын құсуда
4) ішек жыланкөзінде
5) несеппен негіздерді жоғалтқанда

29. Алкалоз дамиды

1) ашығуда
2) толастамайтын құсу кезінде асқазан сөлін көп мөлшерде жоғалтқанда
3) гипоксияда
4) бүйрек жеткіліксіздігінде
5) қантты диабет кезінде зат алмасу бұзылғанда

30. Қанда рН 7,49 тең болуы көрсетеді

1) > қалыпты рН мөлшерін
2) теңгерілмеген алкалозды
3) теңгерілмеген ацидозды
4) теңгерілген алкалозды
5) теңгерілген ацидозды

31. Цитохромоксидаза белсенділігі төмендеуі жасуша зақымдануының арнайы көрінісі болады:

1) цианидтермен улану
2) қанайналымдық гипоксия кезінде
3) механикалық жарақат
4) жоғары температураның әсері
5) радиация әсері

32. Жасушаішілік ацидоз – бұл

1) гипоксияда ғана дамиды
2) химиялық жайттар әсерінен дамиды
3) жасуша зақымдануында кездеспейді
4) жасуша зақымдануының арнайы көрінісі
5) жасуша зақымдануының бейнақты көрінісі

33. Жасуша апоптозына тән

1) жасушаның ісінуі
2) қабыну дамуы
3) каспазалар жәнеи эндонуклеазалардың әсерленуі
4) мембраналардың бүлінуі лизосомалық ферменттердің әсерленуі,
5) кариолизис

34. Сыртқы этиологиялық жайттарға жатады

1) конституция
2) жас мөлшері
3) жыныс
4) микроорганизмдер, вирустар
5) дерттік тұқым куалаушылык

35. Ауруды туындататын ішкі жағдайға жататыны

1) тамақтанудың бұзылыстары
2) суықтау
3) конституция
4) жағымсыз әдеттер
5) гиподинамия

36. Сыртқы этиологиялық жайттарға жататыны

1) конституцияның қалыптыдан ауытқуы
2) қарттық шақ
3) ерте балалық шақ
4) өзгерген тұқым қуалауышлық
5) сапасыз тамақтану

37. Ятрогендік аурулардың себебі болуы мүмкін

1) медицина қызметкерлерінің қателері
2) жұқпа
3) науқастың мінез-құлқы теріс болуы
4) организм реактивтілігінің төмендеуі
5) қарқынды дерттік жайттың төтенше әсері

38. Механикалық этиологиялық жайттарға жатады

1) сілтілер
2) төмен температура
3) электр ағымы
4) иондаушы сәуле
5) қысылу

39. Ішкі этиологиялық жайт

1) жыныс
2) бактериялар
3) вибрация
4) иондаушы сәуле
5) шу

40. Патогенездің негізгі тізбегі – бұл

1) патогенездің бастапқы тізбегі
2) алғашқы зақымдану
3) салдарлық зақымдану
4) патогенездің басқа барлық тізбектерін өрістететін тізбек
5) патогенездің жекелеген тізбектері арасында теріс кері байланыстың қалыптасуы

41. Патогенездік емнің негізіне жататыны

1) ауруды туындатқан себебіне әсер ету
2) аурудың әрбір көрінісіне әсер ету
3) организмнің реактивтілігіне әсер ету
4) ауру патогенезінің негізгі тізбегіне әсер ету
5) ауруды туындатқан септік жағдайға әсер ету.

42. Биіктік ауруында бейімделулік-қорғаныстық маңызы бар

1) құрысулар
2) көгеру
3) эритроцитоз
4) қозғалыс тепе-теңдігінің бұзылуы
5) брадипноэ

43. Радиацияға сезімтал тіндерге жатады

1) бауыр, көкбауыр, бүйрек
2) жүйке тіні, қызыл сүйек кемігі
3) қызыл сүйек кемігі, жыныс жасушалары, эпителий
4) сүйек тіні, эпителий, бұлшықет тіні
5) сүйек тіні, жүйке тіні

44. Дизергия дегеніміз

1) тітіркендіргішке организмнің әлсіз жауабы
2) тітіркендіргішке бұрмаланған жауап
3) тітіркендіргішке организм жауабының болмауы
4) тітіркендіргішке организмнің жоғары жауабы
5) тітіркендіргішке организмнің сәйкесті жауабы

45. Әрбір тұлғаның бірегейлігі анықталады

1) түрлік реактивтілікпен
2) организмнің төзімділігімен
3) арнайы емес реактивтілікпен
4) топтық реактивтілікпен
5) даралық реактивтілікпен

46. Клиникалық өлімде жасушалардың тіршілігі әсерінен сақталады:

1) Қан айналымның
2) Анаэробты гликолиздің
3) Тотығудан фосфорланудың
4) Сыртқы тыныстың
5) Тіндік тыныстың

47. Арнайы реактивтілік - бұл

1) бір түрдегі организмнің қоршаған ортаның ықпалдарына жауап қайтару қасиеті
2) әрбір тұлғаның ықпалдарға жауап қайтару қасиеті
3) бір түр топтарының қоршаған орта жайттарының әсеріне жауап қайтару қасиеті
4) организмнің физикалық ықпалдарына жауап қайтару қасиеті
5) организмнің антигенге жауап қайтару қасиеті

48. Арнайы дерттік реактивтілікке мысал болады

1) аллергия
2) түрлік реактивтілік
3) наркоз жағдайындағы реактивтілік
4) сілеймедегі реактивтілік
5) жұқпалы аурудан кейінгі иммунитет

49. Арнайы физиологиялық реактивтілікке жатады

1) сілеймедегі реактивтілік
2) аллергия
3) иммунитет
4) иммунотапшылықты жағдайлар
5) аутоиммундық үрдістер

50. Жануарлардың қысқы ұйқысы мысал болады

1) Жануарлардың қысқы ұйқысы мысал болады
2) даралық реактивтілікке
3) арнайы реактивтілікке
4) түрлік реактивтілікке
5) патологиялық реактивтілікке